«Жаралы сезім" картинасы жалғасын тапты
Күні кеше Алматыда көпшіліктің жүрегінен орын тапқан «Жаралы сезім 2» фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Жиынға өнер адамдары, блогерлер мен журналистер және арнайы шақырылған қонақтар қатысты. 2007 жылы шыққан «Жаралы сезім» киносындағы Қанат пен Арайдың арасындағы махаббат сезімі, жүректі тебіренткен тіркес ретінде есте қалғаны жасырын емес. араға 17 жыл салып режиссер Еркін Рақышев фильмнің екінші бөлімін көпшілікке ұсынуды жөн көріпті.Сіздерге қызықты болуы үшін аздаған ақпарат бее кетсек, алғашқы бөлімде Қанат пен Арай арасындағы махаббатқа арналса, бұл жолғысы балалары Азаматтың өміріне арналыпты. Спойлер болмасын арғы жағын өздеріңіз көрерсіздер. Азаматтың ролін сомдайтын жас актер - Абай Мәжит өзінің кейіпкерін сәтті алып шықты деуге болад. Сендіре алды. Кәсіби актер екені байқалып…
