ПЕТРОПАВЛДЫҚ БҮЛДІРШІНДЕР РОБОТ-ПОЛИЦЕЙЛЕРДІ ҚҰРАСТЫРЫП ШЫҒАРДЫ
«Алтын бесік» балабақшасының тәрибеленушілері өздерінің идеяларын IТ-зертхананың ашылуы барысында таныстырып, роботтардың «болашақтағы» қалада құқықтық тәртіпті нығайтуға қосатын үлесі туралы айтып берді. Балабақша меңгерушісі Мәдина Дарбаеваның айтуынша, мектепке дейінгі аталмыш мекеменің тәрбиеленушілері робототехникадан өткен байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпаздары болыпты. Ал Наурыз мейрамы қарсаңында балабақшада STEM-зертхана ашылды. Оның алғашқы тақырыбы полиция саласына арналды. Арнұр Қаратай көше қиылыстарында жол қозғалысын реттейтін робот-полицейді құрастырып шығарған. Ал Тайыр Уәлиев жол үстінде апат орын алған жағдайда лезде көмекке келетін гироскутер мінген тәртіп сақшысын, Маруан Байзақ робот-көтергіш кранды таныстырды. Сондай-ақ, балалар эвакуатор-робот, броньды машиналард…