СҚО-ДА 12 КОМАНДА АРАСЫНДА ӨТКЕН ҚЫСҚЫ ПРЕЗИДЕНТТІК КӨПСАЙЫСТАН ҚР ІІМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Петропавлда облыстық Полиция департаменттері, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында Қысқы президенттік көпсайыстан ҚР ІІМ Чемпионаты өтті. Екі күн бойы еліміздің 50 полицейінен, оның ішінде 12-сі қыздар, ең үздіктермен, шымырларды анықтады.
Чемпионат салтанатты түрде А. Винокуров атындағы Спорт сарайында ашылды. Ашылу салтанатына СҚО Полиция департаментінің басшылығынан, жеке құрамынан басқа облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет, ҚР ІІМ «Динамо» ДШСҚ ҚБ басқармасының бастығы Владимир Марьин, облыстық мемлекеттік органдардың, құқық қорғау құрылымдарының басшылары, полиция және спорт ардагерлері қатысты. Чемпионатқа республикамыздың 12 өңірінен командалар келді.
«Бүгінгі жарысқа қатысушыларға жоғары нәтиже, абыроймен жеңіске жетулерін тілеймін. Бүгінгі іс-шара спорттағы жетістіктерді ғана көрсетіп қоймай, барлық өңір полицейлерінің, сонымен қатар өңір жастарының өзара қарым-қатынасын нығайтуға септігін тигізеді. Биыл жастар жылы болып жарияланды, сондықтан бұл іс-шара осы жылды ажарландыра түседі», - деді облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет.
Погондағы спортшылар өз дайындықтарын Макаров тапаншасынан ату, күштік гимнастикадан спорт залдарында, атыс тирлерінде ғана көрсетіп қоймай, Қазақстанның қайыңды өлкесі атанған орманды қала маңында шаңғы тебуден бақ сынасты. Ерлер - 5 шақырым, қыздар - 3 шақырым жүрді. Күн райы жылып, шаңғы жолындағы қар ерісе де барлық спортшылар керемет нәтиже көрсетті.
Чемпионаттың жабылуы ашық аспан аясында, шаңғы үстінде өтті. Жыл бойы СҚО полицейлерімен «Есірткісіз болашақ» ұранымен өткізілетін бағдарламаны іске асыру шеңберінде өткізілген полиция ардагерлері және ЖҚАЖ қызметкерлерімен символдық шаңғы жарысы спорттық мерекенің шарықтау шегі болды. Ақсақалдар, қызмет атқарып жүрген офицерлер де жастарға үлгі көрсетті. Спорттың, салауатты өмір салтының, оптимизмнің – қай жаста болсаң да маңызды екендігін, ал есірткіге уақыт жоқ екендігін іспен көрсетті.
Командалық біріншілікте үшінші орынды Қостанай облысы Полиция департаментінің командасы, екінші орынды – сайыс иелері Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің командасы еншілесе, жүлделі бірінші орын - Астана қаласы Полиция департаментінің командасына бұйырды. 32 жасқа дейінгі жекелей біріншілікте ерлер арасында үшінші орынды – Астана қ. ПД қызметкері Нұрлан Байкенже, екінші орынды – Қарағанды облысының ПД қызметкері Бауыржан Абзал, бірінші орынды - СҚО ПД полицейі Олег Гурский иеленді. Нәзік жандылар арасында жекелей біріншілікте үшінші орынды – Қостанай облысының ПД Екатерина Деткова, екінші орынды – Астана қаласының ПД Нұрсәуле Дәуітқалиева, бірінші орынды СҚО ПД спортшысы полиция аға лейтенанты Лидия Логинова алды. Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен, грамоталармен, сондай-ақ құнды сыйлықтармен марапатталды.
Жүлдегерлерді, қатысушыларды және құрметті ардагерлерді құттықтай отыра, СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләлов, бүгінгі қазақстандық полицейдің кез келгені дене шынықтыру дайындығының мықтылығымен және төзімділігімен ерекшеленуі тиіс деді. Облыстық полиция ведомствосының басшысы ардагерлерге белсенділік танытқандары үшін алғыс білдірді, барлық қатысушыларға қызметте - табыс, спортта – жоғарғы жетістіктерге жетуді тіледі.

























СҚО ПД баспасөз қызметі
http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN
