КАПИТАН СЭНД
ды, сонда да болса ол бейшаралардың су бетінде қалқып уақытша жан сақтай тұрарлық әлдері бар-ды. Боцман Говиктың қайық сынығына Тоғызыншы тарау КАПИТАН СЭНД Адам айтқысыз мына апат «Пилигрим» жолаушыларының есін алып, жанын түршіктірді. Капитан Гуль мен бес матростың қазасы жүйке құртқандай аса ауыр әсер қалдырды. Үрейлі апатты көзбен көріп, өлім тырнағындағы жолдастарға жәрдем ете алмаудан қиын не бар! Тіптен Диктің өзімен жолдастары да жаралыларды судан шығаруға жете алмай қалды. Апат болған жерге «Пилигрим» жүзіп жеткен кезде капитан Гуль мен бес матрос қайтпас сапарға кеткен еді. Миссис Уэлдон, Бенедикт ағай және бес негр көз жастарын көлдетіп құлазып жатқан теңіз бетіне тұнжырай қарасып қалды... Жақын маңдағы құрғақ жерден мың миль шамасы қашықта, ұшы-қиыры жоқ тынық мұхиттың қақ орт…