Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖАСТАРЫМЫЗ ЗАҢДЫЛЫҚТАРДЫ БІЛГЕНІ ЖӨН

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Мәңгілік Ел» идеясын Қазақстан халқының жарқын болашағы үшін қабылдаған өте маңызды және тарихи мәнге ие құжат «Бес институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған нақты 100 қадам» атты бағдарламаның идеологиялық негізі етіп алды.

Мұндағы «Біртектілік пен бірлік» реформасында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел — үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, азаматтық біртектілікті нығайтудың «Менің елім» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, т.б. нақты қадамдар жүзеге асыру көзделді. Міне, қазірдің өзінде осы бағыттарда ауқымдар жұмыстар атқарылып та үлгерді.

Қазіргі кездегі жаһандану үдерісі, қолжетімді ақпараттар легі жастардың бойына ақпараттарды електен өткізе білу, теріс пиғылды идеологияларға қарсы тұра білетін иммунитетті қалыптастыруды қажет етеді. Өйткені жат пиғылды ағымдардың ықпалына еріп, экстремистік әрекеттердің қатарын толықтырушылар жастар болып отырғаны белгілі. Жастардың мұндай әрекетке баруының басты себебі ретінде олардың білім, сауаттылық деңгейінің төмендігін айтуға болады. Экстремистік идеялар халықты өзінің ертеден келе жатқан бай рухани құндылықтары мен салт-дәстүрінен бас тартқыза отырып, мәдени, тарихи, рухани санасын жойып жіберуді көздейді. Мұндай идеология кез келген мемлекет секілді Қазақстан қоғамының да ішкі тұрақтылығына елеулі қатер төндіреді.

Қазақстан тағдыры үшін, өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында ең бағалы құндылығымыз — егемендігімізді сақтап, мұратымызға айналған «Мәңгілік Ел» болу идеясын жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ету — бәріміз үшін сын. Мемлекетімізде жастардың толық білім алуына, ізденуіне, өзі қалаған мамандығының иесі атануына барлық жағдай жасалған. Тек сол мүмкіндікті мүлтіксіз пайдалана білейік.

Жастарға қатысты айтқанда, бүгінгі заман ағымына сай жетіліп келе жатқан буынның заңдылықтарды да жетік білуін қалар едік. Өйткені еңбек қатынастарының қай түрінде де, тіпті өз кәсібіңді ілгері бастыру үшін де заң әліппесін білуің керек.

Дереккөз: www.aktobegazeti.kz

 
0
0
360

Еще по теме

ЖАСТАРЫМЫЗ ЗАҢДЫЛЫҚТАРДЫ БІЛГЕНІ ЖӨН - Yvision.kz