Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АДАМ-БАЛЫҚ

 

ЖОЛДА

 

Екінші бөлім

 

Ихтиандр жолға тез жиналды. Ол жағаға жасырған киімі мен башмақтарын суырып алып, пышақ салатын қыны бар белбеуімен әлгілерді арқасына шандып байлады. Көзілдірігі мен биялайын киді де сапарға шықты.

 

Рио-де-Ла-Плата шығанағында көптеген мұхит пароходтары мен кемелер, қайықтар мен баркастар тұрған. Олардың ара-арасында сусылдай жүзіп жүкші катерлер жүр. Су астынан қарағанда, әлгілердің түптері су бетіндегі жан-жаққа бытырай жайылған су қоңыздарын еске түсіргендей. Зәкір шынжырлары мен жұп-жуан темір сымдары су асты самырсындарының жіптіктей жіңішке шыршалары іспетті көрінеді екен. Шығанақтың түбі тау-тау боп үйілген нешеме түрлі қалдықтарға толы, мұнда не жоқ дерсің: темір сүймен де, тас көмір үйіндісі де, қоқыс та, шлангтердің кесінділері де, желкендердің тілімдері де, бидон да, кірпіш те, сынған шишалар да, қалбырлар деймісің, әйтеуір, бықыған бірдеңе, ал жағаға жақындай түссең, иттер мен мысықтардың мүрделеріне шейін жатыр.

 

Су бетін жұқа ғана мұнай көбіктері жапқан. Күн әлі ұясына қонбаған, бірақ су астында жасыл-сұр түсті ымырт үйіріле бастаған шақ-ты. Шығанақтың суын лайландыратын құм мен тұнбаны мұнда әкелетін Парана өзені еді.

 

127

 

Егер шығанаққа кеп қосылатын осынау өзен ағысы болмаса, Ихтиандрдың мына кемелер шытырманы арасында адасып кетуі де ықтимал еді. «Ғажап, бұл адамдар неткен салақ еді» деп ойлады ол су астындағы қоқыр-соқыр үйінділерге жиіркене қарап. Ол шығанақтың орта тұсымен, кемелердің түптеріне жақын тереңдікте малтып келе жатқан. Шығанақтың мына лай суында ол ыссы бөлмеде тұншығуға айналған кісі тәрізді тынысы тарылып, берекесі кетті.

Кей тұстарда оған су түбінде жатқан адамдардың мүрделері мен малдардың қаңқалары жолығысып қалып отырды. Әнебір еліктің бас сүйегі жарылған, ал мойнынан тас байланған арқан ұшы аңғарылады. Демек, бұл арада әлдекімнің қылмысы көмулі жатыр. Ихтиандр осынау жексұрын маңнан тезірек құтылуға асықты.

 

Бірақ ол шығанақты бойлай неғұрлым жоғары өрлеген сайын, қарсы ағыстың да қатты серпінін сезіне бастады. Малтуы қиындай түсті. Мұхитта да мұндай ағыстар кезігетін, бірақ олар бұған көмектесетін: өйткені жігіт олардың бағытын білетін-ді. Оңтайлы соққан желді пайдаланатын теңізші тәрізді ол да мұндай ағыстарды өз мүддесіне асыра білетін. Ал мына тұста жалғыз ғана қарсы ағыс бар екен. Ихтиандр тәжірибелі жүзгіштердің бірі еді де, оны ілгері тым баяу жылжуы қынжылтып келе жатқан.

 

Кенет әлдене тым жақын жерден, мұны соға жаздап зу етіп өте шықты. Сөйтсе ол кемелердің бірінен тасталған зәкір екен. «Әйтсе де, бұл арада жүзу қауіпсіз емес екен» деген ой келді де, Ихтиандр жан-жағына зер сала қаранды. Сөйтсе арт жағынан өзіне таяп кеп қалған кемені аңғарды.

 

Ихтиандр енді төмен сүңги жөнелді, кеме тап үстінен өте бергенде, соның астыңғы жақтау теміріне жармасты. Әлгі темірге жабысқан қауашақтар біршама екен, солар мұның қолымен мықтап ұстауына септігін тигізді. Тап мынадай

 

128

 

күйде су астында жатуы да аса оңтайлы емес, бірақ соның есесіне кеме сүйрегендіктен, оның жүзу шапшаңдығы артты.

 

Атырау аяқталды да, кеме енді Парана өзенімен жүзіп келе жатты. Өзендегі лай тұнба адам айтқысыз екен. Оның үстіне мынадай тұщы суда Ихтиандрдың тынысы тарылатын. Оның қолдары қарысып қалған, бірақ кемеден де айырылғысы жоқ-ты. «Бұл сапарға Лидингпен бірге аттанбағаным өкінішті-ақ!» деп ол дельфинді де есіне алды. Бірақ өзенге шықса дельфин өліп те кетер ме еді. Лидинг бүкіл сапар бойы су астымен жүзіп бара алмас еді ғой, ал Ихтиандр су бетіне көтерілуге қауіптенетін, өйткені өткен-кеткен жүргіншілер ығы-жығы болатын.

 

Ихтиандрдың қолдарынан әл кете бастады. Оның үстіне ол аш еді, күні бойы нәр татпаған. Амалсыздан аялдауына тура келген еді. Ол кеменің түбіндегі шығыңқы темірден босанып, өзен түбіне қарай сүңги жөнелді.

 

Қараңғылық қоюлана түскен. Ихтиандр тұнбалы өзен түбін сипалап көрді. Бірақ қолына не жалпақ камбала, не устрица қабыршағы ілікпеді. Оның о жақ, бұ жағынан тұщы суда өсетін балықтар зулап өтіп жатты, бірақ оларды ұстау тәсілін біле бермейтін, оған бұлар теңіз балықтарынан гөрі қулау көрінетін. Бұларды ұстау оңай емес-ті. Тек түн қараңғылығы әбден түскенде, балықтар ұйқыға шомғанда барып, оның қолына бір ірі шортан ілікті. Еті қаттылау, әрі балдыр дәмді болады екен, бірақ әбден ашыққан жігіт оны түйір-түйірімен, сүйек-мүйектерімен қоса асап, рақаттана жеді.

 

Енді демалуы керек еді. Бұл өзенде бір жақсысы, жайын балықтан немесе сегізаяқтардан қорықпай ұйықтап алуына болатын. Тек ұйықтап жатқанда, ағыстың төмен қарай қақпақылдап ала жөнелгенінен сақтануы қажет. Ихтиандр өзен түбінен жақпар тастар тауып, оларды жал етіп бір жерге жиып, төсек салды да, соның біреуін құшақтай жатып ұйқыға шомды.

 

129

 

Әйтсе де, ол ұзақ ұйықтай алмады. Көп ұзамай-ақ ол өзіне таяп қалған кемені сезінді. Ихтиандр көзін ашып еді – кеменің белгі шамын аңғарды. Кеме төменгі жақтан келе жатыр екен. Жігіт орнынан ұшып тұрды да, әлгі кемеге жабыса кетпек болып оңтайланды. Сөйтсе мұнысы түбі жып-жылтыр моторлы қайық болып шықты. Ихтиандр қолға бірдеңе іліктірем бе деп қарбанып жүріп, ескек винтіне ілігіп кете жаздады.

 

Ихтиандр ақыры өзен бойымен жоғары өрлей жүзген жүргіншілер кемесіне жармасып үлгергенше, ағысты бойлай төмен қарай талай кемелер өтті.

 

Парана қаласына Ихтиандр өстіп жүріп жетті. Оның сапарының алғашқы бөлігі аяқталды. Ал бұдан да ауыр бөлігі

 

– жер бетіндегі сапары жатқан-ды.

 

Таң біліне, Ихтиандр қаланың у-шулы айлағын артқа тастап,

 

жүзіп отырып елсіз жерге жетті де, жан-жағын бағдарлап барып жағаға шықты. Ол көзілдірігі мен саусақты биялайын шешіп, оларды жағалаудағы құм арасына жасырды, костюмін күнге кептіріп алып киді. Қыртыс-тыртыс киімдерімен ол қайыршыға ұқсайтын. Бірақ оны уайым ғып жатқан бұл жоқ-ты.

 

Ихтиандр Ольсен айтқан оң жақ жағалаумен жүріп отырып, қарсы кезіккен балықшылардан Педро Зуританың «Долорес» атты мекен-жайының қай жерде екенін сұрастырумен болды.

 

Балықшылар оған сезіктене бір қарап қойып, бастарын шайқасады.

 

Уақыт зымырап өтіп жатты, күн болса ысып барады, ал ізденісінен әлі түк өнген жоқ-ты. Жер бетінде жүргенде онсыз да бейтаныс болғандықтан ба, Ихтиандрдың жол табуы қиынға түсетін-ді. Аптап ыстық азапқа салды, басы айнала бастады, ол, тегі, есеңгіреуге айналды.

 

Бойын сергітпекке Ихтиандр бірнеше рет шешініп, суға сүңгіп те алды.

 

130

 

Ақыры күндізгі сағат төрттердің кезінде сәті түсіп бір қарт шаруаға жолықты, түріне қарағанда жалшы болса керек.

 

– Сен мына даламен былай, төтелеп тарт. Бір үлкен тоғанға жетесің, көпірден өтесің, содан шағын төбешікке шыға келесің, әне, сол жерден өзіне керек мұртты Долорес ханымды табасың.

 

– Мұрттысы несі? «Долорес» дегеніңіз – мекен-жай емес пе?

 

– Иә, мекен-жай. Бірақ сол үйдің иесі – кәрі кемпірді де Долорес деп атайды. Долорес – Педро Зуританың шешесі. Жұп-жуан мұртты кемпір. Оған жұмысқа жалдана көрме. Тірідей жеп қояды. Нағыз мыстан. Зурита жас әйел алған деседі. Ол байғұсқа ана енесі күн көрсетпес-ақ, – деп бәрін ақтарып салды сөзуар шаруа.

 

«Гуттиэрені айтып тұр ғой» деп ойлады Ихтиандр.

 

– Ә, ол алыс па? – деп сұрады ол.

 

– Кешке дейін жетесің, – деп жауап қатты қария, күнге бір қарап қойып.

 

Ихтиандр қарияға алғысын айтып, бидай мен жүгері егілген егістікті бойлай тартылған сүрлеу жолға түсіп, жүгіре басып кете барды. Тым тез жүргендікі ме, шаршауға айналды. Жолы кұрғыр ақ лента тәрізді шұбатылып таусылар емес, түге. Бидай алқабы ақыры жайылымға ұласты, онда бір отар қой жайылып жүр екен.

 

Ихтиандр әбден қалжырады, бүйірлерін әлдене түйнеп ауыртып барады. Қаталап келеді. Төңіректен – жұтым су табылар түрі жоқ. «Тоғанға тезірек жетсем екен!» деп қояды іштей Ихтиандр. Екі жағы суалып, көздері шүңірейіп кеткен, тынысын алқына, әрең-әрең алады. Қарны ашты. Бірақ бұл жерде оған тамақ қайда? Әне, алысырақтағы жасыл шалғында қойшысы мен иттері бірдей күзеткен бір отар қой жайылып жатыр. Тас дуалдың ар жағынан шабдалы мен апельсин ағаштары және салбырап пісіп тұрған жемістері көрінеді.

 

131

 

Мұндағы дүниенің бәрі мұхиттағыдай емес. Мұндағының бәрі жат кісінікі, бәрін бөліп тастаған, бәрін қоршап тастаған, бәріне күзет қойылған. Тек иесіз саналатын құстар ғана еркін ұшып, жол бойында қиқу салып жүргені. Бірақ оларды ұстап ала алмайсың. Жә, сосын оларды ұстауға болар ма екен өзі? Бәлкім, оларға да ие табылып қалуы. Иә, мұнда су қоймалары, бақшалар мен мал табындары арасында жүріп-ақ, аштан немесе шөлден өліп кетуің оп-оңай.

 

Ихтиандрға қарсы екі қолын артына ұстаған, жылтыр түймелі ак китель, ақ қалпақ киген, белдігінде оқшантайы бар жұп-жуан бір кісі келе жатыр екен.

 

– Айтыңызшы, «Долорес» мекен-жайы әлі алыс па? – деп сұрады Ихтиандр.

 

Жуан кісі Ихтиандрға күдіктене қарады,

 

– Иә, саған не керек еді? Қайдан келе жатырсың?

 

– Буэнос-Айрестен... – Кительді кісі сұқтана қалды.

 

– Менің онда біреулерді көруім керек еді, – деп қосып қойды Ихтиандр.

 

– Қолыңды соз, – деді әлгі месқарын. Мұнысы Ихтиандрды қайран қалдырды, бірақ мұнысын жамандыққа жорымады да, ол қолын созды. Месқарын қалтасынан «білезік» (қол кісенін) суырып алды да, оларды Ихтиандрдың қолдарына тез-тез салып, кілттей қойды.

 

– Әп, бәлем, қолға түстің бе, – деп күңкілдеді әлгі жылтыр түймелі кісі, сосын Ихтиандрды бүйірінен бір түртіп қап, ақырып жіберді: –Жүр! Мен сені «Долореске» жеткізейін.

– Менің қолымды неге кісендедіңіз? – деп сұрады Ихтиандр таңырқай, өзі қолдарын жоғары көтере, әлгі білезікке қарап тұрып.

 

– Жап аузыңды! – деп қатқыл үнмен ақыра сөйледі месқарын. – Жә, жүр!

Ихтиандр басы салбыраған күйі, жол бойымен сүметіліп кете барды. Кері қайтармағаны мұндай жақсы болар ма?!

 

132

 

Ол өзінің нендей күйге ұшырағанын түсінбей келе жатқан. Ол өткен түні көршілес бір фермада кісі өлімі және үй тонау болғанынан, қазір полицияның шарқ ұрып қылмыскерді іздестіріп жатқанынан бейхабар еді. Үсті-басының қыртыс-тыртыс күйімен өзгелерге сезік тудырғанын сезген жоқ. Сапарының түпкі мақсаты туралы айтқан екіұшты жауаптары оның тағдырын біржолата шешкенді.

 

Полицей оны тұтқындап, енді Ихтиандрды Паранаға, түрмеге аттандырып салу үшін жақын маңдағы ауылдардың біріне айдап әкеле жатқан.

 

Ихтиандр бір ғана жайтты түсінген: ол бас бостандығынан айырылды, демек, оның сапарына өкінішті бір кедергінің пайда болғаны.

 

Ол сәті түскен жағдайда қайтсе де өз басын дереу босатып алуға бекінді.

 

Сәті түскеніне мәз жуан полицей масайрап, ұп-ұзын сигарасын сораптауға кіріскен. Ол арт жақта да, ал түтіні жел қуалап Ихтиандрды тұншықтыруға айналған. Ихтиандр алқына бастаған.

 

– Түтіндетпей қоя тұршы, тынысым тарылып барады, – деді ол артына бұрылып, айдаушысына қарап.

 

– Не-е? Темекі тартпа дейді, ә? Ха-ха-ха! – полицей күліп жіберді, беті жиырылып, әжімденіп шыға келді. – Қарай гөр, науетектігін! – деді жігіттің бетіне қарай бір будақ түтінді үрлеп жіберіп: – Жөнел!

 

Жігіттің бағынбасқа лажы қалмады. Ақыры Ихтиандрдың көзі көпірлі тоғанды шалып қалды да, еріксіз жүрісін шапшаңдата бастады.

 

– Долоресіңе жетуге асықпай-ақ қой! – деді месқарын. Олар көпірдің үстіне шықты. Көпірдің орта тұсына жете

бере Ихтиандр кенет жақтауға асыла беріп, суға күмп берді. Полицей қолдары байлаулы кісіден тап мынадай қылық

шығады деп күтпеген.

 

133

 

Ал Ихтиандр болса әлгі месқарыннан анау келесі сәтте жасаған әрекетті күтпеген еді. Полицей де Ихтиандрдың соңынан суға қойып кеткен, өйткені ол қылмыскер суға кетіп өледі деп қауіптенген-ді. Полицейдің ойы оны тірідей жеткізу болатын: қолына бұғау салынған тұтқын суға батып кетсе, нағыз әлек сонда болмақ. Полицейдің Ихтиандрдың соңынан жанталаса қуғаны соншалық, ол неме жігітті шашынан ұстап үлгерді де жібермей қойды, түге. Сол себепті шашын жұлып ала ма деп қауіптенген Ихтиандр енді оны су түбіне қарай сүйрей жөнелсін. Көп ұзамай-ақ Ихтиандр полицейдің саусақтары ажырап, мұны қоя бергенін сезінді. Ихтиандр бірнеше метрдей әрірек малтып барып, полицей су бетіне қайыра шыға алды ма екен деген оймен басын судан шығарып байқады. Сөйтсе, анау су бетінде тырбаңдап жүр екен де, Ихтиандрдың басын байқап қап баж ете түсті:

 

– Батып кетесің, лағынет! Маған қарай малты! «Әу, мынасы табылған ақыл екен» деп ойлады да Ихтиандр кенет айқай салды:

– Құтқара көріңіз! Батып барам.,. – деді де су түбіне қарай сүңги жөнелді.

 

Су астында жүріп ол полицейдің қайта-қайта тереңге сүңгігіштеп өзін іздеп жанталасып жүргенін қызықтады. Ақыры түк шығара алмасына көзі жетті ме, полицей жағаға қарай тайды.

 

«Қазір кететін шығар» деп ойлаған Ихтиандр. Бірақ полицейдің кететін түрі жоқ еді. Ол тергеуші орындардан кісілер келгенше өліктің қасында қала тұруды ұйғарған. Өйткені суға кеткен кісінің мүрдесі тоған түбінде жатқанынан істің мүддесіне тигізер түк пайда жоқ қой.

 

Тап осы сәтте көпір үстімен есекке жүк артқан бір кісі өтіп бара жатты. Полицей әлгі шаруаға қапшықтарын түсіріп тастап, мұның хатын алып, дереу жақын маңдағы полиция учаскесіне аттануға бұйырған. Ихтиандрдың жағдайы енді мүлде қиындауға айналды. Оның үстіне тоған түбінде сүлік

 

134

 

дейтін пәле қаптап жүреді екен. Сол құрғырлар Ихтиандрдың денесіне жабыса-жабыса кетіп есін тандырды, әлгілерді сыпырып үлгере алар емес. Мұндайда тым сақтықпен қимылдамаса болмайтын, өйткені су беті қозғалды дегенше-ақ полицейдің мұны байқап қалуы мүмкін еді.

 

Жарты сағат өткенде, манағы шаруа қайтып оралды да, қолын жол жаққа қарай сілтеп әлденендей белгі білдірді, сосын асығыс-үсігіс қапшықтарын есегіне артып ап зытып берді. Енді бес минут өткенде, жағаға үш бірдей полицей жақындап келді. Әлгінің екеуі төбелеріне көтеріп жеңіл қайық, ал үшіншісі – ілгекті бақан мен ескек әкеле жатыр.

Қайықты көлге түсірді де, олар суға кеткен кісіні іздей бастады. Ихтиандр олардың іздегенінен қорықпайтын. Бұл үшін мұнысы тығылмақ ойнағанмен бірдей еді, ол тек орын ауыстырумен болды. Әлгілер көпір түбіндегі тоғанды бақанмен тінте түгел қарап шықты, бірақ өлікті таппады.

 

Ихтиандрды тұтқындаған манағы полицей қайран қалып, қолдарын жайып аң-таң болып ол тұр. Ихтиандрға осының бәрі қызық секілді. Бірақ көп ұзамай оның халі нашарлады. Полицейлер әлгі бақанмен тоғанның түбіндегі лай балшықты қозғамасы бар ма? Су лайланбасын ба, сосын. Енді Ихтиандр қол ұшы жететін жердегі нәрсені көре алмайтын қалге ұшырады, ал бұл деген қауіпті жағдай еді. Ал ең бастысы – оттегі аз мына суда ол желбезегімен дем ала алмай тынысы тарыла бастаған-ды. Оның үстіне мына лай бұлты бір пәле тағы.

 

Ихтиандр алқынуға айналды және желбезегінің ара-арасы күйдіре бастағанын сезінді. Бұдан әрі төзуіне болмай қалды. Ол еркінен тыс ыңырсыды, аузынан бірнеше қайтара көбік атып шықты. Не істеуі керек? Тоғаннан шығуы тиіс – басқадай амалы қалмады. Қандай қауіп төнсе де шығуы тиіс. Оны, әрине, дереу ұстап алады, бәлкім, тіпті сабап-сабап, түрмеге апарып қамап тастаулары. Бірақ бұл үшін бәрібір енді. Ихтиандр тәлтіректеген күйі тоғанның тайыздау тұсына барды да, басын судан шығарды.

 

135

 

– А-а-а-а! – деп жан даусы шыға бақырып жіберді де полицей жағаға тезірек жетпекке қайықтан қарғып түсіп, қаша жөнелді.

 

– Құдайым, сақтай гөр! О-о!.. – деп баж ете қалып екіншісі қайық түбіне құлап түсті.

 

Жағада қалған екі полицей дұғаларын оқып жалбарынып жатыр. Боп-боз, зәрелері ұшқан байғұстар бірінің артына бірі жасырынып әуре.

 

Ихтиандр мұны күтпеген және үрейдің себебін де бірден түсінбеген. Кейін барып испандардың өте ырымшыл әрі діндар халық екені есіне түсті. Сірә, полицейлер өлген кісі қайта тіріліп келіп отыр деп ойлаған секілді. Ихтиандр енді олардың зәресін ұшыра түсіруді ұйғарды: ол тістерін ақситып, көздерін бақшитып, шыңғыра ұлып, жағаға қарай баяу жүріп келді де, жол үстіне түсіп алып, аспай-саспай аяңдап кете барды.

 

Полицейлердің бір де бірі тырп ете алмады, Ихтиандрды ұстауға ұмтылмады. Аруақтан қорқып, діндарлық буған байғұстар қызметтік борыштарын естен шығарып үлгеріп еді.

 

БҰЛ – «СУ ПЕРІСІ!»

 

Педро Зуританың шешесі Долорес мейлінше тоқ, тұмсығы имек, иегі сүйір, мыстан кемпір тәрізді біреу еді.

 

Қою мұрты бет-пішінін бір түрлі сүйкімсіз, тіпті жексұрын етіп тұратын. Әйелдер қауымында сирек кездесетін осынау әшекейдің әлегінен оны өлке жұрты «Мұртты Долорес» деп атап кеткен.

 

Ұлы келіншегін ертіп келгенде, кемпір беті шімірікпестен Гуттиэрені бастан-аяқ бір тінти қарап шыққан. Долорес кез келген кісінің бойынан алдымен кемшілігін іздейтін. Гуттиэренің сұлулығы кемпірді қайран қалдырған, бірақ ол сыр бермеген-ді. Алайда асүйге барып әрі-бері ойланған соң, ол Гуттиэренің сұлулығын – басты кемшілігі деп тапқан, өйтпесе ол мұртты Долорес болар ма еді.

 

136

Ұлымен екеуі оңаша қалған сәтте, кемпір басын шайқап-шайқап қойып сөз бастаған:

 

– Әдемі! Тіпті тым әдемі екені– Сосын бір күрсініп қойып сөзін жалғаған:– Мынадай сұлудан көрер азабың да аз болмас... Дегенмен, испан қызына үйленуің жөн еді. – Тағы сәл ойланып барып, былай деген: –сосын тәкаппар екен. Ал қолдары жұп-жұмсақ, нәзік, нағыз ақсаусақ болар.

 

– Иілдіреміз, – деп жауап қатты да, Педро шаруашылық есептерімен бола берді.

 

Долорес бір есінеп қойды да, баласына кедергі жасамайын деді білем, әрі кешкі салқынмен таза ауа жұтқысы келіп бақ ішіне шықты. Ол айлы түнде ойға шомуды ұнататын.

 

Бақ іші мимоза өсімдігінің хош иісіне толы екен.

Ақ лилиялар ай жарығында жалт-жұлт етіп ағараңдап көрінеді. Лавр мен фикус жапырақтары көзге көрінер-көрінбес қимылдап қоятын секілді.

 

Долорес ұдайы көгеріп тұратын хош иісті ақ гүл – мирталардың арасына қойылған отырғышқа жайғасып ап, әдеттегідей қиялдауға көшті: ол көп ұзамай көрші учаскені сатып алады, онда биязы жүнді қой өсіретін болады, жаңадан сарай салдырады.

 

– Өй, тұқымың құрғыр! – деп баж ете түсті кемпір бір сәт, өзінің жағына алақанымен бір салып қап. – Осы масасы құрғыры-ақ кісіге маза бермейді, түге.

 

Бірте-бірте көк аспанды бұлт басты да, бақша ішін қара көлеңке тұмшалады. Көкжиек жақтан ашық-жасыл жолақ айқын көріне бастады, бұл Парана қаласы шамдарының сәулесі түскендегісі.

 

Содан кенет аласа дуалдың ар жағынан әлдекімнің басын көріп қалды бұл. Әлгі кісі кісенделген қолдарын алға соза, аса сақтықпен қабырғадан бері қарай секіріп түсті.

 

Кемпір қорқып кетті. «Бақшаға каторжник1 түсті» деп ұйғарды ол. Оның айқайлағысы келіп еді, аяқтары қалтырап

 

1 Айдауда болған адам.

 

138

 

қозғала алмады. Амалсыздан орындыққа отырған күйі әлгі кісіні сырттай бақылады.

 

Ал қолы кісендеулі кісі бұта-бұтаның арасымен үйге жақындап келді де терезеден сығалады.

Содан кенет – әлде қағыс естіді ме, әлгі кісі ақырын дауыстап қана:

– Гуттиэре! – деп шақырды.

«Ә, сұлу сылқымның осындайы бар ма еді! Танысының түрін қарай гөр! Бұл сұлудың баламмен қоса мені де өлтіріп, мекен-жайымызды тонап, мына каторжникпен қашып кетіп жүрмесін» дегеи ойға қалды Долорес.

 

Кенет кемпірдің тұла бойын келініне деген сұмдық жеккөрініш пен ащы табалау сезімі биледі. Сол сезім бойына қуат бітірді. Кемпір атып тұрып үйге қарай жүгіре жөнелді.

 

– Ойбай, тез! – деп сыбырлады Долорес ұлына, – бақшаға бір каторжник түсті. Ол Гуттиэрені шақырып тұр.

 

Педро бейне үйі өртеніп жатқан кісідей асығыс ұмтылды, жолда жатқан күректі көтеріп алып, үйді айнала жүгірді.

 

Қабырғаға тақау үсті-басы лас, қолына кісен салынған бейтаныс біреу терезеге телміре қарап тұр екен.

 

– Қарғыс атқыр!.. – деп күбірледі де, қолындағы күрекпен жігітті төбесінен бір салып өтті.

Жігіт дыбыс та шығармастан жерге сылқ етіп құлап түсті.

 

– Бітті шаруасы... – деді ақырын Зурита.

– Бітті, – деп қостап қойды Долорес, бейне баласы бір улы шаянды өлтіргендей сарынмен.

Зурита шешесіне сұраулы пішінмен қарады:

– Мұны қайда тастаймыз?

– Тоғанға, – деп жөн сілтеді кемпір, – тоған суы терең.

 

– Судың бетіне шығып жүрмесе.

– Аяғына тас байлаймыз. Мен қазір... Долорес аптығып үйге қарай жүгірді, ішіне өлікті салатын қапшық іздеп әуреленді, Бірақ ертеңгісін ол қап атаулыны түгелімен бидайға толтырып, диірменге аттандырған-ды. Сондықтан ол бір жастықтың тысын және ұзын арқан алды.

 

139

 

– Қапшық жоқ, – деді ол ұлына. – Мына сейсепке тас толтыр да, арқанмен қолындағы кісеніне мықтап байлап таста.

Зурита басын бір изеп, өлікті арқалаған күйі бақшаның шет жағындағы шағын тоғанға қарай сүйрелей жөнелді.

 

– Үстіңді былғап алма, – деп сыбырлайды Долорес, сейсеп пен арқанды көтерген күйі баласының соңынан сүйретіле басып келе жатып.

 

– Жуарсың, – деп жауап қатты Педро, әйтсе де, өзі қаны жерге тамсын деп жігіттің басын төмен қарай салбырата қайта орналастырып жатып.

 

Тоған басына жеткен соң Зурита жастық тысына тас толтырып, оны жігіттің қолындағы кісенге мықтап байлады да, денесін тоғанға атып ұрды.

 

– Енді киім ауыстыру керек. – Педро аспанға көз тастады.

 

–Жаңбыр жауады білем. Ол таң атқанша, жерге тамған қанды шайып тастайды.

– Тоғанда... су қанмен қызарып жүрмес пе екен? – деп сұрады мұртты Долорес.

– Қызармайды. Тоған суы ағынды... Қап, қарғыс атқырай!

 

– деп қырылдай сөйледі Зурита үйге қарай беттеп бара жатып және терезелердің біріне қарай жұдырығын түйіп қойды.

 

– Міне, сұлудың сиқы! – деп қыңқылдайды кемпір де баласының соңынан еріп келе жатып.

Гуттиэреге үй төбесіндегі бөлме тиген. Қыз түн баласына көз ілмей шықты. Ауа тымырсық, әрі сары масасы бір пәле. Гуттиэренің ойын небір көңілсіз жайттер билеген. Қыз Ихтиандрды, оның өлімін естен шығара алмай қойған. Ол күйеуін сүймейтін, енесін бірден жек көріп кеткен. Осынау мұртты мыстанмен Гуттиэреге талай жылдар бірге тұруға тура келгені ме...

 

Тап осы түні Гуттиэреге Ихтиандрдың даусы естілгендей болып көрінді. Ол мұны атын атап шақырды. Бақша ішінен әлденендей шу, әлдекімдердің сыбыр-күбірлері естілгендей болды. Гуттиэренің бұл түн ұйықтай алмасына көзі жетті.

 

140

 

Қыз ақыры бақшаға шықты. Күн әлі шыға қоймаған кез. Бақ ішін таңертеңгі алагеуім басып тұрған. Бұлттар ыдырай бастады. Шөп пен ағаш үстіне қалың шық қонған. Үстінде жұқа желеңі бар, жалаң аяқ күйі Гуттиэре көк шөптің үстімен келе жатты. Кенет ол тоқтай қалып, жерге зер сала қарады. Оның терезесі тұсындағы жалғыз аяқ жол үстіндегі құмға қан тамып қалған. Дәл осы жерде қанға боялған күрек те жатыр.

 

Түн ішінде бұл маңда әлденендей қылмыс жасалған, сірә. Әйтпесе мына қанды із қайдан пайда болмақ?

 

Гуттиэре өз еркінен тыс әлгі ізбен жүріп отырып, тоған түбінен бір-ақ шықты.

«Қылмыстың ізі осы тоғанға келіп тірелгеннен сау ма екен?» деп ойлады қыз жасыл түсті су бетіне үрейлене көз тастап.

 

Сөйтсе, жасыл түсті су астынан бұған Ихтиандрдың өңі қарап жатқан секілді. Шекесі тұсындағы терісі тілінгені байқалады, өңінен азап пен қуаныш белгісі бірдей аңғарылады, Гуттиэре суға батқан Ихтиандрдың өңіне көз алмастан қарап біраз тұрды. Шынымен-ақ, мұның есінен алжасқаны

ма?

 

Гуттиэренің бастапқыда қашып кеткісі де келген. Бірақ кете алар емес, жігіт өңінен көзін тайдыра алар емес, түге.

Ал Ихтиандрдың өңі бірде-бірте су бетіне көтеріле бастады. Тыныш жатқан суды сілкіндіре, әне, басы қылтиып көрінді. Ихтиандр Гуттиэреге қарап кісендеулі қолын созды да, боп-боз өңі сәл күлімсірей, бұған тұңғыш рет «сен» деп тіл қатты: – Гуттиэре! Жаным менің! Ақыры сені таптым-ау, Гуттиэре, мен... – Бірақ ол сөзін аяқтамады.

 

Гуттиэре екі қолымен басын ұстап, үрейлене шыңғырып жіберді.

 

– Жоғал! Көзіме көрінбе, байғұс елес! Мен сенің өлі екеніңді білем ғой. Ендеше, елесің неге келеді маған!

 

– Жоқ, жоқ, Гуттиэре, мен өлгем жоқ, – деп тез-тез жауап қатты әлгі елес. – Мен суға батқан жоқпын. Кешір

 

141

 

мені... Мен сенен бір жайтты жасырып ем... Неге олай еткенімді өзім де білмеймін... Кете көрме, тыңдашы мені. Мен тірімін, сенбесең қолымды ұстап көрші..

 

Жігіт оған қарай кісендеулі қолын ұсынды. Гуттиэре оған әлі бажырая қарап тұрған.

– Қорықпашы, мен тірімін... Мен су астында өмір сүре алам. Мен жай әншейін кісілердей емеспін. Анада суға секіргенде, теңізге батып өлгем жоқ-ты. Суға секірген себебім

 

– құрғақ ауада тынысым тарылып, өліп қала жаздағандықтан сөйткем.

Тәлтіректеген Ихтиандр әр ненің басын бір шалып, асығып-аптығып сөйлеп тұр:

– Мен сені іздедім, Гуттиэре. Бүгін түнде терезеңнің тұсынан кеп дауыстап тұрған сәтімде, күйеуің мені басымнан бір салып қап талдырды да, тоғанға сүйреп әкеп тастады. Суға кірген соң есімді жидым. Тас толтырылған қапшықты шешіп тастауымның сәті түсті, бірақ мынаны, – Ихтиандр кісенді көрсетті, – шеше алмай-ақ қойдым.

 

Қарсы алдындағының әншейін елес емес, тірі жан екеніне Гуттиэре енді сене бастаған:

– Ал сіздің қолыңызға бұғау салып жүрген кім? – деп сұрады қыз.

– Мен оны саған кейін айтып берермін... Бірге қашайық, Гуттиэре. Екеуміз менің әкемнің үйіне барып жасырынамыз, ол арадан бізді жан адам іздеп таба алмайды... Сонда екеуміз бірге тұратын боламыз... Әу, қолымнан ұстасаңшы, Гуттиэре. Ольсен айтады, мені жұрт «су перісі» дейтін көрінеді, бірақ мен кәдімгідей адаммын. Сен неге қорқасың менен?

 

Ихтиандр үсті-басы балдыр мен батпақ басқан күйі тоғаннан шықты. Әлі құрып көк шөпке отыра кетті.

 

Гуттиэре де енді оған қарай еңкейіп, ақыры қолынан ұстады-ау.

– Байғұс балақайым-ай, – деді қыз.

 

– Неткен тамаша кездесу! – деген кекесінді дауыс естілді осы сәтте.

 

142

 

Олар жалт қарасып, таяу кеп тұрған Зуританы көрді. Зурита да Гуттиэре секілді түн баласына көз іле алмаған. Гуттиэренің шыңғырған даусын естіп, баққа шыққан да, бұлардың әңгімесін бастан-аяқ тыңдаған. Педро қарсы алдындағы жігіттің өзі ұзақ уақыт бойы аңдып, қолға түсіре алмай қойған «су перісі» екенін естігенде, өлердей қуанып,

 

оны дереу «Медузаға» жеткізуді ұйғарған еді.

 

Әйтсе де сәл ойланып барып, басқаша шешімге келген.

 

– Сізге, Ихтиандр, Гуттиэрені доктор Сальватордың үйіне әкетудің сәті түсе қоймас деп ойлаймын. Өйткені Гуттиэре

 

– менің әйелім. Сіздің өзіңіз де әкеңізге аман жете алар ма екенсіз, түбі. Себебі сізді полиция күтулі.

 

– Әу, менің түк жазығым жоқ қой! – деп шыр ете түсті жігіт.

 

– Жазығы жоқ кісіге полиция мынадай білезік кигізбес болар. Ал егер сіздің менің қолыма түскеніңіз рас болса, менің борышым – сізді полицияға апарып тапсыру болса керек.

 

– Сіз шынымен-ақ солай етпекпісіз? – деп сұрады күйеуінен Гуттиэре ызалы үнмен.

 

– Солай ету – менің парызым, – деп жауап қатты Педро, иығын бір қиқаң еткізіп.

 

– Тәуір болар еді-ау соның, – деп осы кезде қайдан келе қалғаны белгісіз Долорес кемпір араласты әңгімеге, – каторжникті қалаған жағына қоя беріп не көрініпті? Бәлкім, әлгі кісенді кісінің біреудің терезесінен сығалап, біреудің әйелін ұрлағысы келген қасиеттері үшін салған шығар, түге?

Гуттиэре күйеуінің қасына барып, қолдарынан ұстай ап, мейірімді үнмен былайша тіл қатты:

 

– Қоя беріңізші оны. Өтінем сізден. Сіздің алдыңызда менің түк күнәм жоқ.

 

Баласы келінінің сөзіне еріп кете ме деп қорқып, Долорес қолдарын ербеңдете, баж ете түсті.

 

– Тыңдама оның сөзін, Педро!

 

143

 

– Әйел өтінген соң, амалым жоқ, – деп сыпайыгершілік танытқандай болды Зурита. – Мен келістім.

– Үйленбей жатып қатыныңның уысынан шыға алмайтын болған екенсің ғой, сорлы, – деп күңкілдеді кемпір.

 

– Сен қоя тұршы, шешесі. Біз қазір сіздің кісеніңізді кесеміз де, үстіңізге тәуірірек киім кигізіп, «Медузаға» апарамыз. Рио-де-Ла-Платаға жеткен соң, сіз қажет десеңіз, жақтаудан қарғып, қалаған жағыңызға кететін боласыз. Бірақ бір шартымды орындасаңыз ғана, мен басыңызға бостандық берем: сіз Гуттиэрені ұмытатын боласыз. Ал сені, Гуттиэре, мен өзіммен бірге ертіп ала кетем. Өстісек, қауіпсіздеу болармыз.

– Сіз мен ойлағандағыдан әлдеқайда тәуір кісі екенсіз,

 

– деп шын көңілден айтып салды Гуттиэре.

Зурита масаттана мұртын ширатып, келіншегіне қарап басын

 

бір изеп қойды.

 

Долорес баласын жақсы білетін – оның әлдеқандай бір қулық жасағалы тұрғанын кемпір бірден сезе қойған-ды. Тек сол ойынын құптай түскісі келіп, көз қылды етіп жорта ренжіген сыңай танытты:

 

– Әлден-ақ аузына қаратқан екен! Жүр енді солай табанын жалап!

 

БАР ЖҮРІСІНЕ САЛ

 

– Ертең Сальватор келеді. Мені безгек ұстап босатпады, ал сен екеуміздің көп нәрсені ақылдасуымыз керек, – деді Кристо Бальтазарға қарап. Олар Бальтазардың дүкенінде отырған. – Тыңдашы, бауырым, ықылас қойып тыңда, сосын ойымды шатастырып алмауым үшін сөзімді бөле көрме.

 

Кристо үнсіз қалды, сәл ойланып барып, сөзін қайта бастады:

 

– Біз ғой екеуміз Зурита үшін талай қызмет жасадық. Ол бізге қарағанда бай, ал енді оның бұдан да керемет байығысы келеді. Оның су перісін ұстағысы келеді...

 

144

 

Бальтазар әлдене айтпаққа оқталып еді.

 

– Үндеме, бауырым, үндеме, әйтпесе айтпағымды ұмытып қалармын, түге. Зурита су перісін құл ғып ұстағысы келеді. Ал сен су перісінің не екенін білемісің? Ол – қазына. Ол шетсіз-шексіз байлық көзі. Су перісі теңіз түбінен інжу тере алады, небір ғажайып інжулеріңді таба алады ол. Ал сол су перісі теңіз түбінен тағы басқа да байлық көзін таба алады емес пе? Теңіз түбінде сарқылмайтын қазынасы бар талай кемелер шөгіп жатқанын білесің. Ол соны біз үшін әкеп бере алады. Мен біз үшін деп отырмын, Зурита үшін емес. Сен Ихтиандрдың біздің Гуттиэрені сүйетінін білемісің, бауырым?

 

Бальтазар бірдеңе деп жауап қатпақ еді, Кристо оған сөз бермей, бастырмалата жөнелді:

 

– Үндеме, тыңда. Мен біреу сөзімді бөлсе, шатасып, ойымдағыны айта алмаймын. Иә, Ихтиандр Гуттиэрені сүйеді. Менен ештеңені жасырып қала алмайсың. Осыны білген сәтте, мен деген мынадай ойға қалдым емес пе: «Жақсы. Ихтиандр Гуттиэреге өлердей ғашық бола түссін. Оның Зуритаға қарағанда әлдеқайда тәуір күйеу бала болары даусыз». Сосын Гуттиэре де Ихтиандрды сүйеді. Мен Ихтиандрға кедергі жасамай, сырттан бақылаумен болдым. Мейлі, кездесе берсін.

 

Бальтазар бір күрсініп қойды, бірақ әңгімешінің сөзін бөлмеді.

 

– Мен әлі бәрін айтып болғам жоқ, бауырым. Әрі қарай тыңда. Мен сенің есіңе талай жылдар бұрын болған бір оқиғаны салмақпын. Мен баяғыда сенің әйелің туысқан-дарынан қайтып келе жатқанда – оған да бір жиырма жыл болып қалды-ау деймін – соның қасында болғам. Есіңде ме, шешесін қойысуға әйеліңнің тауға барғаны? Жолда келе жатқанда босана алмай қаза тапты емес пе? Сәбиі де өлген. Онда мен сені ренжітпейін деп бар шындықты айтпағам. Енді айтайын. Сенің әйеліңнің жол үстінде өлгені рас, ал сәбиің бірден өліп қалмаған, рас, тым әлсіз еді. Бұл оқиға бір үндіс ауылында болған. Сондағы бір кемпір таяу маңда

 

145

 

Сальватор деген өлгенді тірілтетін керемет құдай бар екенін айтқан. – Бальтазар елең ете қалды.

 

– Әлгі кемпір тірі сақтап қалу үшін сәбиді сол Сальваторға апару керек деп кеңес берген. Мен соның ақылына құлақ асып, сәбиді Сальваторға алып барайын. «Құтқара көріңіз!» дедім оған. Сальватор баланы ұстап көрді де, басын шайқап былай деді: «Мұны құтқару қиын». Сосын оны алып кетті. Мен кешке дейін күтейін. Кешкісін бір негр шықты да: «Сәби өлді!» деді. Содан соң кетіп қалдым. Мәселе мынада, – деді Кристо сөзін жалғап. – Сальватор сәбидің өлгенін негр арқылы хабарлады ғой. Жаңа туған жас сәбидің – сенің ұлыңның – меңі барын байқап қалғам. Ол меңнің қандай екендігіне шейін есімде қалыпты. – Кристо сәл үнсіз қалып, қайтадан жалғады әңгімесін. – Жақын арада әлдекім Ихтиандрдың мойнын жаралаған. Соның жарасын байлап бермекке, қабыршағының жағасын ашып қараған сәтте, оның мойнынан тап сенің ұлыңның меңі тәрізді мең көрдім емес пе?!

 

Бальтазардың көзі шарасынан шыға Кристоға карап қалған, ол абыржыған күйі былайша сауал қойды:

 

– Сен, не, сонда, Ихтиандрды менің ұлым деп ойлаймысың?

– Үндеме, бауырым, дыбысыңды шығарушы болма және тыңда мені. Иә, мен тап солай ғой деп ойлаймын. Мен Сальватор шындықты айтпады-ау деп ойлаймын. Сенің балаң өлген жоқ және Сальватор одан су перісін жасап шығарған.

 

– О-о, сорлы басым! – деп бақырып жіберді Бальтазар.

 

– Оған қалайша дәті барды екен! Мен ол Сальваторды өз қолыммен буындырып өлтірейін, түге.

 

– Жап аузыңды! Сальватор сенен әлдеқайда күшті. Сосын кім біліпті, менің қателесуім де мүмкін ғой. Жиырма жыл өтті ғой содан бері де. Мең деген басқа бір сәбиде де болуы ықтимал. Ихтиандр – сенің балаң, бәлкім, сенің ұлың болмауы да. Мұндай жағдайда сақтық керек. Сен айталық, Сальваторға барасың да Ихтиандр менің ұлым деп жариялайсың. Мен

 

146

 

сенің куәң болам. Сен оған «ұлымды қайтар!» деп талап етесің. «Ал бермесең, балаларды мүгедек еткенің үшін ісіңді сотқа берем» деп қорқытасың. Ол бұдан қорқады. Егер мұның да пайдасы болмаса, онда сен сотқа барасың. Егер сотта да Ихтиандрдың сенің ұлың екенін дәлелдей алмасақ, онда ол Гуттиэреге үйленетін болады, өйткені Гуттиэре сенің асырап алған қызың. Сен сонда әйелің мен ұлыңды аңсап, зарығып жүргенде, осынау жетім қыз Гуттиэрені мен саған тауып әкеп бергем...

 

Бальтазар орындықтан атып тұрды. Ол аяқ астындағы шаяндар мен қабыршақтарға сүріне-мүріне ерсілі-қарсылы жосып жүр.

 

– Ұлым менің! Ұлым менің! О, неткен бақытсыздық десеңші!

– Неге бақытсыздық болады? – деп таңырқады Кристо.

 

– Мен ғой сенің сөзіңді бөлмей ықылас қоя тыңдадым, енді сен де менің сөзіме құлақ ас. Сен безгекпен науқастанып жатқанда, Гуттиэре Педро Зуритаға күйеуге шығып қойған.

 

Мына жаңалық Кристоны қайран қалдырған.

– Ал Ихтиандр... менің бақытсыз балам... – Бальтазардың басы салбырап кетті. – Ихтиандр Зуританың тұтқынында!

 

– Мүмкін емес, – деп қарсы дау айтты Кристо.

 

– Иә. Иә, Ихтиандр қазір де «Медузада». Мана таңертеңгісін маған Зурита келіп кетті. Ол бізді мазақтады, бізді қорлады да, тілдеді де. Ол бізге сендер мені алдап келдіңдер деді. Өзің ойлашы, ол Ихтиандрды біздің көмегімізсіз ұстап отыр емес пе! Ол енді бізге көк тиын да төлемейді. Ал керек десең мен енді ол ақша берсе де алман, өз ұлыңды өзің сатуға бола ма екен, түге?

 

Бальтазар торығулы еді. Кристо болса бауырына жақтырмай көз тастады. Енді батыл қимылдаулары қажетті. Бірақ мына күйінде Бальтазардың іске пайдасынан гөрі зияны көбірек тиюі мүмкін еді. Ихтиандрдың Бальтазардың тұқымы екеніне Қристоның өзінің де көзі жете бермейтін. Рас, Кристо жаңа туған сәбидің мойнынан мең көрген. Бірақ ол

 

147

 

бұлтартпайтын дәлел бола ала ма? Ихтиандрдың мойнынан мең көрген соң Кристоның осынау ұқсастықты пайдаланып байығысы келгені де шындық еді. Бірақ ол өзінің осынау әнгімесін Бальтазар бұлайша қабылдайды деп ойлап па? Оның есесіне Бальтазардан естіген жаңалықтары Кристоны шын шошытқан.

– Қазір жылап отыратын уақыт емес. Қимылдау керек. Сальватор ертең ертеңгісін келеді. Қайратыңды жи бойыңа. Күн шыға бере, мені порт маңынан күт. Ихтиандрды құтқаруымыз керек. Бірақ байқа, Сальваторға өзіңнің Ихтиандрдың әкесі екеніңді айтып қойып жүрме. Зурита қай бағытқа кетіп еді?

 

– Ол айтқан жоқ, бірақ терістікке қарай кеткен болар деп ойлаймын. Зуританың Панама жағалауларына барғысы келгені қашан?

 

Кристо басын изеді.

– Есіңде болсын; ертеңгісін, күн шығар алдында, сен жағада болуың керек. Тіпті кешке шейін күтуіңе тура келсе де тырп етпестен отыр, күт.

Кристо үйге қайтуға асықты. Ол түн баласына Сальватормен кездесетін сәттерін ойлап шықты. Сальватордың алдында өз басын арашалап алуы қажет-ті.

Сальватор таң алдында келді. Кристо өңінен әрі өкініш, әрі жанқияр жанашырлық сезімін аңғарта доктормен сәлемдесіп тұрып, мұңая сөз бастады:

– Біз бір бақытсыздыққа ұшырадық... Шығанаққа жүзіп бара көрме деп Ихтиандрға құдайдың зарын қылдым, бірақ тіл алмады...

 

– Оған не болды? – деп аптыға сұрады Сальватор.

 

– Оны ұрлап, қайыққа салып әкетті... Мен... – Сальватор Кристоның иығын бүре қысып, көзіне тіктей қарады. Бұл қас қағымдай сәтте өтті, бірақ әлгі жанарға шыдай алмай, Кристоның еркінен тыс өңі өзгеріп сала берді, Сальватор қабақ шытты, әлдене деп күбірледі де, Кристоның иығын бүрген саусақтарын босатып, тез-тез сөйледі:

 

148

 

–Бүге-шігесін маған кейінірек айтарсың.

 

Сальватор негрді шақырып алып, оған бұл үшін түсініксіз тілде әлденендей сөздер айтты да, сосын үндіс шалға бұрылып, өктем үнмен былай деді:

– Ер соңыма!

 

Жолдан шаршап келсе де дем алмастан, киімдерін де ауыстырмастан Сальватор үйден шыға жөнеліп, баққа қарай асыға аяңдады. Кристо әрең-әрең еріп келеді. Үшінші қабырғаға жеткен кездерінде бұларды екі негр қуып жетті.

 

– Мен Ихтиандрдың қарғылы төбетіндей соңынан қалмай қойдым, – деді Кристо шапшаң жүрістен алқына сөйлеп.

 

Бірақ Сальватор құлақ аспады. Доктор енді хауыз қасында, ашылған шлюз арқылы су түгел сырғып ағып біткенше, аяғымен жер тепкілеп тыпыршыды да тұрды.

 

– Ер соңыма, – деп қайыра бұйырды Сальватор жер асты баспалдақпен төмен қарай түсіп бара жатып.

 

Кристо мен екі негр тастай қараңғыда Сальватордың соңынан еріп келе жатыр. Жер астындағы бұралаң-бұлтарыстарды жақсы білетін кісі екенін таныта Сальватор сол қараңғыда бірнеше басқыштардан бір-ақ секіріп, аптығып келеді.

Төменгі алаңшаға түскен сон, Сальватор анадағыдай шам жағып жатпады, қайта қараңғыда қарбанып жүріп, оң жақ қабырғадағы бір тесікті бұрап ашып, тастай қараңғы дәлізбен тағы ілгері жөнелді. Бұл тұста баспалдақтар жоқ екен де, Сальватор шам жақпай-ақ жүгіре басып жөнелді.

 

«Кенет әлдеқалай құрылған торға тап келіп немесе шұңқырға құлап кетсем қайтем?» деп ойлап келеді Кристо өзі Сальватордың артынан жүгіріп келе жатып.

 

Олар ұзақ жүрді, ақыры Кристо еденнің ылдилай, төмендей бастағанын аңғарды. Кейде Кристо су сыбдырын естігендей болады. Міне, ақыры сапарлары аяқталды білем. Алда келе жатқан Сальватор бір сәт тоқтай қалып, шам жақты. Кристо өздерінің ішіне су толған, төбесі сопақша, ұзыннан-ұзақ үлкен үңгірде тұрғандарын көрді. Әлгі төбесі

 

149

 

бірте-бірте төмендей суға төндіре салынған ба, қалай? Бұлар тұрған тас еденнің жеткен жерінен, су ішінен Кристо шағындау сүңгуір қайықты аңғарды. Сальватор, Кристо және екі негр соған барып мінді. Сальватор каютаға енісімен шам жақты, негрлердің бірі төбедегі люкті жапты, екіншісі моторды айналдыра бастады. Кристо бір кезде қайықтың селк ете қалып баяу бұрылғанын, су астына қарай түсіп, әлгіндей баяулықпен ілгері жылжығанын сезінді. Бір-екі минуттай өтті білем, олар су бетіне қайта шықты. Сальватор мен Кристо көпіршенің үстіне көтерілді. Кристо бұрын-соңды сүңгуір қайыққа мініп көрген кісі емес-ті. Ал мына теңіз бетін тілгілей сызып келе жатқан сүңгуір қайықты көрсе, небір тәжірибелі кеме жасаушылардың өздері де қайран қалар еді. Оның құрылысы ештеңеге ұқсамайтын ғажайып бірдеңе, әрі моторының куаты да керемет болса керек. Толық қуатын қоспағанның өзінде қайық су бетінде сұмдық жылдамдықпен заулап келе жатты.

 

– Ихтиандрды ұрлаушылар қай бағытқа бет алып еді?

 

– Жағалауды бойлай терістікке қарай кетсе керек, – деп жауап қатты Кристо, – рұқсат етсеңіз, жолдан менің бауырымды ала кетсек болар еді. Мен оған ескерткем, ол жағада күтіп тұрса керек.

– Неге?

– Ихтиандрды ұрлаған інжу тергіш Зурита деген біреу.

 

– Сен оны қайдан білесің? – деп күдіктене сұрады Сальватор.

 

– Мен бауырыма Ихтиандрды шығанақтан алып қашқан қайықтың түр-түсін айтып беріп ем, ол оны «Медуза» деп таныды. Педро Зуританың қайығы осылай аталады. Зурита Ихтиандрды, сірә, інжу тергізу үшін ұрлап әкетсе керек. Ал менің бауырым Бальтазар інжу теретін теңіз тұстарын жақсы біледі. Оның бізге пайдасы тиеді.

 

Сальватор сәл ойланды.

 

– Жақсы. Біз сенің бауырыңды ала кетелік. Бальтазар да бауырын порт маңындағы жағада күтіп жүрген. Қайық жағаға

0
0
2264

Еще по теме

АДАМ-БАЛЫҚ - Yvision.kz