Перейти к содержимому

Санадағы тоқырау

Сана – адамның қоғамда болып жатқан құбылыстарды өзіне қабылдай отырып, ішкі әлемімен ойдың таразысына салып салмақтап қарайтын психологиялық құралы.Сана әлемнің көрінісі,ал әлем адамның саналы әрекеттерінің жиынтығы.Сондықтан ғаламшардағы жалғыз саналы тіршілік адамдар болғандықтан,бәрі өзіміздің қолымызда.

  Бірақ,санамызды пайдамен алмастырып әрекеттерімізде тоқырау пайда болуы.Ең қорқыныштысы қоршаған ортаны ластандыру,қоқыс тастау.Одан әрі кетсе тілі мен дінін ұмыту,еліктеушілікке салынып шетелдің құлы болу.Қолдағы телефон мен желінің зомбиі атанып,қазіргі сәтті сезінбей сол ұялы телефонның ішінде өмір сүру.Бұның бәрі мидағы одан әрі санадағы тоқырау.Жастар арасында киген киімі,ұстаған телефоны,сепкен әтірінің өткірлігіне дейін бақталастық бар.Жылтыраған бет,айнадай әдемі киім,жалт-жұлт еткен әшекей…Міне,бұл нағыз жетістік пен әдемілік деп біледі.Бірақ,Абайдың он сегізінші қара сөзіне  «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық » деп айтылған ұғыммен ешкім санасар емес.Біз осы қалпымызда кете берсек тоқырау емес мәңгүртке айналамыз.Бәрінің алдын алу үшін  Абай атамыз айтпақшы ақылмен,ғылыммен,армен,мінезбен жарысайық.Сонда тоқырау да басқасы да санамызды жаулай алмайды.

 

Авторы:Муттахайқызы Ақсая.

ҚазҰУ журналистика факультетінің 3-курс студенті.

Жетекшісі: Н.Б. Рушанова, аға оқытушы.

0
0
122

Еще по теме

Санадағы тоқырау - Yvision.kz