Перейти к содержимому
Saurbekkyzy

Saurbekkyzy

На сайте с 16 апреля 2024 г.

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

100

постов

5

комменты

0

подписчиков

0

подписок

0

Қыз құндылығы « Қыздың құндылығын Құдайдың өзі көтеріп қойған»

Қыз – нәзік жаратылыс, өмір сәні, Алланың берген сыйы, сыры ашылмаған жұмбақ жан. Қыз деген – гүл. Ал гүлдің жайқалып, әлемге сән беруі бағбанға байланысты. Күтімі жөнді болмаған гүл солып, өңі кетеді. Міне, сол секілді уақытында күтіп, баптасаң жайқалып, шуағын шашады. Жалпы, қазақта қыз баланы «қонақ» деп сыйлаған, төрге шығарған, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай мәпелеп өсірген. Кішкентайынан бойына нәзіктік, көркем мінез бен парасаттылықты, пәктікті сіңіріп өсірген. Сонымен қатар тәрбиеге баулып қызға қырық үйден тыйым салған. Қыз баланың өзін-өзі ұстауына, тәлім-тәрбиесіне аса мән берген. Бірақ сол қатал тәрбие мен қыздарға арнап айтылған шексіз тыйымдардың кесірінен, қазақ менталитетіндегі жөнсіз түсініктердің қалыптасуы қыз баланы барлық заттан , мәдениеттен тыйылуына алып…

0
0
1170

Тарихы терең басылым

«Тарихты білмей болашақты болжау қиын».Талай дүлділдерді ұясынан қанаттындырып ұшырған,көлі мен ауасы жанға дауа ,менің туған жерім Торғай өлкесінің тарихы тереңде жатқаны бәрімізге мәлім.Қазіргі таңда Қостанай облысына қарасты бұл ауданның әл-ауқаты көз қуантарлық.Ахмет Байтұрсынов,Міржақып Дулатұлы,Шоқан Уалиханов,Ыбырай Алтынсарин сынды қазақ даласының қазығын қаққан ел азаматтарыда осы мекеннің суын ішіп,топырағын басып өскен азаматтар.Сол кезеңде осы кісілердің өмірі мен қызметін,ел арасында кең көлемде талқыға түскен мақалаларын жариялап отырған-Торғай газеті.Баспасөз тарихында таза қазақ тілінде жарық көрген ең алғашқы басылым Тургайская газетадан бастау алған.1879 жылы Орынборда ресми органы шығып,1895 жылдан бастап Тургайская газета деген атпен бөлімі шығарылды.Ғұмыры 15 жылға со…

0
0
376

Тегімді менің сұрасаң…

Жер ортақ, ел ортақ, тіл ортақ, тек ортақ. Шынымен, жасырары жоқ көпұлтты, көптілді мемлекетте өмір сүріп жатырмыз қазір. Зайырлы мемлекет екеніміз рас. Алайда, бостандыққа қол жеткізгенімізге 30 жылдан аса уақыт өтсе де, өз ұлтымыз өзгенің дегенінен шыға алмай келеді. Қанға сіңген әдет дейміз бе, әлде орыстың отаршылдығын алға тартып, кеңестік кезеңнің кесапатынан арыла алмай келе жатқандаймыз әлі күнге дейін. Әріден кетпей бүгінгі күнге назар салсақ. Кейбірі ойланар, кейбіреуіне бәлкім бәрібір – өз ата-тегінің дұрыс жазылмауы. Бізге көршілес мемлекеттердің бүгінде өз жазуы, өз тілі, өз мәдениеті қалыптасқан. Ал, біз анадан бір ұрлап, мынаның кебінін бір киіп осы күнге дейін өмір сүрудеміз. Оған дәлел, солтүстік-батысымыздан орын алып жатқан алпауыт мемлекет Ресейдің әлі күнге дейін үзбе…

0
0
463

Жақсы кино мен жаман киноның айырмасы

Кино өнердің ең қымбат түрі. Оның үлкен ақшаға түсірілуі даусыз, әрі заңды. Бірақ әңгіме қандай ақшаға емес, қалай түсіргенінде. Егерде жақсы түсірілсе, қандай ақша кеткені маңызды емес. Талғамға талас жоқ деп қоямыз, дегенмен соншама қаржыға түсіріліп жатқан кинолардың деңгейін, сапасын, түсіне білу өте маңызды. Енді осы жерде сұрақ туады. Жақсы кино мен, жаман киноның айырмашылығы қандай? Кино миллиондаған халыққа ұнап, касса жинап жатса, ол жақсы кино деген сөз ба? Ол тек, жақсы тәсілдермен түсірілген кино. Ал шын мығынасында кино бұл – тұтас әлем, өмір. Онда тыныс тіршілік, табиғилық, әр сөзінде қарапайымдылық пен үлкен философиялық мән қатар жүретін, сондай бір мәдени, мағнауи нәрсе болуы керек деп ойлаймын.Сұраққа әлі ораламыз. Алдымен Қазақстан кино тарихын бір шолып өтейік. Сонау…

0
0
352

Таным теориясының түрлері тұрғысынан қазақ дүниетанымына талдау

«Таным деген не?», «Білімді қалай алуға болады?»деген мәселелер төңірегінде ойлана отырып, адам сонау ежелгі заманда-ақ өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінген. Уақыт өте келе бұл мәселенің саналы қойылуы және оны шешуге тырысуы салыстырмалы тәртіпті пішін алып, сол кезде білім туралы ілім қалыптасты. Философтар таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғай бастады. Гносеология — айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis —білім, таным) философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға «таным субъектісі» мен «…

0
0
1134