Мамандықтың маңызы
Заман талабына сай әлемде мыңдаған мамандықтар қалыптасуда.Әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері мен артықшылықтары болады.Бірі нәзіктікті талап етсе,бірі қарудай күшті керек етеді.Бәрінің мақсаты адамдар мен қоршаған ортаға тиімді бола біліп жақсы істерге бастауы.Ал менің мамандығым нағыз махаббатпен ішкі тыныштықты талап етеді.Себебі,мен балалық шақтың шынайы естеліктері қалатын балабақша қабырғасында қызмет етемін.Балабақша-қарапайым мекеме емес…Ол алғашқы сөз,алғашқы қадам,алғашқы достық пен тәрбие мекені.Бірінші рет ерте тұрып үйрену,ортаға шығып сөз сөйлеу,достар арасында ойын жеткізу,мұғалімнің айтқанын алғаш орындау,бірінші дене жаттығулары,алғашқы әріптер мен ертегілер осының бәрі баланың алғашқы сезімдері.Бұл шынайы сезімдерге тікелей қатысты…