kk
Default banner
Разное
426 450 постов45 подписчиков
Всяко-разно
0

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫ МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ КЕЗДЕСУЛЕР

2017 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Тоғызбаев Мұрат Алматы облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Алматы облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің департаменті Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көні-қон комитетінің халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады. Ол міндетті әлеуметтік сақтандыру, өз өкілеттіктері шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы зейнетақы саласындағы заңнамасының сақталуын, мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың, мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады, сондықтан аталған департаменті стратегиялық маңызды мемлекеттік орган болып табылады.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және қоғамда сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды құрықталуы көрсетілген бейнеролик қатысушылар назарына ұсынылды.

Осы бағыттағы кездесулер Алматы облысының Статистика департаментінде және «Жетісу Су Құбыры» ЖШС ұжымында, Заречный ауылындағы ЛА-155/14 мекемесінде жалғасын тапты.