ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ СТЕНД АТУДАН АЗИЯ КУБОГІ МЕН КОМПАКТ-СПОРТИНГТЕН АШЫҚ АЗИЯ КУБОГІ өтіп жатыр
2024 жылғы 20-30 қыркүйек аралығында Алматы облысы Александр Асанов атындағы ату клубында Стенд атудан Азия Кубогі, сонымен қатар 21-24 қыркүйек аралығында Компакт-спортингтен Ашық Азия Кубогі өтеді, аталған жарыстарға 23 елден 300-ден астам спортшы қатысуда!Сурет: https://olympic.kz/ru сайтынан алынды Азия Кубогінде Азия құрлығының 15 елінен 200-ден астам спортшы қатысуда: Бахрейн, Үндістан, Иордания, Иран, Катар, Қытай, Сауд Арабиясы Корольдігі, Кувейт, Қырғызстан, Ливан, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан, Жапония. , Қазақстан. Компакт-спортингтен Ашық Азия Кубогінде әлемнің 10 елінен 100-ден астам спортшы қатысуда: Әзірбайжан, Беларусь, Венгрия, Вьетнам, Латвия, Литва, Ресей, Қазақстан. Жарыстың ресми ашылу салтанаты 21 қыркүйек күні А.Асанов атындағы ату кешенінде өткен болатын.Жар…
