СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР ҚУАНТАДЫ
СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР ҚУАНТАДЫДана халқымыз «Тәні саудың -жаны сау» немесе «Бірінші байлық-денсаулық»,- деп бекер айтпаған. Себебі, салауатты өмір сүрудің алғы шарттарының бірі – спорттың адам өмірінде алатын орны, тәрбиелік мәні ерекше. Міне, осындай салауаттылықты басты ұстаным еткен аудандағы спорт мектептері бүгінде жетістіктерден кенде емес. Осы орайда аудандық спортшыларымыздың не бары екі ай шамасында алған асулары мен жетістіктері ауыз толтырып айтуға тұрарлық.Әсіресе, тек ауданның ғана емес қазақ елінің көк байрағын көтеріп, намысын қорғап жүрген аудандық спортшыларымыз біздің мақтанышымыз. Атап айтар болсақ, қазан айындағы алғашқы жеңіс спорттың таеквондо түрінен Ресей федерациясының Омск қаласында өткен V халықаралық турнирде өнер көрсеткен №19 Арал ауданының олимпиадал…