Перейти к содержимому
userfacebook435403300954964

Sariagash Nur Otan

@userfacebook435403300954964

На сайте с 19 ноября 2020 г.Казахстан, Сарыагаш

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

100

постов

171

комменты

0

подписчика

4

подписок

0

ОКРУГТЕГІ ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫҒА САЛЫНДЫ

Кездесу барысында ауылдық округтің проблемалық мәселелері талқыланды. Онда аумақта қордаланған шешімін табуы қажет мәселелер тізбегі қаралып, аймақ басшысы толғандырып отырған жайттарты ретімен атып, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Бірінші кезекте тұрған мәлелер өз кезегінде шешімін тауып, алдағы уақытта басқада мәселелер шешілетінін жеткізді.

ЭТНООРТАЛЫҚТАРДЫҢ КӨШБАСШЫЛАРЫ БІРЛІКТІ ҚАЛАЙДЫ

Елімізде түрлі халық өкілдерінің бір-біріне деген достық, өзара түсіністік және сыйластық дәстүрі бұрыннан қалыптасқан. Олардың өзіндік төл мәдениетін сақтауына және дамытуына жағдай және мүмкіндіктер бірдей жасалған. Елбасы және Мемлекет басшысының көреген саясаты арқасында қазақстандықтардың еркін таңдау жасауға құқығы бар: бұл - лайықты өмір сүруге, өз мәдениетін, тілін, дәстүр-салтын зерттеп-біліп қана қоймай, өздерін республиканың тең құқылы азаматтары ретінде сезінудің заңды және шынайы мүмкіндіктер берілгендігі туралы сөз етіп, алдағы уақыттарда да тәуелсіз еліміздің бұдан әрі дамуына этностарда күш салатынын айтты.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ -МЕНІҢ ТІЛІМ

Аудандық форумның жалпы мақсаты қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, тіл мәдениетін дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу. Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді үйрету, ұлттық сананың рухани жаңғыруының өзегі ретінде қазақ тілінің даму бағыттарын кәсіби негізде ілгерілету болып табылады. Форум барысында «Ана тілім- асыл мұрам, ардағым» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылса, форумның ашылуымен құттықтау сөзі «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев сөз сөйледі. Сонымен қатар «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты тақырыпта «Тілдерді оқыту және дамыту орталығының» КММ директоры Алма Кенжебаева Тіл саясатын іске асыру мақсатында аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды баяндады. Этнос өкі…

0
0
146

МЕНІҢ ТУЫМ-МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ

Барша Сарыағаштықтарды патриоттыққа және мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге шақырған іс-шара аудандық мәдениет үйінің алдында ұйымдастырылып, "Nur Otan" партиясының мүшелері, еріктілер, жастар мен жас әншілер қатысты.

Бұл – нағыз қазақстандық патрио­тизм! Бүгінгі акцияның негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздерімізді насихаттау арқылы оларға құрмет көрсету, азаматтардың туған еліне деген патриоттық сезімін ояту.

Іс-шара барысында патриоттық әннен шашу шашылып, шараны қыздыра түсті.

0
0
145

САЯСИ КЕҢЕС БЮРОСЫ ӨТТІ

Отырыстың күн тәртібінде, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс XLI конференциясын өткізу тәртібі мен күн тәртібінің жобасын қалыптастыру мәселесі қаралды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев хабарлама жасады. Бюро мүшелері аудандық конференцияның күн тәртібінде қаралатын мәселелерді бір ауыздан мақұлдады. Саяси кеңес Бюросының Қаулысы қабылданды.

1
0
173

ДЕПУТАТ ЖАСТАРДЫ ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына 1 қыркүйек күні жолдаған жолдауын, аудан жастары арасында кеңінен талқылау мақсатында Сарыағаш аудандық маслихатының депутаты Ш.Жарылкасимов ауданың белсенді жастарымен дөңгелек үстел өткізді. Ш. Жарылкасимов жолдауда айтылған жұмыстарды жүзеге асыру үшін нақты атқарылатын жұмыстарды жастармен бөлісті. Жастар да өз пікірлерін айтып, халық қалаулысына сұрақтар қойып,өз ойларымен бөлісті.

0
0
114

КЕЗЕКТЕН ТЫС XLI КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ.

Сарыағаш аудандық филиалының кезектен тыс XLI конференциясына партия филиалы төрағасы Мұхит Баймуханбетұлы төрағалық жасады. Конференция жұмысына бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 55 делегаттың 54 қатысты. Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Олар: «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасын бекіту; Облыстық партиялық тізімге кандидаттарды бекіту және ұсыну; Сарыағаш аудандық сайлау комиссиясына «Nur Otan» партиясынан ұсынылатын партиялық тізімді талқылау және бекіту; «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XL конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер қаралды.Конференция барысында облысқа үміткер 16 кандидаттың арасында жария пікір сайыс өтті, жиын соңында делегаттар өз таңдауын жасап 8 үміткер облысқа ұсынылды. Аудандық пра…

0
0
126

ЖАСТАР МЕН ӘЙЕЛДЕРГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛДІ

Конференцияда облыстық мәслихатқа 16 үміткер дебатқа қатысып, 54 делегат алдында ауданның әлеуметтік экономикалық жағдайларын жақсарту, ауданның қордаланып қалған өзекті мәселелерінің шешу жолдарын ортаға салды. Сұрақтарға жауап берді. Облыстық мәслихатқа 8 үміткер анықталды. Олардың 4-уі яғни 50 пайызы әйел азаматтары болса, 25 пайызы жастарды құрап отыр.Сондай-ақ аудандық мәслихатқа 44 үміткердің тізімі ұсынылды. Ондағы әйелдердің үлес саны 14, яғни 31,8 пайызды құрады Атап өтетін жайт VI шақырылымдағы мәслихат корпусында 14 депутат арасында бірде-бір әйел азаматы жоқ болатын. Ал 35 жасқа дейінгі жастар саны 2 ден 10 ға дейін артқалы отыр.Аудандық мәслихатқа ұсынылғандардың орташа жасы 42-де.Сапалық құрамы төмендегіше:Басқару саласынан-1, кәсіпкерлер-14, қоғамдық бірлестіктерден-2, ауыл…

0
0
106

ҚҰРЫЛЫСТАР ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА

"Nur Otan" партиясы Сарыағаш аудандық филиалының Сарыағаш бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Құтты мекен» партиялық жобасы аясында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарына рейдттік іс-шара жүргізді. Іс-шара барысында құрылыс жүргізіп жатқан мердігер мекемелерге құрылыстың уақытылы аяқталуы мен сапалы жүргізілуін айтты.

0
0
131

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МОЛ МҮМКІНШІЛІК ӘКЕЛУДЕ

Жолдаудың екінші «Жаңа жағдайдағы экономикалық даму» бөлігінде Президент «Əлемдік нарықтың мүлде жаңа ахуалына дайын болу керек» деп және ол үшін ол үшін басты 7 қағидатты көрсетті. Соның бірі «Жеке кəсіпкерліктің жетекші рөлі».Осы орайда «Әсем-ай» ЖШС-нде аудандық мәслихаттағы партия фракциясы мүшелерінің, шағын бизнес өкілдері мен жеке кәсіпкерлер бас қосып, Президент Жолдауындағы бағыттарға тоқталып, талқылау жасап, сонымен қатар, партиялық бағдарламаның іске асырылуын талқылау бойынша жиын өткізді. Өз кезегінде сөз алғандар, Партиялық бағдарлама мен Президент Жолдауының кәсіпкерлер үшін мол мүмкіншіліктердің көзі екенін айтты. Елдегі болып жатқан пандемия салдарынан зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерліктерге тигізген залалдардың кесірінен көптеген жеке кәсіпкерлер өз жұмыстарын то…

0
0
125