СЫРДАҒЫ СЫРШЫЛ МҰРАЖАЙ
Сыр еліндегі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Журналистика мамандығы бойынша ІХ Республикалық пәндік олимпиада өтіп жатыр. Додаға келген болашақ журналистер университет мұражайын аралады. 80 жылдық тарихы бар оқу орынының мұражайында университетті әр жылдары басқарған басшылары мен профессор-оқытушылардың жетістіктері қойылған. Айта кетейік, 1937жылы Кореядан қуғынға ұшыраған корейліктер Қызылордаға бас сауғалаған. Кейін осында корейлердің ықпалымен институт құрылады. Арада 45 жылдан соң Жамбыл политехникалық институтының филиалы ретінде іргетасы қаланады. Уақыт өте келе Гоголь атындағы педагогикалық институтпен бірігіп, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті деген жаңа атау беріледі. Қазіргі таңда білім ордасы 9 мамандық бойынша Phd докторлары, 60…