КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Конференцияда партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Е.Сағындық партияның саяси құжатына шолу жасап баяндама жасады. Сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Б.Байғараев: «АМАNАТ» партиясының жаңа Саяси тұғырнамасы толық ауқымды партиялық қайта құрудың бір бөлігі екенін атап өтті. Тұғырнама Адамның, Қоғамның және мемлекеттің үйлесімді дамуы, олардың өзара қарым-қатынасы принципіне құрылған. Партия мүшелерімен бірлесе жұмыс жасап, ең баға жетпес байлық – Тәуелсіздік, Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен егемендігінің мызғымастығын сақтау, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, ұлттық мәдениетті, руханиятты қалыптастыруға ерекше мән беру керектігін жеткізді.
Жарыссөзге шыққан партия мүшелері өз сөздерінде Әділетті Қазақстан құру идеясы төңірегінде топтасып, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жүйелі реформаларын қолдайтынын атап өтті.
Партия мүшелері партияның Саяси тұғырнамасының жобасын мақұлдады.
Конференцияның күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «АМАNАТ» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХLVI(46) конференциясына Созақ ауданынан тізім бойынша делегаттар сайланды.
Сондай-ақ, Созақ аудандық мәслихатының мәжіліс залында аудандық маслихат хатшысы Б.Байғараев партия мүшелеріне жаңа үлгідегі партиялық билеттерді тапсырды.
