САЙЛАУАЛДЫ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ АШЫЛДЫ.
Бүгін "Nur Otan" партиясы Қазалы аудандық филиалында аудандық сайлауалды штабтың ресми түрде ашылу салтанаты болып өтті.
Салтанатты шараны "Nur Otan" партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық сайлауалды штабтың төрағасы Мәмбетжан Қасқырбек Өмірзақұлы ашып, жүргізіп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.
Штабтың ресми ашылу салтанатына штаб мүшелері, партиялық тізімдегі үміткерлер мен "Jas Otan" Жастар қанатының ерікті жастары қатысты.
Штабтың ашылу шарасында аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, облыстық мәслихатқа үміткер Асанова Роза, Кәсіпкерлік палатасының Қазалы аудандық филиалының директоры, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Еңсепов Кәдірхан сөз сөйлеп, барша жақтастарға жеңіс тіледі.
Сондай-ақ шара барысында "Қ.Сәтбаев"бастауыш партия ұйымының төрайымы Жүсіпова Зейнегүл партиялық тізімдегі үміткерлерге сәттілік тілеп, барша партия мүшелерін бірлікке шақырды.
#NurOtan
#NurOtanДауысБер
