Мобильді аударымның жыры әлі бітпепті
Мобильді аударым 255 мың теңгеден асса, салық органының бақылауына алынуы мүмкін.

Фото: gov.kz
Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.
Үш ай бойы 100 адамнан мобильді аударым қабылдап келгендердің, ақша аударымдары үш еселенген, ең төменгі жалақыдан асқан жағдайда ол адам тәуекел тізіміне енгізілуі мүмкін.
Министр бұл ұсыныс Үкіметте қаралып жатқанын жеткізді.
@qazaqstantv