АДАМ-БАЛЫҚ
ЖОЛДА Екінші бөлім Ихтиандр жолға тез жиналды. Ол жағаға жасырған киімі мен башмақтарын суырып алып, пышақ салатын қыны бар белбеуімен әлгілерді арқасына шандып байлады. Көзілдірігі мен биялайын киді де сапарға шықты. Рио-де-Ла-Плата шығанағында көптеген мұхит пароходтары мен кемелер, қайықтар мен баркастар тұрған. Олардың ара-арасында сусылдай жүзіп жүкші катерлер жүр. Су астынан қарағанда, әлгілердің түптері су бетіндегі жан-жаққа бытырай жайылған су қоңыздарын еске түсіргендей. Зәкір шынжырлары мен жұп-жуан темір сымдары су асты самырсындарының жіптіктей жіңішке шыршалары іспетті көрінеді екен. Шығанақтың түбі тау-тау боп үйілген нешеме түрлі қалдықтарға толы, мұнда не жоқ дерсің: темір сүймен де, тас көмір үйіндісі де, қоқыс та, шлангтердің кесінділері де, желкендердің тілімдері де, б…