Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПЕТРОПАВЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ АУЛАЛАРДАҒЫ ТӘРТІПТІ ҚАДАҒАЛАУДЫ КҮШЕЙТТІ

Тамыздың 5-нен бастап тәртіп сақшылары көпқабатты үйлердің аулаларын, көшелерді және көңіл көтеру орындарына жақын аумақтарды белсенді тексеруге көшті. Бұл жұмыстар «Қауіпсіз аула» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткізілуде.

Күн сайын Петропавл қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге учаскелік инспекторлар, жедел уәкілдер, көші-қон қызметі, ювеналдық және патрульдік полицияның қызметкерлерінен, Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінен құралған 150 қызметкер түседі. Олардың міндеті – қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Камералардың назарындағы орталық көшелер мен алаңдарда құқық бұзушылықтар кездеспесе де, шағын аудандар мен жеке секторларда азаматтар заң бұзуға барып жатады.

Петропавл қ. Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Шәмшиден Ақышовтың айтуынша іс-шараның мақсаты – үйлердің аулаларында ұрлыққа жол бермеу және азаматтармен профилактикалық әңгімелер жүргізу. Жұмылдырылған барлық қызметкерлер күшейтілген түрде қызмет атқаруда.

Операция шеңберінде полицейлер құқық бұзушылықтардың орын алмауына ерекше көңіл бөледі. Олар профилактикалық сипаттағы әңгімелесулер жүргізіп, ескертулер жасайды. Бұл жұмысқа учаскелік полиция инспекторлары пәтер иелері кооперативтерінің белсенді төрағалары мен маңайларындағы тәртіпке бейжай қарамайтын тұрғындарды да тартады. «Жұмыстың негізгі бөлігі учаскелік инспекторлармен атқарылады, себебі олар аулаларды аралап, ПИК төрағаларымен қоян-қолтық жұмыс жасайды. Тұрғындар арасындағы, пәтерлердегі тәртіпті қадағалайды. Біз де өз тарапымыздан оларға көмек қолын созып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге барынша атсалысамыз», - дейді ПИК төрағасы Владимир Айперт.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының ақпаратынша, жыл басынан өңірде алкогольдік ішімдік ішкені және қоғамдық орындарда масаң күйде жүргені үшін – 7 мыңнан астам құқық бұзушы, жекелеген қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін – 2130, белгіленбеген орындарда заңсыз сауда жүргізгені үшін – 863 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұдан бөлек, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үй-жайдан тыс жүргені үшін полиция қызметкерлері 1513 хаттама толтырылды. «Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасы тамыздың 11-і күні аяқталады.

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
280

Еще по теме