Дәрігер немесе халық емшісі: алматылықтар ағза тазалаудың қай әдісіне жиі жүгінеді?
Шыны керек, қазіргі кезде адамдардың көбісі дұрыс емес өмір салтын ұстанады: майлы тағамдарды тұтынып, газды сусындарды ішетіні жасырын емес. Соның әсерінен ұйқы режимін бұзып алады, аз қозғалады, ал мұның барлығы ағза үшін аса зиян. Біздің денеміз күн сайын көп стрессті бастан кешіргендіктен ағзамызға көптеген аурулардың үйір болары анық.

Суретте: гельминтолог дәрігер Умурзакова Клара Сарсенхановна
Егер сіз таңертең келесі белгілерді байқасаңыз: аузыңыздағы жағымсыз иіс, бастағы ауырлық, бозару және көздің астындағы көгеру, денеңізге бөртпелер шығу, тері аурулары және т.б. болса онда сізге денсаулығыңыз туралы ойланған абзал. Тіпті, ешқандай белгілер болмаса да дәрігерге профилактикалық мақсатта бару мүлдем артық болмайды.

Қазақстандықтар соңғы кезде ағзаны тазалау үшін емдік шөптер, смузи немесе медициналық жағынан емдеу әдісіне көп жүгінетін болған. Дәрігерлер халық емшілерінің айтқанына еремін деп, денсаулықты одан бетер құртып алу мүмкін екенін айтады. Ал Алматылықтар ағзаны токсиндер мен шлактардан шығару үшін қандай әдістерге жүгінеді екен бірге білейік.

Алматы қаласында ағзаны емдеу, шлак пен токсиндерден тазартуға байланысты орталықтар жетерлік. Дегенмен, соның ішінде медициналық лицензиясы бар және ағзаны толығымен емдейтін орталық жоқтың қасы десе де болады. Жақында біз, "Очищение организма" атты орталықта болып, ішкі тыныс тіршілігімен танысқан болатынбыз. Ондағы мамандар соңғы кезде ағзасын тазартқысы келетіндер көбейгенін айтады.

Суретте: инфекционист дәрігер Абильдаева Фарида Курманалиевна
Бізге пациенттер өте көп келеді. Шлак деген не? Токсиндер неден пайда болады? Әдетте, оған көптеген факторлар әсер етеді. Дұрыс тамақтанбаудан бастап өттің толып қалуына дейін ағзаны ластайды. Жылына кемінде бір рет өтті тазалап тұру, ағзаны шлак-токсиндерден арылту пайдалы. Оның түрлі жолдары бар. Ал, мен дәрігер ретінде медициналық жолмен тазалауға кеңес беремін. Біздің орталыққа келіп емделіп, дертінің шипасын көрген пациенттер бір-біріне өз нәтижесін бөлісіп жатады. Сондықтан да болар бізге келетін пациенттер қатары күннен-күнге көбеюде.

Ал бұл медициналық орталықта тек ағзаны тазалаудың үздік әдістері қолданылады дейді қызметкерлер. Мұнда анализдер алу, клизма, тюбаж сынды қызметтерді ұсынады. Нәтижесі науқастардың көз алдында. Ағзаларынан шығатын түрлі паразиттерді көргенде кейбірі шошып жатады. Айжан Скатова ішек жолдары мен қанын тазарту үшін Бақанастан арнайы келіпті.

Ақ халаттылар болса түрлі таблетка, смузи, шөп дәрілерді ішіп, детокс-бағдарламаларды қолданбастан бұрын, дәрігерге қаралу керек дейді. Тәжірибелі ағзаны дұрыс тазаламаса, салдары қауіпті болуы мүмкін екенін айтады.

Егер сіз дәрігерге бармасаңыз ағзаңызда болып жатқан проблемаларды білмейсіз. Ал әр жерге бір барып тазалау үлкен залалын тигізуі әбден мүмкін. Әсіресе, науқастар алдын ала тексерістен өтпей жатып, өз бетімен түрлі дәрілерді қабылдаса, ол өте қауіпті.

Суретте: лаборант, аға медбике Шпекова Айгуль Толегеновна
Диетологтар дұрыс тамақтанбау мен ағзада шлактардың көп болуы семіздікке әкеледі дейді. Алайда, арықтаймын немесе зиянды заттардан арыламын деп жүріп сау жеріңізді құртып алуыңыз ғажап емес екенін ескертеді. Сондықтан, медицина құптаған жолды таңдау біздің жауапкершілігімізде.

Ағза сау болу үшін оны тазартып тұрған абзал. Ол үшін табандылық пен шыдам керек. Көпшілігіміз ем қабылдауда енжарлық танытатынымыз жасырын емес. Ауырған кезде ғана болмаса, өз еркімізбен дәрігерге қаралып, аурудың алдын алу дегеннен алыспыз. Өз уақытында ағзамызды артық заттардан тазартып, асқазан-ішектерді жуып тазартып тұрсақ, кез келген аурудың алдын аламыз. Негізінде ағзаны жылдың кез келген мезгiлiнде тазалауға болады. Сондықтан, Алматыда осындай орталық бар екенін біле жүріңіз, оқырман!

Біздің зиян тағамдар мен фастфудтарды жеуіміз, шамадан тыс тәтті қолдануымыз, кейде тіпті синтездік қоспалары барын да, көптеген дәрі-дәрмектері ішуіміз, сондай-ақ жиірек кездесіп жататын артық тамақ жегеніміздің салдарынан, ағзамыз бұндай ауыртпалықтармен өзі күресе алмай жатады. Сондықтан, ағзаңызды реттеуді ұмытпаңыз.

Сапалы түрдегі ағзаны тазарту кезінде, ағзаға зиян болатын нәрсенің түспеуін және түскен нәрсенің ағзадан шығуын қадағалау керек және ағзаны қажет болған заттармен және ағзаға жетіспейтін (дәрумендер, минералдар және т.б.) нәрселермен байыту қажет. Осы очищение организма орталығы қалай дұрыс тазарту керек екендігін толығымен көрсетеді.

Толық мекен жайы: Анет баба көшесі, 16
Алтын бесік ықшам ауданы, Әуезов ауданы.
#Очищениеорганизма
#ОчищениеорганизмаАлматы
#ағзанымедициналықжолментазалау
