Перейти к содержимому
makala

Iskernews.kz порталы

@makala

На сайте с 17 февраля 2014 г.Казахстан, Алматы

Iskernews.kz порталына жарнама беріңіз және өзіңізді, компанияңызды іскерлердің арасында танылтыңыз!

рейтинг

100

постов

389

комменты

1

подписчика

4

подписки

4

ҚАЗАҚТАРДЫ ҚАЙРАН ҚАЛДЫРҒАН ҚЫЗ

alt
ХVІІ жазғы Азия ойындарындағы Қазақстан делегациясына бөлінген жергілікті аудармашылардың арасында бір қыз қазақша жақсы сөйлейді, - деп жазады Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.
Қазақстан делегациясына бөлінген жергілікті аудармашылардың арасында бір жас жігіт орыс тілінде тәп-тәуір сөйлейді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қызметкерлерімен немесе біздің спортшылармен жүргенінде жиі кездесіп қаламыз. Кейде жұмыс бабымен Инчхондағы Қазақстан журналистеріне де келіп тұрады. Әу баста-ақ өзін Андрей деп атауымызды өтінген. Өзінің айтуы бойынша, Санкт-Петербургте оқыған. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
0
0
250

ТІЛДІҢ ДАМУЫН НЕ ТЕЖЕЙДІ?

alt
Бүгінгі таңда елімізде бала тәрбиесі мен денсаулығына қатысы бар әрбір ұйымда логопедтің кабинеті жұмыс істейді. Бірақ қалалықтар үшін оның өзі аздық етеді екен. Сол себепті де олар үйден оқытатын репетитор мамандардың көмегіне мұқтаж. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
0
0
238

ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Кеше Жастар сарайында екі аптадан астам уақытқа созылған Қазақстан халқы тілдерінің ХVІ фестивалінің жабылу салтанаты өтті. Шара 1989 жылдың 22 қыр­күйегінде елімізде тұңғыш қабыл­данған «Тіл туралы» заң­ның 25 жыл­дық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Осыны атап өткен Астана қаласы тілдерді да­мыту басқармасының басшысы Ербол Тілешов сол уақыттан бері мемлекеттік тіл төңі­регінде шешіл­мей келе жат­қан күрмеулі мәселелерді сөз қылды. Әсіресе, кейбір азаматттардың қазақша тіл сындыра алмауын қынжыла айтқан ол: «25 жылда сан ұрпақ дүниеге келді. Сол ке­зеңдегі оқушы бала мектеп бітірді, университетті аяқтады, алды магистратураны тәмамдады, ана-әке болып отыр, бірақ әлі де біздің Кеңес өкіметін көрмеген, Тәуелсіз заманда өмір сүріп отырған жас­тарымыздың арасында өзінің ана тілін білмей келе жа…

0
0
480

«СЕНҚАЗАҚ» САЙТЫ НЕГЕ ЖАБЫЛДЫ?

alt
Бүгінгі заман ақпараттық заман екенін ешкім жоққа шығармайды. Көрші үй түгілі, алты құрлықтың арғы бетіндегі қазір болып жатқан оқиғаны қазір естіп, біліп, көріп отырмыз. Бұл қазақ елінің ақпараттық дамуда әлемдік көштен қалыспай келе жатқанының көрінісі. Тіпті, бұл көштен Қазақстаннан тысқары жерлерде тұратын қазақтарда шет қалған емес. Солардың ішінде интернет сайттары ерекше дамығаны – Қытайдағы қандастарымыз. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
0
0
220

«СЕНҚАЗАҚ» САЙТЫ НЕГЕ ЖАБЫЛДЫ?

alt
Бүгінгі заман ақпараттық заман екенін ешкім жоққа шығармайды. Көрші үй түгілі, алты құрлықтың арғы бетіндегі қазір болып жатқан оқиғаны қазір естіп, біліп, көріп отырмыз. Бұл қазақ елінің ақпараттық дамуда әлемдік көштен қалыспай келе жатқанының көрінісі. Тіпті, бұл көштен Қазақстаннан тысқары жерлерде тұратын қазақтарда шет қалған емес. Солардың ішінде интернет сайттары ерекше дамығаны – Қытайдағы қандастарымыз. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
0
0
289

ОРЫСТАР ОҚУДЫ ҚОЙДЫ

alt
Ресейліктердің үштен бірінен астамы кітап оқымайды - қоғамдық пікір.
Әлеуметтанушылар Ресейде оқырмандар саны қысқара түскенін тіркеуде - ресейліктердің үштен бірінен астамы қолына кітап алмайды, төрттен үші оған 50 рубльден артық ақша шығындауға әзір емес, дегенмен кітаптарды интернет желісінен қотарып алушылар саны артып келеді, әрбір бесінші оқырман әдебиеттермен интернет арқылы танысады, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығына сілтеме жасап. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
0
0
202

ІЛГЕРІ БІР БАСПАҒАН ІСҚАҒАЗДАРДЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖҮРГІЗІЛУІНЕ НЕ КЕДЕРГІ?

Қазақ тілінің бүгінгі қолданысының дамуы жедел, келешегі кемел болмай тұрғандығын айта-айта айналадағы елдерден ұят болды. Мемлекеттік тілдің өз деңгейінде мәртебе ала алмай отырғандығын қоғамдағы болып жатқан әр істен аңғаруға болады. Бүтіндей бір мемлекет ретінде іркілген тұсымыз осы болып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілді өңірлердегі іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіруді тапсырғалы қашан. «Қазір қазақша сөйлейтін халқы 70 пайыздан асқан өңірдің барлығы қазақ тіліне көшу керек. Бізде қазақ тілін меңгерген халқы аз өңірлер бар, бұл жерлерде екі тілді саясат сақталуға тиіс, алайда қазақтілді халқы басым ауылдарда іс жүргізуді қазақ тілінде енгізе аламыз», – деген еді Елбасы біраз жыл бұрын. Қазақ тілінің қол­данысы ісқағаз жүзінде де толыққанды жүргізіліп отырмағандығын әркім…

0
0
575

ЖАСТАР КІТАП ОҚИ МА?

600228 516067861781584 1478148116 n ЖАСТАР КІТАП ОҚИ МА?

Технология дамыған сайын, кітап оқушылар қарасы азайып бара жатқандығы жасырын емес. Ұялы телефон мен планшеттерінен-ақ кітап оқуды жөн санайтындар қатары көбеюде. Сонда да кітапты қолға ұстап, беттерін парақтап оқудан рахат табатындар да жоғалмаған болар? Астаналықтар кітап оқи ма? Қандай шығармаларды оқиды? Осы сұрақтар бізді Астанадағы ең үлкен кітап дүкендеріне – «Абай» мен «Астана кітапқа» жетеледі. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
1406

«ДЕМОНСТРАТИВТІ» ҚОҒАМ

Біз осы кімге нені дәлелдеу үшін өмір сүріп жүрміз? Әрбір іс-әрекетіміздегі шынайылық пен жасандылықтың ара-жігін білеміз бе? Өзгенің ойы мен пікірінен қаншалықты азатпыз?Бәрібір, қандай киім кисек те, не тұтынсақ та «бұл туралы жұрт не ойлайды?» деген сұрақ көкейіміздің түкпіріндежаңғырып тұратын сияқты. Бұны ғылымда «демонстративті тұтыну» деген ұғыммен сипаттайды, яғни адам белгілі бір тауарлар мен қызметтерді пайдаланғанда өзінің бар байлығын өзгелерге көз қылу үшін ауқымды қаражат жұмсайды. «Демонстративті тұтынуды» алғаш байқап, ғылыми айналымға енгізген ХІХ ғасырда өмір сүрген американ ғалымы, экономист-әлеуметтанушы Торстейн Веблен болатын. «Әл-ауқатты класс теориясы» кітабында Веблен жоғары таптың өзінің үстемдігін, байлығын көрсету үшін барынша бағалы тауарларды тұтынуын қарасты…

0
0
641