Баянсыз махаббат: Уна О’ Нил мен Джерри Сэлинджер
Мәскеуге барған сапарымда Фредерик Бегбедердің «Уна и Джерри» деген кітабын қолға алдым. Экс-копирайтердің бұған дейін «99 франк» пен «Махаббат 3 жыл өмір сүреді» кітаптарын оқығанмын. Депрессивті һәм заманауи жазушының шынайылықты сипаттау мен құндылықтардың маңыздылығын жоққа шығаратыны ұнайтын. Сондықтан алдым. Көп ойланған жоқпын. Оған қоса, Джерри Сэлинджердің «Над пропастью во ржи» кітабындағы жалғыздық сезімі кейде келіп тұрады менің де басыма.

Бір байқағаным, Бегбердердің барлық кітаптарын ортасынан жабу керек секілді. Қызық жерінде тоқтай алмай, әңгімені соңына дейін жеткіземін деп бүлдіріп алады. Бірақ, оқиғаларды заманауи европалық адамдардың көзімен жеткізеді. Шынайы.
Бегбедердің өзі бұл кітаптың стилін «фактфикшн» деп атаған. Яғни, фактілерге негізделген шығарма. Көркемдігі де жоқ емес. Бір кітаптың тым көп ұлы адамдар жинақталғанымен таң қалдырады.
Джерри Сэлинджер Уна О’Нилге ғашық болады. Екеуінің арасында махаббат болмаған. Алайда, ғашық жігіттің қамқорлығы мен ару көңілін табуға ұмтылғаны Унаға ұнағаны анық. (Ешкімді есіңе түсіріп жатқан жоқ па, Ернар?)
Уна бекер жүрген жан емес. Әкесі - Нобель сыйлығының лауреаты Юджин О’ Нил. Десек те, қыз әкесінің тәрбиесін көрмей өсті.

Юджин О’ Нил
Сэлинджер соғысқа аттанғанда, әлгі қыз серінің сезімдерін дал-дал етті: Уна 60-тың алқымынан асқан Чарли Чаплинмен танысады. Кейіннен шалдың əйелі атанады. Бала сүйеді бұл екеуі, Джерри соғыста жүргенде.
Күн сайын оққа боратқан фашистермен арпалысып жүрсе дағы, жас жігіт бүгежек қаққан жоқ - әңгіме жазуды жалғастыра берді. Унаға да жиі хат жазады. Хат махаббат емес, жауабы болады олардың. (Тағы да есіңе түсті дейсің ғой бір оқиға)
Міне, қарашада оқыған жалғыз кітабын осы.
Айтпақшы, Ермек Тұрсыновтың қайта басылып шыққан «Мәмлүк» кітабы қолыма түсті. Қолым босағанда оқимын.
Ал «Уна мен Сэлинджерді» оқимын десеңіздер, мархабат, кітабы жатыр керексіз болып. Жыламсырап жүрмендер тек.

