Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ -МЕНІҢ ТІЛІМ

Аудандық форумның жалпы мақсаты қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, тіл мәдениетін дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу. Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді үйрету, ұлттық сананың рухани жаңғыруының өзегі ретінде қазақ тілінің даму бағыттарын кәсіби негізде ілгерілету болып табылады. Форум барысында «Ана тілім- асыл мұрам, ардағым» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылса, форумның ашылуымен құттықтау сөзі «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев сөз сөйледі. Сонымен қатар «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты тақырыпта «Тілдерді оқыту және дамыту орталығының» КММ директоры Алма Кенжебаева Тіл саясатын іске асыру мақсатында аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды баяндады. Этнос өкілдерінің мемлекеттік тілге деген пікірі тыңдалып, этнос жастарының Мемлекеттік тіл туралы өлең шумақтарымен қорытындыланды.

0
0
146

Еще по теме

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ -МЕНІҢ ТІЛІМ - Yvision.kz