ЖОЛДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ ТҰСТАРЫ ҚОЛДАУ ТАБУДА
ұйымының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауын насихаттау мақсатында жиын болып өтті. Жиынға Мәңгілік ел атындағы жалпы орта мектептің мұғалімдері, ауыл тұрғындары, партия белсенділері қатысты.
Жиында «AMANAT» партиясының мүшесі Е.Жиенбаев баяндама жасады. Е.Жиенбаев Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жасаған кезекті Жолдауында еліміздегі жүргізіліп отырған Конституциялық реформаның негізгі бағыты - саяси-әлеуметтік жүйені жаңғырту арқылы әділетті Қазақстанды құру екендігін айтты. Сонымен қатар, халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмысы төмен отбасылардың жағдайына көңіл бөліп, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайын жақсарту, шағын және орта бизнесті дамыту, макроэкономикалық жүйені тұрақтандыру, жаңа салық саясатын енгізу, білім мен медицина саласындағы атқарылатын басым бағыттарға тоқталып өтті.
Жиын соңында ауыл тұрғындары баяндамашыға Жолдаудың маңызды тұстарына қатысты сауалдар қойды. Тұрғындар ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың бастап отырған реформаларын қолдайтынын, жаңа Қазақсанды құруға ел болып жұмылуға дайын екендіктерін жеткізді.
