«ДЕМОНСТРАТИВТІ» ҚОҒАМ
![]()
Біз осы кімге нені дәлелдеу үшін өмір сүріп жүрміз? Әрбір іс-әрекетіміздегі шынайылық пен жасандылықтың ара-жігін білеміз бе? Өзгенің ойы мен пікірінен қаншалықты азатпыз?
Бәрібір, қандай киім кисек те, не тұтынсақ та «бұл туралы жұрт не ойлайды?» деген сұрақ көкейіміздің түкпіріндежаңғырып тұратын сияқты. Бұны ғылымда «демонстративті тұтыну» деген ұғыммен сипаттайды, яғни адам белгілі бір тауарлар мен қызметтерді пайдаланғанда өзінің бар байлығын өзгелерге көз қылу үшін ауқымды қаражат жұмсайды.
«Демонстративті тұтынуды» алғаш байқап, ғылыми айналымға енгізген ХІХ ғасырда өмір сүрген американ ғалымы, экономист-әлеуметтанушы Торстейн Веблен болатын. «Әл-ауқатты класс теориясы» кітабында Веблен жоғары таптың өзінің үстемдігін, байлығын көрсету үшін барынша бағалы тауарларды тұтынуын қарастырған болатын. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
