kk
Default banner
Общество
Общество
6 933 постов978 подписчиков
Будь в курсе того, что происходит в Казахстане!
0

ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛІ «ЕТІК КИГЕН МЫСЫҚ» ЕРТЕГІСІ ҚУЫРШАҚ театрында

Әйгілі Мемлекеттік қуыршақ театры «Чемпион» қойылымының премьерасынан кейін араға көп уақыт салмай көрермендерін тағы бір ерекше қойылыммен қуантпақ! Әлем әдебиетінде ойып орын алатын балаларға арналған туындылардың авторы Шарль Перроның ең әйгілі «Етік киген мысық» ертегісінің желісі бойынша сахналанатын қойылым 28-29 ақпан күндері кішкентай көрермендерге жол тартты.



Аталмыш ертегі XVII ғасырда жазылғанымен, бірнеше ғасырлардан кейін ғана кеңінен таралғаны белгілі. Бүгінде мультфильм және театр сахналарында түрлі нұсқада көрініс тауып балалардың сүйікті ертегілерінің біріне айналған туынды қуыршақ театрында тұңғыш рет жаңаша бағытта түрленді.



«Етік киген мысық» ертегісінде диірменші әкеден қалған мұраға көңілі толмаған еріншек әрі енжар кенже ұлдың ақылды да айлакер мысықтың арқасында қарапайым диірменші баласынан беделі биік маркизге айналуы жолындағы таңғаларлық оқиға баяндалады.Алғыр мысық қожайынын маңғаз мырзаға айналдырып қана қоймай, Патшаның алдында сый-құрметке ие етіп, айдай сұлу Ханшайымға үйлендіріп, тіпті, Кісіжегіш сиқыршыны айламен жеңіп, зәулім сарайға жеткізеді. Еліктірер сюжет пен тартымды атмосфераға ие қойылым сан қырлы кейіпкерлерімен көз тартып, көңілді ойындар, тебірентерлік әндерімен баурап көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлайды.



Өзгеше сарынымен, ерекше қуыршақ түрлерімен айрықша қойылымның инсценировка авторы, режиссері, хореографы Мәдениет саласының үздігі, театр және кино артисі Болат Момынжанов, суретшісі Юлия Чернова, композиторы Гафиатуллина Зарина.



Қойылымда етік киген мысық және оның қожайынынан бөлек, Карабас, Бубей патша, ханшайым, аспазшы, сиқыршы сынды кейіпкерлер бой көрсетеді. Сонымен қатар, тросты, планшетті, бойлы, жазық қуыршақ түрлері болмақ.



Ендеше, алдағы уақытта адалдық пен шыншылдыққа, көркем мінез бен еңбекқорлыққа баулитын «Етік киген мысық» премьерасынан қапы қалмаңыз, құрметті көрермен!