Мамандықтың маңызы
Заман талабына сай әлемде мыңдаған мамандықтар қалыптасуда.Әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері мен артықшылықтары болады.Бірі нәзіктікті талап етсе,бірі қарудай күшті керек етеді.Бәрінің мақсаты адамдар мен қоршаған ортаға тиімді бола біліп жақсы істерге бастауы.Ал менің мамандығым нағыз махаббатпен ішкі тыныштықты талап етеді.Себебі,мен балалық шақтың шынайы естеліктері қалатын балабақша қабырғасында қызмет етемін.Балабақша-қарапайым мекеме емес…Ол алғашқы сөз,алғашқы қадам,алғашқы достық пен тәрбие мекені.Бірінші рет ерте тұрып үйрену,ортаға шығып сөз сөйлеу,достар арасында ойын жеткізу,мұғалімнің айтқанын алғаш орындау,бірінші дене жаттығулары,алғашқы әріптер мен ертегілер осының бәрі баланың алғашқы сезімдері.Бұл шынайы сезімдерге тікелей қатысты жандар біз.Бөбектердің өмір баспалдағының алғашқы сатысына біздің көңіл-күйіміз немесе күннің сәтсіз өткені әсер етпеу керек.Олар енді қалыптасып жатқан өсімдік секілді,сіздің сөздеріңіз жас буынды қиып түспеуі керек.Бұның бәрі біздің толтыратын қағаз бен жылдық қортынды жазбаларымыздан да өте маңызды.Әр тәрбиеші осыны дұрыс түсінгенде қазақ балаларының мейірімді әрі батыл өсетініне сенімім мол.
Тәрбиеші мамандығының басты талаптарына білім беруді,баланы аша білуді,адамгершілік қасиеттері бойына сіңіру білу және бала қабілеттері мен ерекшеліктерін танып оны өсіруге үлес қосу..Сіздің еңбегіңіз өзіңізді және айналаңыздағы сәбилері толықтырып тұратындай биік болуы керек.Бірақ,өкінішке орай Қазақстан статистикасында тәрбиешілер,басшылар мен кіші қызметкерлердің кесірінен мыңдаған балабақша жабылып жатыр.Бәрінің себебі балалар тарапына көрсетілгер агрессия кесірінен. Нақтырақ айтсақ,жыл сайын түскен арыз-шағымдар бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, балалардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактілері бойынша 5 әкімшілік іс қозғалады.Бұндай нашар статистика көрсетілмес үшін балабақшалардағы сапаның жағдайына,қызметкерлердің біліктілігіне, санитарлық және өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына, тамақтардың сапасына, бейнебақылау камераларының жұмысына көп назар аударылуы керек деп есептеймін.Міне,осы жерде мамандық таңдаудың маңыздылығы көрінеді.Басшы бірлестікті,күзетші қорғауды,тәрбиеші балаларды,аспазшы ас әзірлеуді сүйсе үлкен баланс орнайды.Нақтырақ айтсақ,әр қызметкер өз ісін жақсы дәрежеде атқарса,мекеменің дамуы және әр білім алып шыққан сәбидің ризашылығы мол болары сөзсіз.
Ақын, жазушы Хосе хулиан Мартидің мына сөзімен ойымды қорытындылай кетсем: “Ең қиын мамандық -адам боп қалу”. Яғни,өміріңіздің ең басты қағидасы қандай маман болсаңыз да,қандай салада болсаңыз да адамдықтан аттамауыңыз керек.Дүниенің соңынан еремін деп адамдық қасиетімізді, махаббатымызды ұмытпайық!
Авторы:Муттахайқызы Ақсая.
ҚазҰУ журналистика факультетінің 3-курс студенті.
Жетекшісі: Н.Б. Рушанова, аға оқытушы.
