2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 17 МЕКТЕПКЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗЕДІ
Саяси науқанның аяқталуына аз уақыт қалсада, партиялықтардың тынымсыз жұмыстарының арқасында қамтылмаған ауылдар қалмады. Кезекті үгіт барысын Сарыағаш аудандық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясы атынан үміткер С.Төреқұлов Дербісек ауылының тұрғындарымен өткізді.С.Төреқұлов, тұрғындарға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты бағыттары жөнінде айтып өтті. Елді мекен тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Бағдарламаның экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын айтып, бағдарламаның білім беру сапасын дамытуға жағдай жасау туралы бағытында атқарылар жүмыстарға тоқталды.Ауданада үш жасқа дейінгі балалар тәрбиеленетін балабақшалар мен апатты мектептер жоқ, кәсіпорындармен бір…