Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МОЛ МҮМКІНШІЛІК ӘКЕЛУДЕ

Жолдаудың екінші «Жаңа жағдайдағы экономикалық даму» бөлігінде Президент «Əлемдік нарықтың мүлде жаңа ахуалына дайын болу керек» деп және ол үшін ол үшін басты 7 қағидатты көрсетті. Соның бірі «Жеке кəсіпкерліктің жетекші рөлі».

Осы орайда «Әсем-ай» ЖШС-нде аудандық мәслихаттағы партия фракциясы мүшелерінің, шағын бизнес өкілдері мен жеке кәсіпкерлер бас қосып, Президент Жолдауындағы бағыттарға тоқталып, талқылау жасап, сонымен қатар, партиялық бағдарламаның іске асырылуын талқылау бойынша жиын өткізді. Өз кезегінде сөз алғандар, Партиялық бағдарлама мен Президент Жолдауының кәсіпкерлер үшін мол мүмкіншіліктердің көзі екенін айтты. Елдегі болып жатқан пандемия салдарынан зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерліктерге тигізген залалдардың кесірінен көптеген жеке кәсіпкерлер өз жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болды. Жұмыстары тұралап қалды. Ал, жолдау аяққа тұруға бағыт беріп, мемлекеттің қашанда кәсіпкерлерге қолдау білдіретіндігін көрсетіп жатқанын атап өтті.

0
0
126

Еще по теме

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МОЛ МҮМКІНШІЛІК ӘКЕЛУДЕ - Yvision.kz