Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Yvision — myvision.

Міне, дәл қазір менің yvision-дағы оқу-өндірістік тәжірибем аяқталады.

Мен yvision-ға дейін айналамда соншалықты қызық және бірегей көзқарастардың қалқып жүргенін байқамаған екенмін. Ал бұл жерде жасы, жынысы, әлеуметтік деңгейлері, мамандықтары әртүрлі тіркелушілердің жеке пікірін білу - маған адамтану ғылымы сияқты болып көрінді.  Тіпті сыртынан бақылап оқысаң да, сен қолданушының қызығушылықтары мен ұстанымдарын оқи аласың.

Мен өз пікірімді ашық білдіре алдым. Менің блогым - маған өзімнің жеке радиом, теледидарым сияқты. Университет қабырғасында біз мәтіннің жазудың теориясын меңгерсек, yvision маған теорияны практикаға айналдыруыма мүмкіндік сыйлады. Оның үстіне екі есе ауыр жауапкершілікті де қолыма ұстатты. Әр айтқан сөзім үшін мен нағыз ересек журналист ретінде жауап беретінімді түсіндім.

Yvision- заманауи отандық өнім. Ол маған, менің қатарластарым мен басқа да қазақстандық жастарға азаматтық пікірін білдіріп, оны қорғауға үйретеді. "Сыни" комментарийлерді адекватты түрде қабылдап, қателіктерді түзеткізеді. Блог-платформаның ең басты ерекшелігі - еркін тақырыптығы. Кез келген тақырыпты, кез келген мәселені талдауға, (аморалдықтан басқа, әрине) шектеу қоймайды. Дәл осындай азат ортада тәжірибеден өткенім келешекте өзіме үлкен сеп болатынына ризамын.

0
0
327

Еще по теме

Yvision — myvision. - Yvision.kz