«БІЗГЕ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚ КЕРЕК»
Биыл ел Тәуелсіздігіне тура 25 жыл толады. Осынау баға жетпес байлық бізге оңайлықпен келген жоқ. Елдік пен еркіндік таразыға тартылған талай тар жол, тайғақ кешуді бастан өткерген ата-баба ерлігі – ұрпаққа үлгі, өшпес өнеге. Ал, бүгінгі жастар оны қаншалықты сезініп отыр? Осыған орай «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Бопылдықовтың ойын білген едік. - Арамызда «ұлтжандылық» деген сөзді басқа ұғымдармен шатастырып, шын мәнін терең түсіне бермейтін жастар бар. Ал, шын мәнінде оның төркіні «тәуелсіздік» деген киелі құндылықтан туындайды. Егемен елдің ұрпағы ұлтын жан-тәнімен сүйсе ғана, бабалар аңсаған еркіндік сақталады. Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан даласында қарша бораған оқ пен лаулаған оттың ортасында жүріп, Отанын қорғап қалған…