Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ERA 6064 ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Кеше Жастар сарайында екі аптадан астам уақытқа созылған Қазақстан халқы тілдерінің ХVІ фестивалінің жабылу салтанаты өтті.

Шара 1989 жылдың 22 қыр­күйегінде елімізде тұңғыш қабыл­данған «Тіл туралы» заң­ның 25 жыл­дық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Осыны атап өткен Астана қаласы тілдерді да­мыту басқармасының басшысы Ербол Тілешов сол уақыттан бері мемлекеттік тіл төңі­регінде шешіл­мей келе жат­қан күрмеулі мәселелерді сөз қылды. Әсіресе, кейбір азаматттардың қазақша тіл сындыра алмауын қынжыла айтқан ол: «25 жылда сан ұрпақ дүниеге келді. Сол ке­зеңдегі оқушы бала мектеп бітірді, университетті аяқтады, алды магистратураны тәмамдады, ана-әке болып отыр, бірақ әлі де біздің Кеңес өкіметін көрмеген, Тәуелсіз заманда өмір сүріп отырған жас­тарымыздың арасында өзінің ана тілін білмей келе жатқандар баршылық» деді. Оның айтуынша, Астанада қазақ ба­лаларының 15 па­йы­зы орыс мек­теп­терінде бі­лім алуда. Ата-ана­лар­дың мұнысын түсін­бей­тіндігін жеткізген басқарма басшысы сөзін отбасылық тәрбиеге әкеліп тіреді. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

 
0
0
481

Еще по теме

ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ - Yvision.kz