2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 17 МЕКТЕПКЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗЕДІ
Саяси науқанның аяқталуына аз уақыт қалсада, партиялықтардың тынымсыз жұмыстарының арқасында қамтылмаған ауылдар қалмады. Кезекті үгіт барысын Сарыағаш аудандық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясы атынан үміткер С.Төреқұлов Дербісек ауылының тұрғындарымен өткізді.
С.Төреқұлов, тұрғындарға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты бағыттары жөнінде айтып өтті. Елді мекен тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Бағдарламаның экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын айтып, бағдарламаның білім беру сапасын дамытуға жағдай жасау туралы бағытында атқарылар жүмыстарға тоқталды.
Ауданада үш жасқа дейінгі балалар тәрбиеленетін балабақшалар мен апатты мектептер жоқ, кәсіпорындармен бірлесіп дуальды оқыту ұйымдастырылған. Сондықтан білім беруде білім беру сапасын арттыруға, білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылатын болады. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін: 17 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге (№11 М.Т.Окороков ж.о.м, №13 Мәнгілік ел ж.о.м, №12 С.Сейфуллин ж.о.м, №53 М,Ғабдуллин ж.о.м ескі ғимараты, №3 М.Ломоносов ж.о.м (2021), №75 Ж.Жабаев ж.о.м, № 52 М.Өтемісұлы ж.о.м, №6 Ж.Аймаутов ж.о.м, №16 И.В.Панфилов ж.о.м, №36 Қ.Тоқмухамедов ж.о.м (2022) №42 Ә.Жангелдин ж.о.м, №8 Айни ж.о.м, №2 А.Сүлейменов ж.о.м (2023), №71 ж.о.м, №35 Б.Ғафуров ж.о.м (2024), №24 Ж.Сүлейменов ж.о.м ескі ғимараты, №58 Ә.Марғұлан ж.о.м (2025); мектептерді пәндік кабинеттермен, оның ішінде робототехника, кең жолақты интернетпен, жаңа модификацияланған кабинеттермен (химия, биология, физика) кезең-кезеңімен жабдықталуына; жоғары және бірінші санатты мұғалімдер құрамын 80%-ға дейін арттыруға;
жыл сайын 560 педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыруға; аудан көлемінде 3050 аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына мектептерден 130 Bilimbook, Республикалық бюджеттен 477 компьютер, 3488 ноутбук, 873 планшет, яғни 100% компьютерлік құрылғыларымен қамтамасыз етіліп, қашықтықтан білім алуға жағдай жасауға; 2020-2021 оқу жылының І тоқсанында барлық оқушыларға «BilimLand білім беру платформасы» және «Zoom платформасымен» видео конференциялар, ашылған чаттар арқылы сабақтар өз деңгейінде өткізілуіне; 1-4 сыныптарда ата-аналардың өтінішітеріне сәйкес кезекші топтар (10 оқушыдан артық емес) ұйымдастырылып, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, штаттық режимде дәстүрлі сабақтарды, шағын жинақты 2 мектепте №42 Ә.Жангельдин (Дарбаза а/о, Тасқұдық елді мекені), №43 Әл-Фараби (Әлімтау а/о Тасқұдық елді мекені) санитарлық талаптарды сақтай отырып, штаттық режимде дәстүрлі сабақтарды өткізуге ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай ҰБТ-да 100 және одан көп балл жинаған мектеп түлектерінің үлесі 26 %-ға артады.
«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.
