«AMANAT AQYLMEN» ЖОБАСЫ АРЫС ҚАЛАСЫНАН БАСТАУ АЛДЫ
Түркістан облысында зияткер жастарды біріктіретін жаңа жоба іске қосылды. «AMANAT AQYLMEN» - ораторлық мәдениет пен азаматтық танымды дамыту, толеранттық тәртіпке баулу, жастар арасындағы қарым-қатынасты нығайту бағытындағы интеллектуалды ойын алаңы. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қолдауымен және «Jastar ruhy» жастар қанатының ұйымдастыруымен жобаның тұсаукесері Арыс қаласында өтті. Жиынға облыстық партия филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев, Арыс қалалық филиалдың Атқарушы хатшысы Бақтығали Ділдәбеков, аудандық мәслихат хатшысы Амантай Байтанаев, қалалық әкімдіктің аппарат басшысы Талғат Анашбеков, облыстық «Jastar ruhy» жастар қанатының төрағасы Жансерік Жұман және белсенді мүшесі Олжас Мамыр, қалалық «Жастар ресурсутық орталығы» КММ-нің басшысы Мөлдір Сарыпбеков…