Баянсыз махаббат: Уна О’ Нил мен Джерри Сэлинджер
Байқап қарасам, Нобель сыйлығының иегерлерін жиі кезіктіріппін. Әдебиет саласындағылармен. Альбер Камю мен Исигуро жайлы жазып ем ғой, Киплингтің Мауглиі мультфильм ретінде есімде қалмаса да, кітабын оқығанмын. «Мы с тобою одной кровью - я и ты» деген жері әлі есімде. 8 сынып аяқтағанда үйдегі орысша кітаптардан тапқаным сол еді. Рабиндранат Тагор жайлы реферат жазғаным бар. Бернард Шоудың әзілдеріне ықыласын бір бөлек. Бірақ, Бернард әзілдемейді, ол шындықты бетке айтады ғой. Мәскеуге барған сапарымда Фредерик Бегбедердің «Уна и Джерри» деген кітабын қолға алдым. Экс-копирайтердің бұған дейін «99 франк» пен «Махаббат 3 жыл өмір сүреді» кітаптарын оқығанмын. Депрессивті һәм заманауи жазушының шынайылықты сипаттау мен құндылықтардың маңыздылығын жоққа шығаратыны ұнайтын. Сондықтан алдым. К…