ЕЛДІ МЕКЕН ТҰРҒЫНДАРЫ ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
мүшелері аудандық мәслихат депутаты Бақдаулет Құрманбекұлы Джумабеков және партия ардагері Қоштыбайұлы Бектас Берген ауылының тұрғындарымен кездесті. Б.Қоштыбайұлы Жолдауда айтылған міндеттер мен берілген тапсырмалар әсіресе әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас болатындығына және бала күтімі үшін төленетін төлемді 1,5 жасқа дейін ұзарту, Ұлттық қордағы қаржының 50%-ы 18 жасқа дейінгі балалардың есепшотына аудару тапсырмасы берілгендігіне аналар ерекше қуанатындығын айтты. Себебі, мұның бәрі халыққа жасалып отырған үлкен қолдау. Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы мазмұны жағынан бұрынғылардан ерекше. Жолдауда нақты міндеттер мен мақсаттар белгіленді. Яғни, ең алдымен құжатта адам мен оның мүддесіне басымдық берілген. Демек, Жолдау бәрінен бұрын қарапа…