«ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫНЫҢ БІР КҮНІНДЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР 273 САУАЛҒА ЖАУАП БЕРДІ
Барлық сұрақ қаралып, білікті жауаптар берілді. Сұрақтардың көпшілігі автокөлік жүргізушілерінен келіп түсті. 38 адам көлік құралдарын тіркеу туралы, 43-і – жүргізуші куәліктерін беру немесе ауыстыру, 39-ы – айыппұлдарды төлеу тәртібі туралы сұрақтарымен жүгінді. Жиі қойылатын сұрақтардың бірі – көлік құралын қайта жабдықтау. Қайта жабдықтауға рұқсат алу үшін СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасына жүгіну қажет. Негізінен бұл сұрақтар автотюнинг жасағысы келетіндерді қызықтырды. Бірақ автобустарында жолаушылар отыратын орындықтар санын көбейткісі, көліктеріне газ құрылғысын орнатқысы келетін жүргізушілер тарапынан да сұрақтар болды. «Солтүстікқазақстандық көлік иелері бұл сұрақтарға жауапкершілікпен қарайды», - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковн…