Перейти к содержимому
orazali

orazali

На сайте с 20 ноября 2023 г.

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

103

постов

626

комменты

0

подписчика

2

подписки

2

Беларусьте парламент сайлауы өтті

Беларусь парламентінің төменгі палатасы толығымен сайланды. Бұл туалы елдің орталық сайлау комиссиясының төрағасы Игорь Карпенко хабарлады.

Фото: REUTERS

«Беларусь Республикасы Ұлттық жиын Өкілдер палатасының барлық 110 депутаты сайланды», – делінген ОСК хабарламасында.

Беларусьте парламент сайлауы кеше, яғни 25 ақпанда өткен болатын. Дауыс беруге елдегі саулаушылардың 73,09%-ы келіпті. Бұл күні жергілікті кеңес депутаттары да таңдалған.

0
0
222

Мектептегі медицинаның былықтары ашылды

Прокурорлық тексеру барысында медициналық қызмет көрсетпеу, сонымен қатар жарамдылық мерізімі өткен дәрілік заттарды сақтау фактілері анықталды.

Фото: med.mcfr.kz

2022 жылдан бастап Қарағанды қаласының мектептерінде 3 мыңға жуық оқушыға медициналық қызмет көрсетілмегені анықталды.

Мектептердің бірінің медициналық кабинетінде аллергиялық және шок реакциясының ауыр түрлерінде шұғыл емдеудің бір бөлігі ретінде қолданылатын, жарамдылық мерзімі өткен, «Преднизолон» ампулалары сақталған.

Облыстың басқа мектептерінде жарамдылық мерзімі 5-7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілік препараттар табылды.

Қадағалау шараларымен мерзімі өткен дәрі-дәрмектер жойылды, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылып, 7000 баланың құқықтары қорғалды.

Қарағанды облысы прокуратурасының ресми сайты

0
0
230

Қарағандыдағы машина жасау зауытында өрт шықты

06-32 Қарағанды қаласында А. Бөкейханов атындағы ауданда "Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты" ЖШС аумағында цехтың шатырында өрт шықты.

ТЖД жоғары шақыру дәрежесі бойынша жұмыс істеуде, сол жерде жеке құрамның ТЖД 58 адамы және 16 техникасы жұмыс істеуде.

t.me/qr_tjm

0
0
243

Мобильді аударымның жыры әлі бітпепті

Мобильді аударым 255 мың теңгеден асса, салық органының бақылауына алынуы мүмкін.

Фото: gov.kz
Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.
Үш ай бойы 100 адамнан  мобильді аударым қабылдап келгендердің, ақша аударымдары үш еселенген, ең төменгі жалақыдан асқан жағдайда ол адам тәуекел тізіміне енгізілуі мүмкін.
Министр бұл ұсыныс Үкіметте қаралып жатқанын жеткізді.  

@qazaqstantv

0
0
200

"Майқайыңалтынның" жұмысы тоқтады

«Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасы жұмысын тоқтатты.

Қордағы алтын рудасы таусылған. Себебі қаңтардағы апаттан соң шахталарда жұмыс істеуге тыйым салынған еді.
Ал кеншілер 1,5 айдан бері жаппай еңбек демалысында. Енді оларға фабрикадағы мамандар қосылды.

«Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасы 10 мыңнан аса халқы бар Майқайың кентіндегі тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын болып есептеледі.

@qazaqstantv

0
0
344

Астанадағы жиһаз цехында алапат өрт болып жатыр 

08-44-те Астана қ.,ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Көктал к., бойынша жоғары
дәрежеде шақырылды.

Дереу елордалық өрт сөндірушілер өртті сөндіруге кірісті. Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы ұйымдастырылған. Алдын ала ауданы 500 ш.м.
Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 54 адам және 12 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығының 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

@press_TJM

0
0
235

Еліміз дүниежүзілік банктің пандемия қорынан 46 млн доллар өтеусіз грант алды

Астанада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, БҰҰ-ның ҚР-дағы тұрақты үйлестірушісі Микаэль Фриберг-Сторидің, ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі доктор Скендер Сыланың,  Пандемия қорының атқарушы директоры Прия Басудың, дипломатиялық миссиялар өкілдерінің қатысуымен Пандемия қорының гранты ресми түрде іске қосылды.Пандемия қорының қаражаты елдің денсаулық сақтау жүйесінің эпидемиологиялық қадағалау, шекаралық бақылау, зертханалық қауіпсіздік, ерте анықтау және ден қою, сондай-ақ персоналды оқыту саласындағы міндеттерін шешуге бағытталатын болады.ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисі осы гранттың елде іске асырылуын үйлестіреді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жалпы техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.Қазақстан ДДҰ Еуропалық өңірінің 36 елінің біріне…

0
0
195

Елімізде отандық туристер саны артып келеді

Өткен жылдың 9 айының қорытындысы бойынша отандық туристер саны артқан. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ержан Маржықпаев мәлім етті.«Өткен жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 5,4 млн отандық азамат ел ішінде саяхат жасады. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 550 мың адамға көп. Биыл жыл қорытындысы бойынша ішкі туристер саны 9 млн адамға жетеді деп болжанып отыр», - деді Ержан Маржықпаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.Министрдің айтуынша, шетелдік туристер санының айтарлықтай өсуі байқалады.«2023 жылдың алғашқы 9 айында бұл көрсеткіш 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе өсіп, 830 мыңнан аса адамға жетті. Аталған кезеңде қонақ үйлер, демалыс базалары, жатақханалар және басқа да орналастыру орындары 175 млрд теңгеден астам табыс тапты. Бұл алдыңғы жы…

0
0
460

Семей жарықсыз қалды

Семей қаласында бір мезетте жарық өшіп қалды.

Шамамен 10 минуттай уақыт қала жарықсыз болды. Қазір қайта қалпына келтірілді. Бірақ кейбір аудандарда электр жарығымен қоса су берілмеген.
Абай облысында қарлы боранның салдарынан жолда қалғандар тікұшақпен құтқарылып жатыр. Тікұшақпен қар құрсауынан 29 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланды.

@qazaqstantv

0
0
335

Ресейліктер Херсон бағытында жер асты қаласын жасадық дейді. Қалаға ұқсамайды

Ресейлік әскерилер «Днепр» әскер тобының жеке құрамы үшін Херсон бағытында жерасты қаласын салыпты.

«Біз бұл жерде жер асы қаласын жасадық. Бұл жеке құрамды артиллериялық снарядтардан, жарықшақ тиюінен, коптерден атқылаудан сақтауға арналған», – дейді «Днепр» әскер тобының өкілі.

Бірақ бұл қалаға ұқсамайды. Барақ деуге болады.

0
0
1235