Әдебиет
Барлықтарыңыз ертегі тыңдаған шығарсыздар ия? Менде де кішкентай кезімнен ертегі тыңдағанды қатты жақсы көретін едім. Әкем мен анам (4 жасымнан бастап, деп айтсам өтірік емес шығар) ертегі айтып беретін еді күнде жатарда. Кейін анамның "бақа" туралы ертегісімен, әкемнің "шәйтән" туралы қорқытып уйықтататын ертегісін жаттап алдым. Қызық емес қайта-қайта бір ертегіні тыңдай берген. Сол күні жыладым "басқа айт, басқасын!" деп, сөйтіп сол күні дәу мамам(Қалжан) жанына алып жатып мен тыңдамаған басқасын айтып берді. Ертесі күні әкем мен анам мектептің кітапханасынан үлкеен екі қазақша, бір орысша ертегі кітабын алып кепті. Сонымен күнде суретін көріп, көз алдыма кейіпкерлерді елестетіп, жап жаңа ертегі тыңдап ұйықтайтын болдым. Әдебиетке деген қызығушылығым осы кезден басталды деп айтсам болад…