ЕКІНШІ БӨЛІМ
ЕКІНШІ БӨЛІМ
Пользователь пока ничего не рассказал о себе.
рейтинг
100
постов
41
комменты
1
подписчиков
0
подписок
0
рейтинг
100
постов
41
комменты
1
подписчиков
0
подписок
0
ЕКІНШІ БӨЛІМ
ЕКІНШІ БӨЛІМ Бірінші тарау ҚҰЛ САУДАСЫ Құл саудасы! Бұл үрейлі сөздің не сөз екендігі және оның адамзат тілінде орны болмауға тиістігі жұртқа мәлім! Мұхиттың ар жағында отар елдері бар еуропалық ұлттар мына сияқты масқаралық адам саудасынан мол пайда түсіріп, бұл саудамен ұзақ уақыт шұғылдануда. Құл саудасына тыйым салынғанына көп болды, дегенмен көп жерлерде етек алып, әсіресе Орталық Африкада күні бүгінге дейін1 дәуір сүруде. Оның үстіне XIX ғасырдың орта кезінде өздерін мәдениеттіміз деп атайтын кейбір мемлекеттер адам саудасына тыйым салу жөніндегі актіге қолдарын қоюдан бас тартты. Көп адамдар, құл саудасына, былай айтқанда, адамды сатуға немесе сатып алуға әлдеқашан тыйым салынған деп шамалайды. Дұрыс емес! Біздің заманымызда, жер шарының бір бөлегін қаңыратып елсіз қалдыру қаупін т…
Екінші тарау ГЭРРИС ПЕН НЕГОРО Дик Сэнд бастаған кішкене отрядтың қонып жатқан жерінен үш мильдей қашық тоғай ішінде екі адам кездесе кетті. Олар – Гэррис пен Негоро еді. Бұлар қалың өскен папирус өсімдігінің арасымен бұраңдай аққан ағысы қатты бір жыраның кемеріндегі жуан ағаштың түбіне келіп отырды. Бұл екеуі біріне-бірінің кездесіп тұрғаны осы ғана, енді олар соңғы шақтардағы бастарынан кешірген уақиғаларын әңгіме ете бастады. – Сөйтіп, Гэррис, – деді Негоро, – «капитан» Сэндтің отрядын әлде де болса Анголаның алыс түкпіріне таман алыстата түсуіңе мүмкіндік болмады ма? Өздері сол он бес жасар баланы осылай атайды ғой. – Жоқ, достым, – деп жауап хатты Гэррис. Оларды амалдап жағалаудан кем дегенде жүз миль алыстатып әкеттім, бұған да шүкірлік ету керек! Соңғы күндерде менің «жас достым»…
Үшінші тарау ЖАҒАЛАУДАН ЖҮЗ МИЛЬ ҚАШЫҚТЫҚТА «Африка!.. Экваторлық Африка!..» Бұл үрейлі сөз Диктің құлағында өне бойы ызыңдады да тұрды. Өткен жұманың ішінде болған уақиғаларды есіне түсіріп, бала жігіт сол сұрақтардың жауабын іздестірді. «Пилигримді» осы үрейлі жағалауға келтірген нендей себеп? Оның Горн мүйісін айналып, бір мұхиттан екінші мұхитқа өтуіне не себеп болды? «Пилигрим» өзінің жүруге тиісті мөлшерлі жолынан екі есе артық жүрді, оның үстіне орасан тез жүрді ғой, сонда да болса көпке дейін жер қарасын көре алмадық, бұл қалай? Диктің ендігі жерде өзіне-өзінің беретін сауалы осы ғана. «Африка!.. Африка!..» деп қайталады Дик Сэнд. Жұмбақты сапардың кезінде бірінің артынан бірі кезіккен күллі уақиғаны Дик Сэнд есіне түсірді. Қосалқы компастың қалай сынғанын, лагтың арқаны үзіліп, с…
Төртінші тарау АНГОЛАНЫҢ ҚИЫН ЖОЛЫНДА Сол сәтте кішкентай Джек оянып кетті де, титімдей қолдарымен анасының мойнынан құшақтады. Баланың көз жанары жайнап тұр. Безгегі қайталап ұстамады. – Тәуірмісің, қарашығым? – деп сұрады миссис Уэлдон бөбегін бауырына қысып. – Иә, мама, – деді Джек. – Бірақ шөлдеп қалыппын, сусын берші. Салқын судан басқа оған анасының берері де жоқ еді. – Менің Дик достым қайда? – деп сұрады бала бірнеше жұтым су жұтып, таңдайын жібіткен соң. – Мен мұндамын, Джек, – деді де, Дик Сэнд баланың қасына келіп қолын ұстады. – Ал менің Геркулес достым ше? – Геркулес мұнда, – деп алып негр Джекке күлімсіреп жауап қатты. – Ал ат қайда? – деп ол сұрағын сабақтай берді. – Ат жоқ, Джек! Қашып кетіпті! Саған енді мен ат боламын. Маған мініп жүргің келмей ме? – Мінгенде қандай, – д…
Бесінші тарау ТЕРМИТ ҰЯСЫНДА ТЕРМИТТЕРТУРАЛЫ ЛЕКЦИЯ Бұл баспананың ойда жоқта табыла қалуы жолаушылар үшін үлкен бақыт еді. Бірнеше минуттан соң кәдімгі айта беретін тропиктік нөсер басталды. Жаңбыр тамшылап қана қоймай, тура шелектеп құйды. Кей-кейде көктен құйылған тасқын су құламасындай боп сарылдап ақты. Көк әлемнің ұшы-қиырсыз су қоймасы үсті астына қарай аударылып кетіп, барлық суы лақ етіп жерге құйылған сияқтанды. Мұндай сел лездің арасында жазық жерді көлге, жыраны өзенге айналдырып жібере алады, өзендер арнасынан шығып, жазық даланың талай жерін су басады. Африкада нөсерлі жаңбыр ұдайы бірнеше күн тынбай жауады, жылы белдеуден Африканың айырмасы осы. Бір жақсы жері, термит күмбезінің қабырғасы су өтпейтін қалың екен. Күмбездің төбесінен Ниагар өзенінің суы тұтас ақтарылса да іші…
Алтыншы тарау СҮҢГУІРЛЕР КҮМБЕЗІ Күтпеген жерден мойындауға тура келіп, Дик Сэнд жас келіншекке жауап қайыратын сөз таппады. Бірақ миссис Уэлдон да одан жауап күтіп тұрмаған-ды. Жас әйел кері бұрылып, тоқтатқанша болмай, өз орнына, бөбегінің қасына барды. Сөйтіп, миссис Уэлдон бәрін де біледі екен. Шамасы, соңғы күндердегі уақиғалар келіншектің көңіліне күдік салып, мұның шындыққа айналуына Бенедикт ағайдың «Африка» деген жалғыз ауыз сөзінің өзі-ақ жеткілікті болған. «Миссис Уэлдон бәрін де біледі екен! – деді Дик өзіне- өзі. – Біле берсін, қайта білгені жақсы. Білсе де көңілі жабығып, еңсесі түскен түрі жоқ, демек, менің уайымдауым бекер болған». Дик енді таң атып, күн шыққанын асыға күтті. Ол таң шапағы білінісімен маңайды шолып, кішкене отрядты Атлант мұхитына жеткізетін өзенді іздемек…
Жетінші тарау КУАНЗА ЖАҒАЛАУЫНДАҒЫ ЛАГЕРЬ Термиттер қаласы тұрған ойпат су астында қалып, көлге айналған соң, маңайдағы жер адам танығысыз боп өзгеріп кеткен еді. Су басқан алапта тек бірнеше күмбездің төбесі ғана қылтиып көрінеді. Түнімен сабалап жауған нөсер Куанза өзеніне құятын салалардың бәрін тасытып, өзеннің өзін де кемерінен шығарып жіберіпті. Куанза – Анголадағы үлкен өзендердің бірі, бұл «Пилигрим» қираған жерден жүз миль шамасы қашықтан барып Атлант мұхитына құяды. Диктің кеме жүзе алатын өзенді солтүстіктен іздеуі өте дұрыс еді. Отряд жағалап келе жатқан сала тіп-тіке барып Куанзаға құяды екен. Егер Дик Сэнд жергілікті халықтың қапыл шабуылына кезікпесе, термиттер қаласынан бір миль ұзамай-ақ, сол өзенді табатыны сөзсіз. Отряд қиналмай-ақ сал жасап алып, сонымен өзенді төмен а…
Сегізінші тарау ДИК СЭНДТІҢ ЖАЗУ ДӘПТЕРІНЕН Нөсерлі жаңбыр құйып өтті, бірақ аспан әлемі әлі ашылған жоқ, түнеріп тұр. Экваторлық Африкада «мазика» деп аталатын жылдың жаңбырлы маусымының екінші кезеңі сәуір айында басталады. Бұл кезде жауған жаңбыр екі жетіге, кейде тіптен үш жетіге созылып, көбінесе түнде жауады. Еріксіздер керуені үшін бұл да қосымша ауыр жағдай болды. Керуен таңертеңгі бұлыңғыр тұманға араласа көшіп, Куанза өзенінен алыстап, тіп-тіке шығысқа қарай тартты. Керуеннің алдында елу солдат, шамалысы екі жақ қанатта, ендігі қалған елу солдат артта келе жатыр. Мұндай жағдайда қол-аяғы бұғаудан бос адамның да қашып құтыла қоюы екіталай. Еріксіздер қатары араласып кетті. Әйелдер, ересектер, үлкен кісілер мен жас балалар. Ал айдаушылар еріксіздерді ұрып-соғуға ерінер емес, шыбыр…
Тоғызыншы тарау КАЗОНДЕ Майдың жиырма алтысы күні құлдар керуені Казонде қаласына жетіп тоқтады. Тұтқынға алынып құлдыққа сатылатындардың тең жарымы жолда қырылған-ды. Сонда да болса құл саудагерлері көп пайда табамыз деген зор үмітпен келді: құл алушылар әлі азайған жоқ-ты, Африка базарларында құлдың бағасы көтеріңкі еді. Ол кезде негр саудасының ең зорын Ангола жүргізіп жатқан. Португалияның Сан-Паоло де-Лоанд пен Бенгуэлладағы жергілікті үкіметтері қырсыз, босаң болғандықтан еріксіздер керуені материктің ішкі өлкелеріндегі ит мұрны өткісіз қалың ормандары арасымен жөнелтіліп жатты. Жағалаудағы барактар қара тұтқындарға лық тола. Африка жағалауын күзетіп жүрген Португалия кемелеріне соқпай, аман өтіп жүрген еріксіздер тиелген кемелердің шағын тобы Испания отарларына жөнелтуге арналған «…