Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖАСТАР МЕН ӘЙЕЛДЕРГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛДІ

Конференцияда облыстық мәслихатқа 16 үміткер дебатқа қатысып, 54 делегат алдында ауданның әлеуметтік экономикалық жағдайларын жақсарту, ауданның қордаланып қалған өзекті мәселелерінің шешу жолдарын ортаға салды. Сұрақтарға жауап берді. Облыстық мәслихатқа 8 үміткер анықталды. Олардың 4-уі яғни 50 пайызы әйел азаматтары болса, 25 пайызы жастарды құрап отыр.

Сондай-ақ аудандық мәслихатқа 44 үміткердің тізімі ұсынылды. Ондағы әйелдердің үлес саны 14, яғни 31,8 пайызды құрады Атап өтетін жайт VI шақырылымдағы мәслихат корпусында 14 депутат арасында бірде-бір әйел азаматы жоқ болатын. Ал 35 жасқа дейінгі жастар саны 2 ден 10 ға дейін артқалы отыр.

Аудандық мәслихатқа ұсынылғандардың орташа жасы 42-де.

Сапалық құрамы төмендегіше:

Басқару саласынан-1, кәсіпкерлер-14, қоғамдық бірлестіктерден-2, ауыл шаруашылық саласынан-4, квази мемлекеттік сектордан – 2, білім саласынан-12, медицина саласынан-2 және тағы басқа саладан-7 адам.

0
0
107

Еще по теме

ЖАСТАР МЕН ӘЙЕЛДЕРГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛДІ - Yvision.kz