ПЕТРОПАВЛДЫҚ БҮЛДІРШІНДЕР РОБОТ-ПОЛИЦЕЙЛЕРДІ ҚҰРАСТЫРЫП ШЫҒАРДЫ
«Алтын бесік» балабақшасының тәрибеленушілері өздерінің идеяларын IТ-зертхананың ашылуы барысында таныстырып, роботтардың «болашақтағы» қалада құқықтық тәртіпті нығайтуға қосатын үлесі туралы айтып берді.
Балабақша меңгерушісі Мәдина Дарбаеваның айтуынша, мектепке дейінгі аталмыш мекеменің тәрбиеленушілері робототехникадан өткен байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпаздары болыпты. Ал Наурыз мейрамы қарсаңында балабақшада STEM-зертхана ашылды. Оның алғашқы тақырыбы полиция саласына арналды. Арнұр Қаратай көше қиылыстарында жол қозғалысын реттейтін робот-полицейді құрастырып шығарған. Ал Тайыр Уәлиев жол үстінде апат орын алған жағдайда лезде көмекке келетін гироскутер мінген тәртіп сақшысын, Маруан Байзақ робот-көтергіш кранды таныстырды. Сондай-ақ, балалар эвакуатор-робот, броньды машиналарды, дрондарды көрсетті. Олардың айтуларынша, роботтар келешекте полиция қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетпек. Бүлдіршіндер полиция жұмысынан хабардар. Өйткені олардың әкелері құқықтық тәртіп органдарында қызмет жұмыс істейді. «Мен әкемдік мақтан тұтамын. Ол адамдардың тыныштығын қорғайды», - дейді кішкентай Зере Жантасова.
«Бұл – полиция департаменті мен мектепке дейінгі мекеменің бірлесіп жасаған жобасы. Оның басты міндеті балғындардың құқықтық санасын арттыру, полиция мамандығына құрметпен қарауға тәрибелеу. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында тәрбиеленушілер өздерінің идеяларын жүзеге асыру үшін біз осы жобаға қолдау көрсетіп отырмыз», - дейді СҚО ПД Тылдық қамтамасыз ету басқармасының бөлім бастығы полиция майоры Қазбек Ілиясов. Ол облыстық полиция басшылығының атынан алдағы уақытта балаларға зертхана жұмысында қажет болатын сыйлақтар табыс етті.
IТ-технологиялар, қызықты ойындар арқылы ұстаздар балаларды басқа да мамандықтарға құрметпен қарауға үйретпек ниетте. Сонымен бірге, балабақша тәрибеленушілері 3D форматында өз қолдарымен жасаған туындыларын көрсетті.









СҚО ПД баспасөз қызметі
http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN
