Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ 94%-ы АВТОМАТТАНДЫРЫЛАДЫ

Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтарының бірі ол - халыққа есеп беретін мемлекет және жауапты азаматтар.

Мемлекет пен қоғамның сенім, өзара жауапкершілік, әріптестік, ашықтық және есептік қағидаттары негізіндегі ынтымақтастығы – елдің тұрақты да үдемелі дамуының басты кепілі.

«Болашақ» партия ұйымында ZOOM әлеуметтік жүйесімен осы тақырыптық негізге алған жиын өтті. Жиынға бастауыш ұйымның мүшелері «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасының 17 басымдығының бірі «Азаматтарға қызмет ететін мемлекет» бағыты бойынша баяндама жасалды.

Азаматтардың өмірін жақсартуға, заңның үстемдігін, мемлекеттің транспаренттілігі мен есептілігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік аппараттың тиімді жұмысы – ұлт бірлігінің негізі.

Партия, азаматтар мен мемлекет арасында кері байланыс орната отырып, мемлекеттік аппаратты сапалы түрде трансформациялауды жалғастырады. Сайлауалды уәделерді тиімді іске асыру және мониторингілеу үшін партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы жалғасады, кері байланыстың онлайн құралдары кеңейеді, партиялықтармен өзара қарым-қатынастың жаңа заманауи форматтары енгізіледі. Партияның заңнамалық қызметі қазақстандықтардың өтініштерін жүйелі талдауға негізделеді.

Мемлекеттік органдар жұмысы тиімділігінің негізгі көрсеткіші аралық процесс емес, халықтың әл-ауқатының артуы, өңір мен саланың дамуы түріндегі түпкі нәтиже болады.

Нақты міндеттерді шешуге бір салаға бейімделген мамандарды жеңілдетілген негізде тарту үшін келісімшарттық қызметшілер институты енгізіледі.

Мемлекеттік органдардың барлық ақпараттық базалары әрбір азаматтың цифрлық бейінін жасай отырып, бірыңғай жүйеге интеграцияланады.

Мемлекеттік органдар көрсететін қызметтер 100% автоматтандырылады және электрондық форматқа ауыстырылады, ал көп сұранысқа ие қызмет түрлері проактивті түрде болады.

Азаматтар барлық мемлекеттік қызметтерді бір терезеден ала алатын болады.

Сарыағаш ауданы бойынша «Nur Otan» партиясы: электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді 100%-ға жеткізуге;

ауданның сауда объектілерінің 65 пайызын қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшуіне; төртінші деңгейлі бюджетті бөлу кезінде жергілікті қоғамдастықтың барынша назарын аударуға; аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша іс-шараларды өткізуде үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін іске қосуға; Қоғамдық кеңесте аймақ дамуының өзекті мәселелерін қарауға; аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде жергілікті қоғамдастықтың барынша назарын аударуға; мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне партиялық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге; жергілікті мәслихаттың құзіретін күшейтуге ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай «бір терезе» негізінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 100%-ға, сауда объектілерінің қолма-қол ақшасыз есеп айырысу көрсеткіші 65%-ға жетіп, мемлекеттік қызметтердің 94%-ы автоматтандырылады.

Карантиндік талаптар сақталған түрде өткізілген жиын соңында, партияластар пікір алмасып, алдағы сайлауда белсенді жұмыс атқарылуын қатаң сақталуы ескертілді.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
189

Еще по теме

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ 94%-ы АВТОМАТТАНДЫРЫЛАДЫ - Yvision.kz