Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АҒА ҰРПАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ

Бүгін Түркістан облыстық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясынан үміткер Алтынай Айтбаева, Жартытөбе ауылдық округі, Ынтымақ ауылының тұрғыны Сүйінхан Байбатшаевтың отбасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында айтылған бағыттарды айқындап, Түркістан және Сарыағаш ауданы бойынша жасалған бағдарламаларды баяндап берді. Аталмыш бағдарламаға сай, «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында біз медициналық-әлеуметтік мекемелерде қарт адамдардың өмір сүру жағдайына мониторинг жүргізуді жалғастырамыз, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне және зейнет жасындағы адамдарға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге бастамашылық жасаймыз. Барлық жалғызбасты және аса мұқтаж қарт азаматтарға атаулы көмек көрсетіледі. Партия, ынтымақты зейнетақыға жыл сайын инфляция деңгейінен 2%-ға индексация жүргізеді. Зейнетақыны ресімдеу мен тағайындау жөніндегі барлық рәсімдер проактивті форматқа көшіріле отырып, электронды түрде көрсетілетін болады. Қарттардың ауруларын емдеуге мамандандырылған медициналық кадрларды даярлау ұйымдастырылады. Әр өңірде егде жастағы адамдар үшін олардың өмір сапасын, дербестігін, денсаулығын күту мен нығайтуды жақсарту мақсатында Белсенді ұзақ өмір орталықтары ашылады. «Еңбек ардагері» санаты зейнеткерлік жасқа толған және мемлекеттік наградалармен марапатталған азаматтармен толықтырылады.

Сарыағаш ауданы бойынша жасалған бағыттарға тоқталған кандидат, 5-бағыт: Тарих пен мәдениетті дамытуды кеңінен баяндап берді.

«Nur Otan» партиясы біздің қоғамның бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен арттыруды қолдайды. Бүгінде Сарыағаш ауданында 30-дан астам ұлт өкілдері тұрады және 6 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Соның бірі «Тәжік» мәдени орталығы осы Жартытөбе ауылдық округінде орналасқан. Партия бағдарламасын орындауда аталған округтің үлесі жоғары. Ал, «Nur Otan» партиясы: Этностар арасындағы достық пен татулықты нығайту үшін

партияның «Бақытты отбасы» жобасын іске асыруға қатысу. Отбасының рөлін арттыратын және отбасылық құндылықтарды нығайтатын түрлі акциялар мен спорттық шаралар өткізу;

ұлттық бірегейлікті қалыптастыруды және ұлттың мәдени кодын сақтауды, соның ішінде тақырыптық шаралар арқылы Қазақстан халқының бірлігі күнін жалғастыру үшін 915 іс-шара (40 дөңгелек стол, 350 мәдени іс-шара, 215 танымал тұлғалармен кездесу, жастар арасында 150 спорт шаралары, 45 форумдар, 62 түрлі фестивальдар және 50 конференциялар) өткізу;

фокус сарапшы тобын құрып, ұдайы талдау жасау;

«Берекелі шаңырақ» жастар жобасы аясында аналар кеңестерінің жұмысына жағдай жасау;

ел бірлігін нығайту, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумының жұмысын жалғастыру; бірлікті, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайту үшін этномәдени және діни бірлестіктерді белсенді түрде қолдау;

Сарыағаш ауданының көрнекті тумалары мұраларын насихаттау;

мемлекеттік тілді насихаттау, қолдану аясын кеңейту, Қазақстан халқының тілдерін дамыту;

азаматтық қоғамның дамуына және азаматтық белсенділіктің іске асырылуына ықпал ету.

Кездесу соныңда А.Айтбаева ауыл ардагері С.Байбатшаевқа алдағы сайлауда белсенділік танытып, «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
307

Еще по теме

АҒА ҰРПАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ - Yvision.kz