Yvision — myvision.
Міне, дәл қазір менің yvision-дағы оқу-өндірістік тәжірибем аяқталады. Мен yvision-ға дейін айналамда соншалықты қызық және бірегей көзқарастардың қалқып жүргенін байқамаған екенмін. Ал бұл жерде жасы, жынысы, әлеуметтік деңгейлері, мамандықтары әртүрлі тіркелушілердің жеке пікірін білу - маған адамтану ғылымы сияқты болып көрінді. Тіпті сыртынан бақылап оқысаң да, сен қолданушының қызығушылықтары мен ұстанымдарын оқи аласың. Мен өз пікірімді ашық білдіре алдым. Менің блогым - маған өзімнің жеке радиом, теледидарым сияқты. Университет қабырғасында біз мәтіннің жазудың теориясын меңгерсек, yvision маған теорияны практикаға айналдыруыма мүмкіндік сыйлады. Оның үстіне екі есе ауыр жауапкершілікті де қолыма ұстатты. Әр айтқан сөзім үшін мен нағыз ересек журналист ретінде жауап беретінімді түс…