Қазақша дубляжға қолдау қажет немесе веномдар несімен таңқалдыра алады?
Танымал туындыларды қазақша сөйлеткен әлемдік студиялар қатары толықты. Disney мен Pixar студияларының қазақ тілін қолдау бастамасын Sony Pictures компаниясы жалғастырды.

24 қазаннан бастап «Веном. Соңғы би» (Venom: The Last Dance) фантастикалық экшн туындысы кинотеатрларда қазақ тілінде көрсетіле бастайды. Әлемдік үздік фильмді «Қазақ тілі» қоғамының ұсынысымен Sony Pictures өз қаражатына аударып, дубляждады.

MARWIN/Меломан бас директоры Вадим Голенко
Голливуд студиялары қазақ тілінің дамытуға белсенді үлес қосып жатқаны біз үшін өте маңызды! Биыл Қазақстанның үлкен экрандарына жаңа «Веном: Соңғы би» блокбастерін шығарамыз. Дыбысталған фильмдер тек көңіл көтермейді, сондай-ақ олардың орасан зор танымдық әлеуеті бар! Елестетіп көріңізші: сүйікті суперқаһармандар сізге жақындай түседі! Веномның өзі ана тіліңізде сөйлейді. Бұл ғажап қой!

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы
Қазақ тіліне аударылып жатқан фильмдерді кеңінен насихаттап, кинотеатрларға барып, қазақ дубляжын қолдауға шақырамыз. Әлемдік студиялардың қазақтілді ортаның қызығушылығын ескеріп, туындыларын өз есебінен аударып, ұсынуы – біз үшін өте жақсы жаңалық. Биылғы әлемдік премьералардың қазақ тіліндегі аудармасы бұрын соңды болмаған рекордтық көрсеткіштерге жетті. Қазақша кино қарауға ықыласты қауымның көбейгені анық байқалды. Алдағы уақытта танымал туындыларды қазақ тіліне аудару дәстүрі жалғаса береді. Бұл тіліміздің, әсіресе, балалар мен жастар үшін тартымдылығын арттыруға және кеңінен таратуға бағытталған тиімді тәсіл деп санаймын.
Қазақ тіліндегі дубляжды қазақстандық Movie Dalen дубляж студиясы жасады.
Қазақ тіліндегі ресми трейлер: қазақ тіліндегі трейлерді көру
Орыс тіліндегі ресми трейлер: орыс тіліндегі трейлерді көру
(Видеоны онлайн-ресурсыңызға қою функциясы (embed) арқылы орналастыра аласыз)
Бұған дейін Disney, Pixar сынды халықаралық студиялар әлемдік танымал туындыларын өз есебінен қазақ тіліне аударып, кәсіби дубляж жасады. «Ойжұмбақ 2» фильмі алғашқы 4 күнде 40 000 000 теңгеден астам қаражат жинап, бұған дейін көрсетілген туындылар арасында рекорд орнатты. Қырғызстан, Армения, Грузия, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан елдері арасында Қазақстан жиналған сома бойынша бірінші орында тұрды.
«Веном: Соңғы би» фильмінде Том Харди Веном рөлінде оралады. Трилогияның соңғы бөлімінде Эдди мен Веном қашуға мәжбүр болады. Дұшпандары Жерде де, басқа әлемдерде де қыр-соңдарынан қалар емес. Жаулар шеңбері тарылғандықтан, олар тағдыр өзгертетін шешім қабылдауы керек. Бұл олардың соңғы биі болуы мүмкін…
Режиссёр: Келли Марсел.
Басты рөлдерде: Том Харди, Чиветель Эджиофор, Джуно Темпл, Рис Иванс, Пегги Лу, Аланна Юбак, Стивен Грэм.

Расымен де, “Веном: Соңғы би” фильмінің қазақша дубляжы қалың көрерменге жол тартып үлгергені қуантарлық жағдай. Әлбетте, бұл туынды сіз бен біз үшін ерекше болмақ.
Айтпақшы, мен бұл премьераны күні кеше ғана алдын ала көрсетіліме барып тамашалаған жайым бар. Сонымен, маған не ұнады?
- қазақша дубляж әдемі-ақ! Актерлар өз табиғатына сай жақсы іріктелген, диалогтар өмірден алынған. Кәдімгі күнделікті өмірде қолданылатын ауызекі сөздерді аудитория жақсы қабылдап, арасында тіпті күліп отырғанын байқадым.
Веном сияқты суперқаһармандар туралы фильмдерді қазақ тіліне дубляждау маңызды екені айтпаса да түсінікті шығар. Десе де, қазақша дубляж нарыққа толықтай еніп, коммерциялық мақсатқа ие болуы үшін барлығымыз атсалысуымыз керек.
Кино нарығын зерттеп жүрген маман ретінде айтайын, жалпы кинопрокатта көрсетілімнің алғашқы аптасы аса МАҢЫЗДЫ. Өйткені, картинаның арғы қарайғы" тағдыры" осы бастапты аптаға тікелей байланысты. Әдетте, кинотеатрлар желісі соның нәтижесіне қарап, екінші аптаның кестесін құрады. Сондықтан, БҮГІННЕН бастап кинотеатрларда қазақ тілінде дыбысталған “Веном: Соңғы би” фильмін көруга асығайық, достар! Күш — бірлікте!
#Қазақшадубляж
#веномсоңғыби

