Аудандық орталық кітапхананың "Coworking" орталығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Шиповских Геннадий Геннадиевич пен Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Тілеп Ибайдулла Тілепұлы және Сарабеков Әділбек Сербайұлы мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесті.
Кездесудегі мақсат- "Nur Otan" партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты бағдарламасын ерекше жандарға түсіндіру және ол азаматтардың талап-тілегін ескеру.
Кездесу барысында Геннадий Геннадиевич алдағы 5 жылда партия тарапынан жүзеге асырылатын жүйелі жұмыстарға жеке-жеке тоқталды.
Ерекше жандар өздерінің өздерінің өзекті мәселелерін айтып, көтерілген проблемалардың оңтайлы шешілуіне ықпал жасалса деген тілектерін жеткізді.