Перейти к содержимому
jansaya94
jansaya94

Zhansaya Me

@jansaya94

На сайте с 6 июня 2011 г.Казахстан, Алматы

✨ Путешествую, вдохновляю, рассказываю истории 🎥 Инфотуры, новые маршруты, личные впечатления 💌 Пишу о том, как путешествия становятся частью души ✨ Подписывайся — покажу мир моими глазами!

рейтинг

250

постов

60

комменты

77

подписчика

34

подписки

22

Қарқаралыдағы инфо-тур: аңыздар мен тарихқа толы сапар

25–26 қыркүйекте Қарағандыдан Қарқаралыға инфо-турға қатыстым. Өлкетану музейін аралап, аңызға толы Шайтанкөлді көріп, Құнанбай қажы мешітіне барып, Жосалы шипажайында демалдық.

Қарқаралы – туризмге мүмкіндік беретін, табиғаты мен тарихы үйлескен ерекше өңір. Толығырақ сапардың әсері мен қызықты деректерді мақалада оқи аласыз.

0
0
4742

Четыре дня в Ұлытау: моя история о легендах, горах и степном ветре

С 27 по 30 августа в Ұлытау прошёл инфотур для представителей туриндустрии. Участники познакомились с историко-культурным наследием и природными достопримечательностями региона, обсудили потенциал развития туризма и перспективы новых маршрутов.

0
0
3153

Туризм және экология: тұрақты дамуға қол жеткізу жолы қандай?

автор:Менилбаева Жансая

Қазақстанның табиғаты алуан түрлі және әдемі. Бурабай, Көлсай мен Қайыңды, Баянауыл мен Қарқаралы өңірінің келісті келбеті, Шарын шатқалы, Іле Алатауының сұлулығы – көз тойдыратын көрініс қана емес, сонымен бірге елдің экологиялық қазынасы. Ал қазір бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстанда да экотуризм өзекті. Себебі туристердің шамадан тыс келуі және табиғатта дем алатын адамның мәдениетінің төмендігі табиғи ортаға артық жүктеме түсіреді.

Экологиялық туризм –туристік индустрияның жылдам дамып келе жатқан саласы, оған әлемдік туризмнің 25%-ы тиесілі. Дүниежүзілік туристік ұйымның мәліметіне сүйенсек, экотуристер саны жыл сайын 20%-ға артып келеді.Экотуризмнің басты ерекшелігі табиғи аумақтарға барған кезде биоалуантүрлілік пен экожүйелерді сақтауға негізделеді. Экотуризм табиғатты қорғаумен айналысатындарға пайдалы жағдай жасауға да мүмкіндік береді.

undefined📷 Фото интернеттен алынды

Қазақстанда экотуризмді дамыту әлеуеті

2019 жылы Финляндия экологиялық тұрақтылық деңгейі, өсімдіктер мен жануарлардың алуантүрлілігі мен бірегейлігі және мемлекеттің қоршаған ортаны қорғауға бағытталған күш-жігерінің арқасында жабайы табиғат бойынша саяхаттауға үздік ел ретінде танылды. Үздік елдердің тізімін анықтау үшін ұлттық парктердің саны, биоалуантүрлілік, Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлардың жойылып кету қаупі және басқа да өлшемдер ескерілді.

Қазақстан бұл рейтингте 87-орынды иеленді. Десе де, аумағы, флора мен фаунаның алуан түрі, табиғат ескерткіштері мен ЮНЕСКО мұрасы қатарындағы нысандарды есепке алсақ, елімізде экологиялық туризмді дамытуға жеткілікті алғышарт бар.

Қазақстанда қазіргі уақытта 14 ұлттық парк бар. Табиғат аясында демалуды қалайтындар саны да жылдан-жылға артып келеді. Алайда туризм қарқынды дамыған сайын қазынаға қауіп төніп тұр. Біз бұл мәселені экобелсенді Светлана Спатарь және экология саласының сарапшысы Базарбек Қамысбаевпен бірге талқылап, әлем елдерінің оң тәжірибесін саралап, Қазақстанның жағдайына қолайлы шешімдерді бірге іздедік.

Экология саласының сарапшысы Светлана Спатарьдың айтуынша, елімізде туризм дамығанымен, оны басқару мен реттеу жағы артта қалып отыр.

«Бүгінде туризм табиғатты тамашалау емес, оны тұтыну құралына айналып барады. Инфрақұрылым жоқ, айыппұл жүйесі жұмыс істемейді, ал мәдениет деңгейі өте төмен. Келушілердің саны шамадан тыс көп болуы экожүйені бұзып жатыр», — дейді сарапшы.

undefined

Осы саланың сарапшысы Базарбек Қамысбаев бұл пікірді қолдай отырып, нақты мысалдар келтіреді:

«Бурабайда жартастарға сурет салу, Жұмбақтасқа катамаранмен жақындау, ұлттық парктерде қоқыс тастау сияқты келеңсіздіктің бәрі бақылаудың жоқтығынан болып отыр. Жергілікті халықтың ескертуіне ешкім құлақ аспайды. Туризм жобалары қысқа мерзімді табысқа бағытталған, экологиялық жауапкершілік ескерілмейді».

Сарапшылар ақпараттың аздығы, ұлттық парктер әкімшілігінің әлсіздігі, жоспардың болмауы мен жергілікті тұрғындарды шешім қабылдауға тартпау тұрақты туризмнің дамуына кедергі келтіріп отыр деп есептейді.

undefined

Екі сарапшының сөзін түйіндесек, Қазақстанда мынадай нақты қадамдарды қолға алу қажет:

1) Экологиялық заңнаманы күшейту, қоқыс тастағандарға айыппұл көлемін арттыру. Айыппұл көлемін көбейту арқылы қоқыс тастамауға үйрету міндетті түрде нәтиже берері сөзсіз.

2) Жергілікті халықты шешім қабылдау процесіне қатыстыру. Бұл халықтың жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

3) Ақпараттандыру науқаныарқылы туристердің экомәдениетін арттыру.

4) Ұзақ мерзімді, тұрақты туризм стратегиясынжасау және іске асыру.

Әлем елдерінде туризмнің экологияға зиянын азайтуға бағытталған табысты тәжірибе түрі жеткілікті. Оларды Қазақстан жағдайына бейімдеп қолдануға әбден болады. Ол қандай тәжірибе және оны елімізде қалай іске асыруға болады? Бірнеше елдің тәжірибесін қарастырып көрейік.  

undefined

Кения және Еуропа: Бір реттік пластикке тыйым

2020 жылы Кения қорғалатын табиғи аумақтарда бір реттік пластикті пайдалануға заңмен тыйым салды. Ал Еуроодақ 2021 жылдан бастап бір мәрте пайдаланылатын түтікше, шанышқы, табақ, пышақ сияқты бұйымдарға тыйым салды. Пластик заттар экологияны ластап, мұхиттарға орасан зор зиян тигізіп жатыр. Жыл сайын әлемде өзен-суларға 8 миллион тонна пластик түседі. Теңізді мекендейтін жануарлар абайсызда оны жеп қойып, қырылып жатыр. Сондай-ақ, пластик микробөлшектерінің мұхит арқылы адам ағзасына да түсетіні анықталды.

Қазақстанда мұны қалай іске асыруға болады? Ұлттық парктер мен демалыс аймақтарына кіреберісте бір реттік пластик заттарды алып кіруге тыйым салатын ережеқабылдау. Экодүкендер ұйымдастырып, онда қайта пайдаланылатын ыдыстарды жалға беру немесе сату жүйесін енгізу. Бұл пластикті азайтуға, сол арқылы табиғатқа түсетін жүктемені кемітуге көмектеседі.

Сонымен бірге, туристерге арналған ақпараттандыру науқаны маңызды. Мұндай шараны «Пластиксіз саяхатта!», «Табиғатты өзіңмен бірге алып кетпе!» деген ұрандармен ұйымдастыруға болады.

Грузия: Ұлттық парктерге кіру үшін онлайн брондау және адам санына шектеу

Ұлттық парктерге онлайн брондау мен келушілер лимитін енгізу келушілер санын шектеп, алдын ала тіркелгендерге ғана кіруге мүмкіндік береді. Мысалы, Алматыда «Іле Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 2019 жылы 300 901 адам келген, одан беріде көбейіп жатқаны сөзсіз. Бұл көрсеткіш әлі де арта түседі. Мұны қазірден реттемесек, табиғи қорықтардың ахуалы ауырлай бермек.

Бұған қоса 2030 жылға дейін парк аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауды 85%-ға дейін арттыру керек.

Бурабай, Шарын, Іле Алатауы сияқты сұраныс жоғары парктерде электронды брондау жүйесін енгізуге болады. Таңғы топ, күндізгі топ, кешкі топ деп уақытты бөлу де біраз жүктемені азайтады.

Норвегия: Айыппұл жүйесі және ақпараттық тақталар

Норвегияда экология ережесін бұзғандарға айыппұл жоғары. Барлық саяхатшыға табиғатты қорғау ережесі түсіндіріледі. Мұны біздің елде де қолға алып, жүзеге асыру қиын емес. Ол үшін Ұлттық парктерде экобекеттерұйымдастырып,ақпараттық тақталарорнату керек. Бірнеше тілде жазылған мұндай тақтайшалар көзге тартымды әрі көрнекі болумен қатар, тілге жеңіл әрі түсінікті болуы маңызды.

Қоқыс тастаған, заңсыз от жаққан немесе тыйым салынған жерге кірген азаматтарға айыппұл жүйесін нақты іске қосу кезек күттірмейтін шаруа. Қазір заң талабы болғанымен, іс жүзінде оны қолдану жағы кемшін. Айыппұл төлеген азаматтардың оқиғасын айтып отыру да қоғамға белгілі бір дәрежеде ой салады.

Сонымен қатар, экогидтер мен волонтерлердің жұмысын жандандыру қажет. Қазақстанда көптеген экологиялық акция өтеді бірақ оның экологияға тигізіп жатқан пайдасы көпшілікке беймәлім. Мұндай акцияларды экологтармен ақылдаса отырып, экологиялық ережеге сай өткізу керек.

Әзербайжан: Тарихи нысандарды қорғау

Бұл елде тарихи ескерткіштерге қол тигізуге болмайды, олардың аумағы қоршалған, бейнебақылау орнатылған. Қазақстанда да Таңбалы тас, Беғазы-Дәндібай, Есік қорғаны секілді археологиялық және тарихи орындарды қоршап, ашықтан-ашық кіруді шектеуге болады.

QR кодтар арқылы виртуал экскурсиялар мен гидсіз саяхат мүмкіндігін жасау табиғи аумаққа кірушілер санын ғана емес, жүктемені де азайтады.

Мәдени нысандарды қорлайтындарға қатаң жаза белгілеу де нәтиже береді. Мәселен, жартастарға жазу жазғандарды қатаң жауапқа тартып, ол жөнінде ақпарат құралдары арқылы тарату басқаларға ой салары сөзсіз.

Туристерге сапар алдында экологиялық мінез-құлық ережелерін түсіндіру — маңызды тәжірибе. Туристік қызмет көрсететін фирмаларға міндетті түрде экобрифинг өткізу талабын қою нәтижесін береді.

Қазақстан жағдайында Ұлттық парктерде «экотәрбие сағаттарын» енгізу мүмкіндігі бар. Мәселен, 5–10 минуттық нұсқаулық түріндегі видео жасауға болады немесе гидтер қысқаша таныстыра алады.

Әлеуметтік желілерде инфлюенсерлермен бірге экобілім кампаниясын жүргізу – қолға алуға болатын және шығыны аз шара.

Түйін:

Экотуризм – жауапкершілікпен саяхаттауға, табиғи ресурстарды сақтауға және жергілікті экономиканы дамытуға ықпал ететін маңызды аспекті. Экотуризм әдістерін қолдану арқылы табиғаттың сұлулығын тамашалаумен қатар, қоршаған ортаны қорғаймыз. Экологиялық туризм мемлекеттің экономикасын қалыптастырудың ажырамас бөлігі. Туризм – жай ғана саяхаттау емес, мәдениет, экономика және экология арасындағы нәзік тепе-теңдікке айналды. Қазақстан туризмді дамыту жолында үлкен қадамдар жасап келеді. Бұл дамудың табиғи ортаға тигізетін әсерін елемеу үлкен қателік. Экологияға деген көзқарасты түбегейлі өзгерту қажет. Туризм табиғатты тұтынудың емес, оны сақтап, құрметтеудің құралы болуға тиіс. Туристік бағыттардың кеңеюі табиғатқа зиян тигізбей, керісінше, оны қорғауға үлес қосуы қажет. Әлемдік тәжірибені Қазақстанға көшіру үшін заң, инфрақұрылым және ақпарат тұрғысынан өзгерістер қажет. Бұл шешімдер экологияны қорғайды, туризм сапасын арттырады, болашақ ұрпаққа табиғатты таза күйінде сақтап жеткізеді.

undefined

Бұл материал шешім журналистикасы жанрында Solutions Journalism Lab II жобасы аясында дайындалған және автордың жеке көзқарасын білдіреді. 

0
0
2806

KERUEN EXPRESS: Путешествие, которое останется в сердце

Когда я впервые услышала об инфотуре KERUEN EXPRESS, сердце забилось сильнее. Алматы — Туркестан — Самарканд — Бухара — Ташкент… Само звучание маршрута обещало нечто особенное. И оно действительно оказалось больше, чем просто путешествием — это было настоящее погружение в историю, культуру и дух Великого Шелкового пути.

undefinedНас было 80 человек. Люди из разных городов, разных возрастов, с разными историями, но объединённые одной мечтой — увидеть своими глазами места, где когда-то проходили караваны.

Туркестан

Ранним утром наш поезд прибыл в Туркестан. Я вышла на перрон и вдохнула — воздух был свежий, но с каким-то особенным ароматом старины.

undefined

Нас сразу увезли на экскурсию в Отрар — я словно попала в древнюю легенду. А мавзолей Ходжи Ахмеда Яссауи — он впечатляет не только архитектурой, но и своей мощной энергетикой. Вечером мы попали на шоу в Altyn Samuryq. Это был не просто аттракцион — это была настоящая сказка, ожившая на моих глазах.

undefined

undefined

Самарканд

На следующий день — Самарканд. Площадь Регистан… Как будто открытка из прошлого ожила. Я не могла оторвать глаз от этих мозаик, узоров, цветов. Всё дышало величием.

undefined

Особенно запомнился Шахи-Зинда — место, где тишина говорит громче слов. Мы гуляли среди мавзолеев, и казалось, что время остановилось.

undefined

Бухара

Утром мы уже были в Бухаре. Город встретил нас теплым солнцем и ароматами специй.

undefined

Здесь особенно чувствуется восточная душа — в минарете Калян, в Арке, в уличных чайханах. Мы шли по древним улочкам и улыбались прохожим — а они отвечали нам той самой узбекской добротой, которую не спутаешь ни с чем.

undefined

Ташкент

Ташкент оказался удивительно современным и уютным.

undefined

Мы гуляли по скверу Амира Темура, ели горячую лепёшку прямо с базара Чорсу, а вечером попали в Magic City — невероятный мир фантазии и света.

undefined

Каждый день был продуман до мелочей: от комфортабельных вагонов с душем до вкусных обедов и профессиональных гидов. Но самое главное — люди. Эти 80 человек стали за несколько дней чем-то большим, чем просто участниками тура

undefined

Стоимость поездного круиза 250 000 тенге.

АКЦИЯ ко Дню защиты детей! Стоимость тура для детей со скидкой 50% - 105 000 тенге, при условии сопровождения одного взрослого.

Для бронирования и получения дополнительной информации:

‪‪+7 747 040 7405‬‬ Азиза

Дополнительный номер: ‪‪+7 775 511 5020

Вот финальное расписание следующих туров:

undefined

автор: @zhansaya_me

0
0
3408

Visit Aqmola : Жаңа бағыттар, қызықты деректер мен ерекше орындар

Желтоқсанның 13-14 күндері Visit Aqmola ұйымдастырған ерекше инфо-тур Астана-Бурабай бағытындағы жаңа электр пойызының ашылуынан басталды. Бұл турдың мақсаты – өңірдің туристік әлеуетін көрсету, жаңа маршруттарды таныстыру және аймаққа деген қызығушылықты арттыру. Турға журналистер, блогерлер мен медиа саласының өкілдері жиналды, олар туризмнің дамуына ақпараттық қолдау көрсетуге дайын екенін көрсетті.

undefined

Қысқы мерекелер қарсаңында Ұлттық тасымалдаушы «Астана-Бурабай курорты» бағыты бойынша жаңа туристік электр пойызын іске қосты. Бұл электр пойыз жолаушыларды Астанадан Бурабайға аралық аялдамасыз небәрі 2 сағат 26 минутта жеткізеді. Электр пойыз сейсенбі мен сәрсенбіден басқа күндері күн сайын қатынайды.

Жаңа электр пойызы сапарды барынша ыңғайлы, жылдам және қауіпсіз етуді мақсат етеді. Ол Астана мен Бурабайдың арасын бірнеше сағатта байланыстырады, бұл қала тұрғындары мен туристер үшін таптырмас көлік түрі.

Электр пойыз отандық өндірісте жасалған 6 заманауи вагоннан тұрады.

undefined

Билет құны «Нұрлы Жол» станциясынан – 2770 теңге, «Астана» станциясынан – 2548 теңгені құрайды.

undefined

Мультимедиялық орталық – туризмнің жаңа деңгейі

Инфо-тур барысында ерекше назар аударылған орындардың бірі – мультимедиялық орталық. Бұл кешен аймақтың тарихын, табиғатын және мәдениетін заманауи технологиялар арқылы таныстыратын инновациялық алаң болып табылады.

undefined

Кешеннің ең қызықты бөліктері:

  • Интерактивті экрандар: Келушілер аймақтың туристік картасын, табиғи ресурстарын және мәдени мұраларын цифрлы форматта көре алады.
  • 3D-проекциялар: Бұл технология арқылы табиғаттың әсем көріністері мен тарихи оқиғаларды сезінуге мүмкіндік бар.
  • Виртуалды экскурсиялар: Қонақтар виртуалды шлем киіп, Бурабайдың табиғатын немесе тарихи орындарды "аралап" шықты.
  • Медиа аймақ: Журналистер мен блогерлер үшін мультимедиялық контент жасауға арналған алаң.

Кешен 2021 жылы іске қосылды, 3 жылдан кейін оның тұжырымдамасы қайта қаралып, соңғы анимациялық және аудиовизуалды технологияларды қолдана отырып жаңартылды.

Қысқы жеңілдіктер бойынша кіру құны: НАУҚАН!

Ересек адамдарға: 3990 тг (15 минуттық қысқа сеанс 1990 тг)

Балаларға :1990 тг (15 минуттық қысқа сеанс 990 тг)

Жұмыс уақыты:10:00 -18:00 дейін

5 жасқа дейін кіру тегін

undefined

Қысқы Бурабай – ертегі әлемі

Инфо-турдың тағы бір айрықша сәті – Бурабайдың қысқы келбеті болды. Қатысушылар қар жамылған ормандардың тыныштығын тамашалап, "Қазақтың Швейцариясы" деп аталатын табиғаттың сұлулығына куә болды.

Қысқы уақытта Бурабай туристер үшін мүлдем жаңа қырынан ашылады:

Мұз қатқан көлдерде Электр сүйрегішпен сырғанау.

Қарлы таулар арасында шаңғы тебу.

Журналистер Бурабайдың тек жазғы бағыт емес, қысқы туризмнің де орталығы бола алатынын атап өтті.Қазақтың Лапландиясына саяхат жасау.

undefined

Бурабайдағы марал шаруашылығы экологиялық туризмнің бірегей үлгісі. Мұнда табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану арқылы қоршаған ортаға зиян келтірмей, адамдардың денсаулығын жақсарту басты мақсат етілген.

Бурабайға саяхат жасаған кезде, міндетті түрде марал шаруашылығына барып, бұл ерекше тәжірибені өз көзіңізбен көріңіз. Табиғаттың осындай сыйы әр адамға қуаныш пен шипа сыйлайтыны сөзсіз.

undefined

Бурабайдағы марал шаруашылығына кіру құны мен жұмыс уақыты әр маусымда өзгеруі мүмкін. Алайда, жалпы мәліметтерді келесідей түсіндіруге болады:

Кіру құны:

  • Ересектер үшін: шамамен 1000 теңге.
  • Балалар үшін: 800 теңге
  • Топтық экскурсиялар үшін арнайы жеңілдіктер немесе пакет ұсыныстары бар.
  • Көктем-жаз маусымында: күнделікті сағат 10:00
  • Қысқы маусымда: (кейде ауа райына байланысты өзгеруі мүмкін)
  • Демалыссыз жұмыс істейді, бірақ алдын ала брондау ұсынылады.

Бұл нақты ақпаратты алдыңызға сапар жоспарлар алдында жергілікті байланыс нөмірлері немесе веб-сайт арқылы тексергеніңіз жөн.

undefined

🚩 КПП-да жаңа ережелер!

Инфо-тур барысында Бурабай курорттық аймағының кіреберісіндегі КПП (бақылау-өткізу пункті) жұмысына енгізілген жаңа ережелер туралы білдік:

1️⃣ Электронды төлем жүйесі енгізілді, бұл уақытты үнемдеп, процесті жеңілдетеді.

2️⃣ Көліктерді жылдам өткізу үшін қосымша өткізу жолақтары ұйымдастырылды.

3️⃣ Курорттық аймақтың экологиялық тепе-теңдігін сақтау үшін кіру ақысы туризмді қолдау мен табиғатты қорғау шараларына бағытталады.

🌿 Бұл жаңашылдықтар туристер үшін қызмет сапасын арттырып, курортты таза әрі қолайлы етіп сақтауға бағытталған.

Сіздер енді тек бір авто көлікке тәулігіне 1108 тг төлейсіздер

undefined

енді Абылай хан алаңында тұрақ ақылы

Журналистер мен инфо-турдың маңызы

Бұл сапар туризм мен медиа арасындағы ынтымақтастықтың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Қатысқан журналистер мен блогерлер аймақтың ерекшеліктерін өз аудиторияларына жеткізуге мүмкіндік алды. Тур барысында алынған материалдар алдағы уақытта өңірлік туризмді дамытуға жаңа леп береді.

undefined

Visit Aqmola

Visit Aqmola ұйымдастырған бұл инфо-тур Қазақстанның ішкі туризмін дамыту үшін үлкен мүмкіндік екенін дәлелдеді. Аймақтың жаңа нүктелерін танымал ету, медиа арқылы дұрыс таныстыру – ішкі және сыртқы туристерді тартудың ең тиімді жолдарының бірі.

Осындай жобалар елдің туристік әлеуетін арттырып қана қоймай, өңірлік экономикаға да оң ықпал етеді. Алдағы уақытта да Visit Aqmola ұйымдастырған жаңа инфо-турлар мен жобалар елдің басқа өңірлерінде осындай табысқа жетеді деп сенеміз.

Автор: Жансая Ғаниқызы @zhansaya_me

cұрақтарыңыз болса: @visitaqmola хабарласа аласыздар


0
0
4542

Жетісу облысына инфо-тур: Әсем табиғат пен жаңа мүмкіндіктерге саяхат #VisitZhetysu (Жаркент-Хоргос)

#туризмжайлы

автор: Жансая Ғаниқызы @zhansaya_me

undefined

2024 жылдың 20-22 қараша күндері біз «Visit Zhetysu» шақыруымен Жетісу облысына инфо-турға бардық. Бұл сапарға 30-дан астам блогерлер, депутаттар, мұғалімдер мен журналистер жалпы айтқанда өз елін сүйетін жиһанкездер қатысты.

Біздің мақсатымыз – Жетісудың туристік әлеуетімен танысып, облысқа сапар ұйымдастырудың маңызын көрсету болатын.

undefined

Жетісу облысына сапардың басталуы

Мен ұшақпен саяхаттағанды ұнатамын, әр сапар маған жақсы сезім сыйлайды. 20 қараша таңғы 5 те Астана қаласынан ұшып, Алматы қаласының әуе жайында қатысушылармен танысумен сапарымыз басталып кетті. Бізді жылы қабылдаған жергілікті ұйымдастырушылардан кейін, Жаркент қаласына жол тарттық.

undefined

Жолға шамамен 4 сағаттай уақыт кетті. Қаланың тарихи және мәдени ерекшеліктерімен танысып, Жаркент мешітінде суретке түсіп, осы жердің тарихы мен архитектурасымен таныстық.

undefined

Гастрономилиялық керемет те болды, бізге түскі асқа дәмді тағамдар ұсынылды

.

undefined

Хоргос шекарасы: Қытай мен Қазақстан арасындағы байланыстың дамуы

undefined

Жаркенттен кейін біз Хоргосқа жол тарттық.

«Қорғас» ШЫХО шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы – бұл «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен «Жібек жолы» экономикалық белдеуі стратегиясы аясындағы әлемде теңдесі жоқ Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлескен әрі бірегей жобасы. ҚР жағынан келген келушілер айына бір рет салмағы 25 кг болатын немесе құны 500 евро тұратын тауарларды бажсыз алып шыға алады. Кіру құны 3000 т

undefined

Шекаралық бақылау: Қорғас арқылы Қытайға кіру үшін шекаралық бақылаудан өту керек. Бұл процесс паспорттық тексеру және кедендік рәсімдерден өтуден тұрады. Шекаралық бақылау бекетінде Қазақстаннан Қытайға өту үшін қажетті барлық құжаттарды көрсету керек. МАҢЫЗДЫ!«Қорғас» ШЫХО арқылы шекарадан өту кезінде ешқандай шектеулер, қарыздар, төленбеген айыппұлдар немесе соттық міндеттемелер болмауы тиіс. @mcps_khorgos

undefined

Бұл жерде біз шекарадан жасыл коридор арқылы жылдам өтіп, Joysuitеs қонақ үйінде жайғастық. Буферная зона деп аталады, яғни бұл аймақ екі елге де арнайы зоналарда еркін жүріп сауда саттық жасауға мүмкіндік береді.Кешке бұл жер шамалы қорқынышты, себебі жан жағы темір сыммен қоршалған әрі көшеде адам жоқ. Қызықтың бәрі таңғы 9 да басталады, ұтымды сауда жасауға мыңдаған адамдар келеді.

undefined

Таңертең Хоргос қаласымен таныстық, мұнда бірнеше сауда орындарымен және көрнекті орындарды аралап, мұражайға бардық. Уақытыңыз болса, кіру құны 1950 тг тұратын мұражайға міндетті түрде кіріңіз. Себебі, ішінде Қытай стиліндегі көріністер шынымен қызықты.

undefined

Сонымен қатар, Хоргос сауда орталығында сауда жасап, қала экономикасының дамуын көзбен көрдік. Қажетті заттың бәрін таба аласыз, бағалары кейбір заттарға 60 пайызға дейін арзан.

undefined

Сапасына қарай жақсы заттарды да табуға болады.Мысалға мына парка 34 000 тг ал Астанада бағасы 80 000 тг ден жоғары.

undefined

КЕШКІ МЕРЕКЕЛІ АС

Жаркенттің тарихи орындары мен сауықтыру

Сапарымыздың соңғы бөлігі Жаркентке оралып, Жаркент арасан шипажайына орналасуымен жалғасты.

undefined

Шипажайдың табиғи емдік суы мен балшығын пайдаланып, денсаулығымызды нығайттық. @zharkentarasan

undefined

Сондай-ақ, тау ауасының тазалығы мен табиғатының сұлулығы бізге ерекше әсер қалдырды. Ата аналарыңызды тынығуға жіберетін жер іздеп жүрсеңіздер, Жаркент арасан сіздерге көмектеседі) Себебі бағасы мен сапалы қол жетімді бір де бір үздік шипажалардың бірі.

undefined

Аулие ағаш пен Жетісудың ерекше орындары

undefined

Сапарымыздың соңғы сәттерінде бізді Әулие ағашына алып барды. Бұл орынның энергетикасы ерекше әрі тыныштандыратын әсерге ие. Ағаштың маңайында өткізген уақыт бізге үлкен қуаныш сыйлады.Енді Әулие ағаш жайлы өздеріңізде білетін шығарсыздар….

undefined

Бұл инфо-тур менің көңілімде терең із қалдырды. Жетісу облысының табиғи сұлулығы мен мәдени байлығы өте әсем, әрі ерекше. Туризм саласының дамуы үшін бұл аймақ үлкен әлеуетке ие. Жетісудағы шипажайлар, табиғи көздер, тарихи орындар мен сауықтыру кешендері өз келушілеріне ұмытылмас әсер қалдыратыны сөзсіз. Бұл сапар маған ерекше әсер сыйлады, әрі осындай сапарлар арқылы Жетісу облысының туристік әлеуетін ашуға үлес қосуға дайынмын.

undefined

@visitzhetysu «Visit Zhetysu» тобына және Жандос мырзаға @zhandos_nuriyev ұйымдастырған инфо тур үшін шын жүректен алғысымды білдіремін! Сіздердің кәсібиліктеріңіз, қонақжайлылықтарыңыз және жоғары деңгейдегі ұйымдастыру қабілеттеріңіз осы іс-шараны өте есте қаларлықтай етті. Әрбір сәтті ерекше көңіл-күймен өткізуге мүмкіндік жасадыңыздар, әрі Жетісу өңірінің табиғи және мәдени байлықтарын тереңірек танып-білуге жағдай жасадыңыздар.

undefined

назарларыңызға рақмет!

автор: Жансая Ғаниқызы @zhansaya_me

0
0
3105

Вся правда о голубой лагуне

Голубая лагуна – где это, что это? Что такого особенного в этом ? Как появилась Голубая лагуна, это — чудо природы, или ее построили люди? Сколько времени отвести на визит, чтобы полезные воды лагуны принесли вам максимум пользы? Какой температуры вода в лагуне? 

Лагуны во всем мире славятся своими уникальными свойствами. Самый знаменитый в Исландии.

Подробнее если описать то, голубая лагуна – большое озеро с идеальной для купания температурой (в среднем 39°C). Она расположена на полуострове Рейкьянес на юго-западе Исландии, в 15 минутах езды от международного аэропорта Кефлавик и примерно в 30 минутах от столицы, Рейкьявика. Получается, что это идеальное место для остановки по приезде или отъезде. С некоторой помощью всемирно известных СМИ (National Geographic внес Голубую лагуну в список топ-25 чудес света, а журнал Condé Nast Traveler присудил ей одно из первых мест в списке топ-10 спа мира) Голубая лагуна стала знаменитым местом, в которое стремятся попасть туристы со всего мира.

Более того, сегодня Голубая лагуна так популярна, что нужные вам даты придется бронировать за несколько дней (а иногда – за несколько недель).

Конечно же вся эта красивая история не касается нас. Ведь наша лагуна в Астане совсем не такая. В нашей лагуне нельзя купаться. Источники в Казнете написали о лагуне статью. Прочитав об этом место мне тоже как и всем захотелось увидеть красоту своими глазами. 

Отрывки (http://express-k.kz/news/fauna/pod_nur_sultanom_nashli_golubuyu_lagunu-145650) 

Под Нур-Султаном нашли голубую лагуну. На это озеро десятками приезжают молодые красотки, чтобы сфотографироваться на фоне белоснежного пляжа и лазурной воды. Чем не Бали? 

Первой это чудесное место обнаружила столичная модель Динагуль Тасова, которая устроила здесь фотосессию в неглиже. По ее словам, это красивое место, где можно отдыхать и купаться совершенно бесплатно. Динагуль предложила назвать пляж своим именем. На днях о нем написал блогер Ерлан Сакенов, который назвал это место «столичным Бали». 

Новая столичная достопримечательность представляет собой карьер, окруженный отвалами известняковой породы. Также выяснилось, что на протяжении долгого времени сюда свозили отходы с завода по производству силикатных кирпичей. 

Озеро находится в 20 минутах езды от столицы по шоссе Алаш. Место представляет собой карьер, окружённый отвалами известняковой породы. Спустя время экологи сделали важное заявление: в воде имеется превышение химического потребления кислорода. Купаться здесь не стоит, но место очень красивое.

На выходные мы съездила туда. Проехали чуть дальше рынка Шанхай. Весь путь отнял у нас примерно 40 минут, мы искали дорогу и потеряли буквально 15 минут. Заехать туда можно с 2 сторон. Мы же подъехали со стороны, откуда можно было заехать во внутрь. Первое впечатление было на удивление странным, вокруг мусор. Но чуть пройдя, я увидела очень красивое место. 

Дух захватывает. 

Вода тут необычная . Кристально бирюзовый цвет воды  на фоне белых скал удивляет. Красивейший вид бирюзовой глади на фоне крутых отвесных берегов не может не произвести впечатление. 

Мы узнали об этом месте только в этом году, никаких информации нету. Как это место появилось ? Почему она в таком состояний? Почему именно сюда свозили отходы с завода по производству?

Как сообщает Елорда.инфо со ссылкой на пресс-секретаря Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК Самал Ибраеву, озеро образовалось на месте бездействующего карьера. 

На месте водоема был каолиновый карьер, созданный для добычи особого вида белой глины. С 2013 года карьер бездействует. В радиусе трех километров производственные и жилые объекты также отсутствуют. Необычный цвет воде придает глинистый минерал монтмориллонит. Искусственный водоем подмывается грунтовыми водами, из-за этого вода в нем постоянно бирюзового цвета.

Подробнее: https://liter.kz/society/tourism/9984-kakie-opasnosti-tait-stolichnaya-golubaya-laguna-/

Надеюсь сюда будут относится более бережно. Очистят мусор, поставят урны и сделают все удобство.

Огородить местность ! Запретить бросать мусор. Поставить лавочки и беседки   для удобство,  следить за тем что бы люди не купались, сделать банер о том что  опасно для жизни. Сделать информативные таблички.  Для красивых фотографии то самое место! Что бы мы не говорили все время  *как за рубежом* а с гордостью рассказывали и делились красивыми локациями нашей родины.

 да и кстати *голубая лагуна – большое озеро с идеальной для купания температурой.  Думаю наше место не стоит называть лагуной, ведь это не озеро и не для купание. 

Предлагайте свои варианты в комментариях ! Как бы вы назвали это место?

автор: Менилбаева Жансая

Давайте Развивать Туризм Казахстана вместе!

в тексте есть данные из интернете 

6
1
9017

Сказочный край Баянауыл

Ко дню для столицы жители Астаны предпочитают отдыхать на природе ведь, приятно отдохнуть летом от суеты в дали от города. Самый ближайший Бурабай. Но мы в этот раз решили поехать туда где еще не были, в национальный парк Баянауыл.

Павлодарской области находится небольшой райский уголок. Баянаул - четыре озера, окруженные скалистыми горами и сосновыми лесами. Национальный Баянаульский парк идеально подходит для тех, кто устал от шумного Борового и для тех, кто только знакомится с природой и историей Казахстана. 

6 июля в 5.30 утра мы выехали из Астаны.  По дороге увидели стаю куланов из далека. Это был приятный знак для нас. Ближе к Екибастуз мы решили заправятся, сделали остановку. Везде степь, хоть и был кондиционер было жарко. Мы следовали по карте Яндекс мап. Спасибо кто придумал эту карту, офф лайн показывает путь куда направляться ) . 

Расстояние по маршруту Астана и Баянаул 451 км .

На машине из Астана в Баянаул вы проедете 05 часов 38 минут средняя скорость на дороге 80 км/ч. Расход бензина на трассе 50 литров

Ближе к 12 мы заехали в поселок Баянауыл.

Поселок Баянаул находится на берегу озера Сабандыколь.

Искали тур центр где можно было взять карту или путеводитель. Но к удивлению ничего не нашли, поспрашивали у местных они отправили нас в местный акимат. Но там тоже ничего не нашли. 

Мы тут в первые, как путешественники открывали новые места). Поселок чистый и милый. Жители приятные и отзывчивые. По обедали в местном кафе и двинулись дальше. 

Один мужчина подсказал как доехать до озеро Жасыбай. Примерно 10 км от Баянауыл. Заплатили по 550 тг за 2 человек в эко пост. Сюда приезжают в основном из Караганды и местные ( Павлодар и Екибастуз).

Побережье озера Жасыбай - главная туристическая зона. Представьте озеро изумрудного цвета с прозрачной и освежающей водой. Люди с глубокой древности облюбовали это место.

Инфраструктура недостаточно развита, поэтому отдыхая в некоторых зонах отдыха машина времени перенесет Вас в советский период. Романтика, не правда ли? Во многих домах отдыха чисто и уютно, но условия проживания зачастую спартанские. Однако не стоит пугаться, ведь природа и душевные люди компенсируют некоторые неудобства.

Я в восторге от этого место. Вода теплая и вокруг такая красота.

Мы покупались тут от души, но решили поехать дальше.

Баянаул – древняя горная система, в которой столетиями влажный воздух и выветривание формировали чудесные скалы. Их причудливые фигуры будто сами заставляют людей додумывать и разгадывать природные тайны. Это позволило окутать весь край удивительными мифами и легендами.

Когда говорили о Баянауыл всегда слышала о Кемпир тас и мечтала увидеть ее. 

Проехав еще 20 км мы увидели КПП. Заплатили 500 тг на тур дорогу. И отправились за эмоциями. Как только выезжаешь из Нац парка ты поподаешь в другую вселенную. Необычные камни и горизонт окутывает тебя. Посмотрите сами?

Будто кадры из мистического фильма. Включайте свою фантазию) 

 Змея 

Так же мы посетили Сайман тас.

Вот и моя мечта сбылась)

Казахландия

Казахская версия локации Властелин Колец 

Дорога в Космос 

вон я вижу маленького динозавра )

Немного истории ….

Скала Кемпиртас видна с некоторых возвышенных точек дороги от озера Торайгыр к озеру Жасыбай.
Невольно думаешь: не она ли натолкнула древних сказителей на мысль создать в поэме «Козы-Корпеш-Баян-Слу» образ Мыстан-Кемпир - злобной старухи, которая своими уловками препятствовала джигиту на его пути к невесте.

 Село Торайгырова, стоящее у живописного озера, издавна славилось своими замечательными Конями-легкими, быстроногими тулпарами. Но однажды начали пропадать кони, как не пытались сторожить джигиты – безрезультатно.


Каждую ночь исчезал с табуна самый лучший конь. Собрался совет старейшин, посовещались старцы и решили, без нечистой силы тут не обошлось. Постановили старцы усилить дозор и поймать вора.


И действительно, ночью дозорные увидели, как страшная старуха Мыстан -Кепмир схватила лучшего коня из табуна и унесла его по небу в свою пещеру. Единственное, что успели джигиты - это найти логово страшной старухи.


На следующую ночь решили сделать засаду у этой пещеры. И вот вторая ночь на исходе. И снова несется по небу Мыстан-Кемпир. Но стоят у пещеры джигиты, не дают бабе-яге попасть в нее.


Из последних сил разбросала Мыстан-Кемпир джигитов в сторону и ринулась в пещеру. Но первый луч солнца заставил окаменеть ее голову, не успевшую скрыться. Так и стоит скала Кемпиртас у развилки дорог между поселком Торайгырова и Бержансколем.

Местые продают кумыс. Тут он на вкус особенный. 

 я улетела !

Здесь можно увидеть редкие реликтовые краснокнижные сосны, черный реликтовый шиповник, черную ольху, можжевельник и даже орех чилим, который растет на дне водоема. Все они пришли к нам из древних времен. 400-500 миллионов лет назад началась история этих гор. 

Хранят ли они тайны? Конечно! Ведь они оказались тут раньше, чем по миру стали раз 

 Это родник Торайгыр , вкус воды тут мягкий хочется все время пить его. Местные сказали что это лечебная вода.

За 1 день мы успели ощутить разные эмоций. Вечером мы искали ночлег. Нашли палаточный лагерь к сожалению там не было место, но там и условии никакие ( не ухоженно ) просто огородили место но для условии ничего.

Все к лучшему. мы вернулись на пляж оз Жасыбай где купались днем. Познакомились с приятной семьей. Вечером у нас был душевный разговор. Важно всегда оставаться просто людьми. Ночь в палатке это особая романтика.

Путешествие – это не обязательно дорогостоящий тур, это может быть бюджетная поездка по новым, не знакомым ранее местам, которая доставит вам не меньше удовольствия. Не отказывайте себе в возможности видеть мир и наслаждаться жизнью. Ведь даже поездка в соседний город может отвлечь вас от серых будней и подарить новых знакомых.

Локации : Баянауыл, Сайман тас, Кемпир тас, Торайгыр булагы, Жасыбай.

автор: Менилбаева Жансая

Давайте Развивать Туризм Казахстана вместе!

 в тексте есть данные из интернете 

11
9
9292

Мы за сохранение экологии

Экологической проблемой называют ту проблему, которая приводит к уничтожению окружающей среды, и даже способна привести к уничтожению человечества.


Привет, после просмотра испытала странные чувства. Люди сами же создают себе глобальную проблему и усугубляют ее. Проблема в экологии касается каждого из нас. Я социально ответственный человек . Если вижу мусор по дороге,  обязательно подниму и отнесу к мусорной урне. Совесть не позволяет мимо пройти. По мере возможности вместе эко активистами участвую высадке деревьев. Это отличная возможность подать пример окружающим, оказать большую услугу своим детям и всей будущей планете.

Воздух, вода, земля — наше естественное окружение. Сегодня их состояние оценивается как катастрофическое, планета переживает экологический кризис. Этот ролик мы сняли в 2014 году.  


Я организовывала туры, видела мусор в Нац.парках, насколько люди стали безразличны к природе. Почему организаторы не следят за порядком, почему сами отдыхающие туристы не могут убрать за собой ? Ведь после них приедут еще люди отдыхать. Да и в общем надо бережно относится к природе!

Путей решения экологических проблем человечества предлагается довольно много. Но обычно все сводится к тому, чтобы правильно утилизировать отходы производства и, перейти на более экологически чистые способы промышленности, использовать более чистое топливо, естественные системы выработки электроэнергии (как солнечные батареи или ветряные мельницы). Однако на самом деле проблемы гораздо глубже.

После моего последнего поста ФБ, мне удалось познакомиться с основателем  ECO Network, и управляющим директором KASE 

Евгений Мухамеджановом и представителем города Нур-Султан Аидои Бапаховой.

Познакомиться с таким проектом, для меня имеет важность.

Прочитайте сами, с ними все просто!

ECO Network решает проблему сортировки отходов для бизнеса

и одновременно формирует компаниям ЭКО имидж.

Сервис включает:

1) обучение сотрудников

2) установку эко боксов

3) вывоз отходов

4) сбор статистики и формирование инфографики, отчетов

5) рекламу вашей компании через наши ресурсы

6) Участие во встречах ЭКО директоров

7) Приглашение на открытые мероприятия (ЭКО форум, обучения)

Ваша активность даст жизнь сотням производств по переработке отходов и изменить культуру.

ECO Network – это объединение организаций, которые системно внедряют в своем офисном пространстве принципы сортировки отходов для их дальнейшей переработки (макулатура, пластик, стекло, алюминий, батарейки). ECO Network в свою очередь предоставляет свой сервис этим компаниям по профессиональному обучению, установке ЭКО боксов, вывозу отходов, накоплению статистики и формированию ЭКО имиджа компании на рынке. В дальнейшем компании получают доступ к расширенному сервису.

Сортировка отходов в офисе важный элемент социальной ответственности компании. Участие в общей экосистеме запускает мультипликатор вашего влияния на общество через грамотное распространение информации всеми участниками системы. Чем больше компаний в ECO Network, тем выше глобальней эффект на общество в области изменения культуры. Мы все хотим жить в чистом, цивилизованном мире.

У клиентов ECO Network, которые ранее предпринимали попытки самостоятельно внедрить систему сортировки возникали общие вопросы:

1. Как быть уверенным, что все делается правильно?

2. Кого задействовать из сотрудников?

3. Куда отвозить сортированные отходы?

4. Что получает компания от этой деятельности?

ECO Network профессиональный сервис отвечает на все эти вопросы и даже больше.

Важно заметить. Статистике профессиональной организации доверие всегда выше.

Почему необходимо ?

Меняется сознание

Сервис меняет культуру и отношение к потреблению и утилизации отходов каждого сотрудника компании.

Трансфер знаний

Вашему примеру последуют дети, друзья, родственники. Знания распространяются быстрее чем вы можете представить в организованной среде.

Нулевое потребление

Человек осознанный начинает понимать, что мы потребляем гораздо больше, чем нам необходимо (одежда, еда, техника). Важным является только наше здоровье и эмоциональное состояние. Вы оказываете огромное влияние на окружающий мир

Каждый делает сам

Сортировка отходов – это задача каждого сотрудника. Мы превращаем ее в игру, в соревнование с собой, с коллегами, другими организациями.

Не оставайтесь равнодушным и присоединяйтесь к нам !

Нельзя допустить, чтобы люди направляли на свое собственное уничтожение те силы природы, которые они сумели открыть и покорить. Ф.Жолио-Кюри

2
0
931

Туризм - это большая ответственность.

Туризм эта такая ниша, где каждый думает что может нажить себе кучу денег.
У кого то получается (бывает и не безопасно для туристов, хотя кому какая разница главное ведь для них деньги).
Кто то просто отступает.

 Я считаю, что нет лёгкой работы и профессии. Везде есть свои подводные  камни, соглашусь что везде нужна конкуренция. Но тут важно, что бы  конкуренция была здоровой.
Вот, вы  занимаетесь тем чем вы зарабатываете себе на жизнь. Вы тратите деньги.  Вы продаёте свою энергию и свое время, что бы вы смогли купить себе то  что вы сейчас имеете.


Вы теряете здоровье, нервы..порой даже друзьей. Стоит ли все это того?
 Поэтому лучше всего заниматься тем что тебе по душе. Научится и  вкладоваться на все 100. Усердно включать все свои силы. Только так ты  можешь добиться успеха в чем то. А те кто сейчас якобы строят из себя  деловых людей, сойдут с пути.
Надо любит свое дело всем сердцем. @ainaline.me для меня значит многое!
Я не смогла работать где либо тут в Астане. Что то шло не так.
Сейчас поняла что это все к лучшему.
Я постепенно возвращаюсь в свой строй. Какие бы обстоятельства не были, в наших руках повлиять на нашу жизнь.
Грамотно спланированный маршрут. Конкретные партнёры. И стальные нервы! 

Туризм - это большая ответственность.
 Люди доверяют тебе свой отдых. Свое самое дрогоценное!!!! Это свободное  время. Наша цель заполнить её яркими эмоциями.  Главное.. самые  искренные чувства в оказаний услуг,то есть организовать поездку.  Качественно и комфортно.
😊Мне  важно, что бы каждый турист получал наслаждение от наших поездок. То  есть - уважение. Оправдать ожидание не каждому дано. Но я приложу все  свои силы, знаний, душу что бы каждая поездка была 👍на все 💯! 

P.S поддержите нас @ainaline.me в соц.сетях 🙏 можно хотя бы приятными пожеланиями. Напишите отзыв о нас у себя или здесь. Мне будет приятно.

4
4
781