Yvision.kz
kk
Default banner
Общество
Общество
6 753 постов967 подписчиков
Будь в курсе того, что происходит в Казахстане!
0
15:36, 17 апреля 2024

Тегімді менің сұрасаң…


Жер ортақ, ел ортақ, тіл ортақ, тек ортақ. Шынымен, жасырары жоқ көпұлтты, көптілді мемлекетте өмір сүріп жатырмыз қазір. Зайырлы мемлекет екеніміз рас. Алайда, бостандыққа қол жеткізгенімізге 30 жылдан аса уақыт өтсе де, өз ұлтымыз өзгенің дегенінен шыға алмай келеді. Қанға сіңген әдет дейміз бе, әлде орыстың отаршылдығын алға тартып, кеңестік кезеңнің кесапатынан арыла алмай келе жатқандаймыз әлі күнге дейін. Әріден кетпей бүгінгі күнге назар салсақ. Кейбірі ойланар, кейбіреуіне бәлкім бәрібір – өз ата-тегінің дұрыс жазылмауы. Бізге көршілес мемлекеттердің бүгінде өз жазуы, өз тілі, өз мәдениеті қалыптасқан. Ал, біз анадан бір ұрлап, мынаның кебінін бір киіп осы күнге дейін өмір сүрудеміз. Оған дәлел, солтүстік-батысымыздан орын алып жатқан алпауыт мемлекет Ресейдің әлі күнге дейін үзбейтін сабақтастығы бар Ол – тілі. Тіпті, өз тілін бүкіл әлемге кіргізіп үлгерген де мемелекет. Қазақстанда орыс тілі ресми тіл ретінде қолданылады. 2021 жылғы деректерге қарағанда Қазақстанда халықтың 53 пайызы ғана қазақша сөйлеп жаза алады. Бұл туралы Алтынбек Нухұлы айтқан болатын. Енді өзінің ойлай беріңіз, еліміздің жарты бөлігін орысша ойлап, орысша жазатын адамдар алып отыр. Демек, олардың фамилиялары да ов, ев деген тіркеске жалғанғаны анық емес пе? Расымен біз әлі күнге орыстардың құлы емеспіз бе деген сұрақ мазалайды осы тұжырымнан кейін.

Фамилия жөнінде тағы да, түріктердің тікелей ұрпағымыз дейміз. Алайда, қазақ деген мемлекет құрғанымыз тағы бар. Түріктердің бүгінде ұлттық өмір сүру бағыты бар. Біріншіден, жазуы бар. Орыстың не шет елдің кірме сөздерінсіз, кирилицаны иеленбеген, өзіндік жазу дағдысын қалыптастыра алған ел. Ал, фамилия жөнінде “оғлы” жалғауы жалғанса, оның түрік екенін бірден байқаймыз. Осы секілді ұлттық фамилиясы қалыптасқан мемлекеттер қаншама, мысалы О, Те, Ни, Пак сынды қысқа ғана фамилия кәріс ұлтына тән болса, дзе, швили жалғаулары грузинше ұлы, қызы деген мағынаны бере алады. Ал бізде ше?


Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің 1996 жылдың 2 сәуіріндегі №2923 Жарлығының 1-тармағында:
«Ұлты қазақ азаматтар өздерінің тегі мен әкесінің атының жазылуын қазақ тіліне тән емес аффиксті алып тастай отырып, өзгертуге хақылы, алайда тегі мен әкесінің атының түбірлік негізі сақталуы тиіс. Бұл ретте әкесінің атын жазған кезде азаматтың жынысына қарай «ұлы» немесе «қызы» сөздері қосылып, бірге жазылады» делінсе, «Неке және отбасы туралы» заңның 28-бабында: «Тууды тіркеу кезінде ұлты қазақ азаматтардың аттарын, әкелерінің аттарын және тектерін мына төмендегі үш мүшелік антропонимдік белгілеу жүйесі: аты, әкесінің аты, тегі бойынша дұрыс жазуға және айтуға назар аудару керек. Мұнымен қатар азаматтардың қалауы бойынша қазақтардың тектері мен әкелерінің аттарын жазу кезінде қазақ тіліне жат – ов, – ев, – ова, – ева, – ин, – и, – ины, – на, – овна, – евна, – ович, – евич жұрнақтары алынып тасталып, олардың орнына «ұлы, қызы» жалғаулары бірге қосылып жазылады» делінген. Қаулы бар, алайда орындаған үкімет бар ма? 96 жылдан бері 27 жыл өтсе де, 2 танысымның әйтеуір біреуінің фамилиясына ов жалғауы жалғанған. “Өз аты-жөнімді қалай жазсам, өз еркімде” дейтін адамдардың да саны аз емес, Қазақстанда. Алабажақ фамилияны иеленіп, не ұлтын, не жынысын, не кімнің ұрпағы екенін білмейтін халге жетеміз бұл түрімізбен. Ал, соңғы жылдары баспасөз беттерінде аты-жөн жазудың 20 ға жуық түрі табылған екен. Бұл тек газет-журналдарда деп есептесек, таныс емес қазақ деген атамның балаларының фамилиясы қалай болуда?

Ал, бұл мақаланы жазудағы негізгі мақсат қандай? Тек деген сөздің өзі арғы ата бабамыздың кім болғанын көрсетері хақ. Ал сол ұлтымыздың кім болғанын білдірер де біздің “тегіміз” яғни фамилиямыз. 4 түрлі объектінің басын құрастырған заңымыз ата-тегімізді айқындай ма? Осы тұрғысында алдыңғы апта өткен сабағымыздың негізгі тақырыбы да осы болмақ. Миға шабуыл болған кенеттен қойылған сұрақтың жауабына абдырап қалғанымыз да бар. Біреудің құлы екенін айқындайтын орыстың “ов, ова” деген сынды жалғауды біз әлі күнге дейін өз тегімізде қолданып келеміз. Бұл бірінші. Екіншіден, қазақша тегі деген түсініктен де ары асып кете алмағанымыз да айқын. Ал бұл сөздің негізгі мағынасы - арғы ата тегімізді пайымдайды. Егер біз тегі деген тіркеспен өз фамилиямызды астастырсақ, біз атамыздың алдынан шығып, оның тегі екенімізді көрсетіп кетеді. Бірақ, бұл ойды алып тастап, өз тегін осылай жазып жүргендер де біршама. Ал үшіншіден кімнен екені белгісіз еш жалғаусыз тегімізді де жазатын болдық. Осы текке келісе отырған едік студенттермен, алайда ағайдың қойған сұрағынан кейін де күдік ұялағаны рас. Ол сұрақ : “Жақсы, бұл сенің фамилияң енді жынысы кім?” деді. Шынымен журнал бойынша жазылған тегімізде Фамилиямыз бар да атымыз қысқартылған. Оның не ұл не қыз екені белгісіз. Сонымен, төртіншіден, тек кімнің ұлы не қызы екенін білдірер тіркестерді де заңнамаға енгізген. Бірақ ол келесі ұрпаққа жалғаса ма? Осы тұрғысында Замансөз пәнінен беретін Сағатбек ағайымыздан сұрағанда “Шығармашыл адамдар секілді біз де өз тегімізді былайша үлгіде келтіруіміз керек, яғни аты, әкесінің аты соңынан тегі кетсе”-, деген ұсыныс тастады ағайымыз. Алайда, мемлекеттік құжаттардың стандартын бұзатынымыз анық. Енді бұл сабақты қортындылай келе, ағайымыз өз мақаласында мынадай ұсыныс тастапты. “Фамилия аяқталған, нақты мағына беретін сөзден жасалуы тиісті. Қазақ тіліндегі Шығыс септігінің жалғаулары «тан», «тен», «дан», «ден», «нан», «нен» деп тақ-тұқ етіп тұрған жоқ па? Мұндай септікті орыс тілінде таба алмайсыз”. -деген екен. Яғни менің аты жөнім келесідей жазылуы тиіс дейді ағай: Жұмаштан Сара Нұркелдіқызы. Басында құлаққа үрпідей тиген бұл сөздер, кейіннен үйреншіктіге айналғаны рас. Ал, белгілі журналист Қанат Әуесбай, Әуесбайдың Қанаты деп жұртқа танылып жүр. Өзінің фамилиясын дұрыс көрген журналист, бұл тұжырымын қайдан алынғанында жеткізді. Дың» нұсқасын өзім ойлап таптым деуден аулақпын. Менен бұрын бұл жалғауды Алаш­тың зиялылары қолданған. Мә­селен, қазақтың айтөбел ақыны Қасым Аманжол «Өзім туралы» өлеңінде: «Аманжол Ра­қым­жанның Қасымымын, Мен қалған бір атаның ғасырымын» деп тебі­ренеді. Кейінгілерден Әбдіраштың Жарасқаны да аты-жөнін атаудың осы формасын қо­­лай көрген. Сол дайын нұсқаны пай­даланушы ға­намын. Алғашында «Әуесбай­дан Қанат» деп айтып көрсем деп ой­лағанмын. Бірақ «Әуесбайдың Қанаты» болу мағы­насы жағы­нан әдемі үйлесім тап­қасын осы нұсқаға тоқтадым. -, деген елі өз сөзінде. Осы ойға тоқтала келе, фамилия мәселесі әлі де алға жылжыры хақ. Өз ұлтымызды айқындайтын тегімізді қалай ұлттық фамилияға айналдырамыз деген сұрақ көкейде тұратыны да рас. Алайда, тек сұраумен жүре беру де әбестік. Сондықтан журналист ретінде тек айтып қана қою жеткіліксіз, іске көшу керек дәл қазір.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ , Журналистика факультетінің 3 курс студенті: Жұмаш Сара

Жетекші: Н.Б.Рушанова , аға оқытушы

0
201
0