Yvision.kz
kk
Разное
399 780 постов43 подписчика
Всяко-разно
3
04:06, 14 марта 2017

ӨМІР ЕСЕБІ ДЕ АЛГЕБРА МЕН ГЕОМЕТРИЯДАН ТҰРАДЫ

Мектепте оқып жүргенімізде алгебра мен геометриядан беретін ағайымыз таңбадан қате кетсе, есеп дұрыс шықпайды деуші еді.  Сол кезде біз ол кісінің осы сөзін тар мағынасында түсінген екенбіз. Уақыт өте сары ауыз балапан күйінен айығып, ес жиған соң еске алсақ, шын мәнінде айтқыш ұстазымыздың сөзінде үлкен мән бар екен. Жылдар өткен соң енді ғана түсініп жүрміз. Өмірде кездескен, әр қиындық, әрбір күрес бізді шыңдалуға, бір істі бастарда жан-жағын өлшеуге, есеп сабағындағыдай таңбадан қателеспеуге үйретті. Өмір есебінде қосылғыш пен қосындылардың нәтижесінде қандай қорытынды шығатынын нұсқады. Бірте-бірте бой да ой да үйренген соң, әр істің астарын, ақыл-ой өлшеміне салып, таразыға қалай тартқанда өзгеге еншімізді  жібермейтінімізді ұқтық.

Тағы бірде өмірдің өзі математика. Адамға берілген 24 сағат та, салынған үйдің өлшемі де, жейтін тамағың мен киер киімің де, дәм-тұзың таусылар уақытың да бәрі есеп дейтін. Мысалға көшеде жас қыз келе жатыр делік. Айналасы қаптаған еркек. Қыз алдынан кездескен арықтан аттауы керек болды. Секірейін десе, белдемшесі тар, сонда да секірді. Бірақ, абырой тапты ма? Жоқ. Демек, қыз киім кию есебінен жаңылды. Санадағы сұлу, әрі сәнді болып көріну есебі дұрыс шықпады деген сөз. Оңай шешемі табылатын  есепті күрделі формуламен шешуге тырысты. Соңында ұят пен ар-абырой есебінен айрылды дегенге саяды.

Бұл тек математика ғылымының өзіне ғана арналған қатаң ереже емес. Талайлар шеше алмай кеткен, тіпті, Лев Толстойдың өзі шеше алмаған жұмбақ. Қанша заман, қанша ғұлама жауабын нақтыламаған құрықсыз, ізі жоқ есеп.

Алла Тағалада адамды жаратқанда намаз оқуға, құлшылық жасауға, ұйқы мен еңбекке уақыт берген. Елдер  мен мұхиттардың да, күн мен түннің де арасын тепе-теңдікті сақтай отырып жаратқан. Әрі әрбір  еңбегінің, кез келген жаратқан пендесі мен мақұлығын қалыпқа салғанда да есебінен жаңылмаған. Бірақ, өз уақытын кім қалай пайдаланады, оны жұмыр басты пенде өзі ғана шешеді. Тек, бұл өмір екен ғой, құдай беріп тұрған ғұмырды пайдаланып қалайын, сәті бір-ақ рет келетін мүмкіндікті уысымнан шығарып алмайын деп көзге көрінгенге ұрыну бекершілік. Сіздің осы бастамаңыз ішкі есебіңізге салғанда жауабы қандай болмақ? Соңында сізге немесе айналаңызға зияны тиіп кетпей ме? Қай жағынан тиімді: материалдық яки, рухани тұрғыда ма? Бастысы аталған сұрақтардың жауабын дәлдеп алыңыз. Сонда сіздің өмір есебіңізден жаңылмайтыныңыз анық.

Ал сізді қоршаған адамдардың күнделікті есебі қандай болмақ? Қосу мен алу, көбейту мен бөлу өз орнында ма? Нәтижесін өзіңіз ойша бағамдай беріңіз. Тек таңбадан қате кетіп жүрмесін. «Ми» деген қозғалтқышты «маторлы жүрек» деп аталатын тоқ көзіне жақсылап жалғаңыз. Әйтпесе, осы уақытқа дейін атқарған істеріңіз, арман-мұраттарыңыз опасыз дүниенің құрбаны болып жүрер.

 
3
864
0